Техника

Техника

Машинааралық өзара әрекеттестік құрылғыларына (M2M) арналған тарифтік жоспар

шектеусіз интернет (жылдамдық секундына 64 кб-тан аспайды)

790 теңге

әр 30 күн сайын

Абоненттік төлемде қамтылмаған қызметтер

аctiv/Kcell желісі ішіндегі шығыс байланысы (мин)

ҚР бойынша басқа ұялы операторларға шығыс байланысы (мин)

ҚР бойынша қалалық нөмірлерге шығыс байланысы (мин)

activ/Kcell — ге SMS/MMS (хабарламаға)

ҚР бойынша басқа ұялы операторларға SMS (хабарламаға)

Әрқашан байланыста

9 тг

14 тг

18 тг

7 тг

14 тг

0 тг

Толығырақ

Тарифтік жоспарды қосу амалы

Тарифтік жоспарға тиісті жазбаша өтінішпен Kcell Center/Kcell Store-ға хабарласу арқылы қосылуға болады.

Егер Тарифтік жоспарды қосқан мезетте Абонент теңгерімінде абоненттік төлемді төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, Тарифтік жоспар қосылады, бұл ретте қызметтерді тарифтеу тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлеммен қамтылмаған қызметтерге арналған тарифтер бойынша жүргізіледі.

Тарифтік жоспар бойынша ызметтердің бонустық көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.

Абоненттік төлем қалай және қашан алынады, абоненттік төлем алынбағанда қолданылатын шарттар

Абоненттік төлем Тарифтік жоспарға қосылған кезде Абонент теңгерімінен толық мөлшерде, содан кейін қосқан/абоненттік төлем алынған күнді қоса, әр 30 күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін жеткілікті оң теңгерім болғанда алынады. Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, онда теңгерім 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және Тарифтік жоспар бойынша қызметтер келесі белгіленген абоненттік төлемнің алынуына дейін ағымдағы тарифтеу кезеңінде пайдалану үшін Тарифтік жоспар талаптарына сәйкес көлемде ұсынылады.

Тарифтік жоспар бойынша шектеусіз мобильді интернет абоненттік төлем табысты алынған жағдайда ғана, үйлесімділік талаптарына сәйкес қосу/абоненттік төлем алу күнін қоса, келесі белгіленген абоненттік төлем алынатын тәулік басталғанға дейін 30 күн жарамды болады. Шектеусіз мобильді интернет роумингте қолданылмайды, Тарифтік жоспар өшірілген кезде өшіріледі. Шектеусіз мобильді интернет абоненттік төлем құнына қосылған.

Мобильді интернетке қолжетімділік берілетін жылдамдық 64кбит/сек аспайды.

Абоненттік төлем алынбаған жағдайда Мобильді интернетті тарифтеу бір сессия шегінде берілген шығыс және кіріс интернет-трафиктің сомасы - 11тг/МВ бойынша жүргізіледі.

2G/3G желілерінде бірінші ашылған интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісінде тіркеген кезде интернет-трафик, ал ол болмаса - теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафиктің немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ «Мобильді интернет» қызметінің парағынан танысуға болады.

Қосымша қызметтер

Тарифтік жоспардың абоненттері «Онлайн», «Интернет+», «Жылдық интернет+» қызметін қоса алмайды. Тарифтік жоспардың абоненттері 150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS қосымша топтамасын пайдалана алады *888*2#.

Тарифтер ҚҚС есепке ала отырып, теңгемен көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында Компанияның қамту аймағында қолданылады. Шығыс қоңырауларын тарифтеу қадамы – 1 сек. Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1 КБ.

Роумингте Қызмет Компанияның ресми интернет ресурсында ұйғарылған роуминг тарифтері бойынша ұсынылады. Жоғарыда көрсетілмеген және Абонент пайдаланатын Қызметтер осындай қызметтерді пайдалану кезінде қолданылатын тарифтер бойынша тарифтеледі.

Маңызды!

Бұл тарифтік жоспар машинааралық әрекеттестік құрылғыларында пайдалану үшін ғана арналған.

Абонент тарифтік жоспарды және тарифтік жоспар шеңберінде ұсынылатын қызметтерді машинаарылқ әрекеттестік құрылғыларында ғана пайдалануға міндеттеледі.

Тарифтік жоспармен ескерілген байланыс қызметтерін машинааралық әрекеттестік мақсатында емес және SIM-картаны машинааралық әрекеттестік жүргізуге арналмаған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларында пайдаланған жағдайда Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес абоненттік құрылғыны тіркеуге міндетті.