Қуаныш

Қуаныш

Назар аударыңыз! 14.01.2021ж. бастап тарифке өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған шарттар 14.01.2021ж кейін тариф бойынша абоненттік төлемнің кезекті алынған кезінде қолданылатын болады.

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар — шектеусіз

2590 ₸

ай

Интернет-трафик

ҚР басқа ұялы операторларына қоңыраулар

6GB

60 минут

Толығырақ

Артық шығынсыз ыңғайлы ретте онлайн оқыңыз!

Сіз Қазақстанның білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізе аласыз. Лимитсіздікті тариф бойынша абонтөлем алынған жағдайда автоматты түрде пайдалануға болады.

ҚР БҒМ мақұлдаған Интернет-ресурстардың тізімі мына жерде.

Қол жеткізу жылдамдығы 1.5 Мбит/сек аспайды.

Назар аударыңыз, төменде аталған жағдайларда шектеусіз қолжетімділік берілмейді және интернет-трафик интернеттің қосымша топтамасының немесе интернет-қызметтің тарифі бойынша тарифтеледі (олардың қосылған жағдайында).

  • WhatsApp, ZOOM, Skype, Microsoft Teams және бейнеконференциялардың басқа да мессенджерлері мен сервистерін пайдаланған кезде, егер олар тарифтік жоспарыңызда шектеусіз қолжетімді болмаса;
  • Google Play, App Store қолданбаларын жүктеген кезде;
  • сілтемелер арқылы басқа ресурстарға, оның ішінде баннерлік жарнама арқылы өткен кезде;
  • техникалық трафикті, приваттық қарау режимінде, VPN-арналарын, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді пайдаланған кезде

*166*1*9# теру немесе 166  нөміріне 9 мәтінімен SMS жіберу

Сондай-ақ жеке кабинетте, Менің activ қолданбасында немесе Kcell/activ дүкендерінде қосылуға болады.

Егер қосылу кезінде теңгерімде абоненттік төлемді алуға қаражат жеткіліксіз болса, Тарифтік жоспар қосылады, бұл ретте қызметтерді тарифтеу тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша жүргізіледі. Тарифтік жоспар бойынша қызметтер көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!  Егер ағымдағы тарифтік жоспарыңыз бойынша қызметтер топтамасы ескерілген болса, тарифтік жоспар ауысқан кезде ол нөлдендіріледі.

Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем оған қосылған кезде толық көлемде алынып, содан кейін айына бір рет, күнтізбелік айдың бірінші күніне қатыссыз, алдыңғы айдағы абоненттік төлемді алу күніне сәйкес күні алынатын болады. Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, онда теңгерім 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толтырылғанда абоненттік төлем толық көлемде алынады және тарифтік жоспар бойынша қызметтер келесі белгіленген абоненттік төлемнің алынуына дейін ағымдағы тарифтеу кезеңінде пайдалану үшін тарифтік жоспар талаптарына сәйкес көлемде ұсынылады.

Абоненттік төлемнің дұрыс алынуы үшін теңгерімді сағат 00:00 дейін немесе 02:00 кейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) толықтырған жөн.

Тарифтік жоспар бойынша қызметтердің топтамасы абоненттік төлем табысты алынған жағдайда ғана беріледі. Минуттар, МВ үйлесімділік талаптарына сәйкес қосу/абоненттік төлем алу күнін қоса, келесі белгіленген абоненттік төлем алынатын тәулік басталғанға дейін бір ай  жарамды, роумингте әрекет етпейді, тарифтік жоспарды өшірген кезде нөлденеді.

Абонент тарифтік жоспар бойынша өзінің қызметтер топтамасының жұмсалуын өз бетінше қадағалап, оның берілуін өз бетінше тексереді.

Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатып, мобильді деректерді қосуға кеңес береміз. Мобильді деректерді өшіру немесе «авиарежим» таңдап, содан кейін интернетті пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«авиарежим» өшіру қажет.

2G/3G желілерінде бірінші ашылған интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісінде тіркеген кезде интернет-трафик, ал ол болмаса - теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафиктің немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ  «Мобильді интернет»  қызметінің парағынан танысуға болады.

Тарифтік жоспар бойынша абонтөлем алынбағанда және теңгерімде 70 теңге немесе одан көп болғанда, күнделікті топтама қосылады 1000МВ+ activ/Kcell желісі ішінде 0 теңгеден қоңыраулар.

Топтама бойынша төлем — тәулігіне 70 теңге.

Күнделікті топтама берілген тәуліктен кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 01:00-ге әрекет етеді. Топтама тарифтік жоспардың бөлігі болып табылады және оның тарифтік жоспардан бөлек өшіруге болмайды. Топтама бойынша  төлем қаражат жеткілікті болса, күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағ.  00:00-ден  02:00-ге дейін алынады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, төлем теңгерімді 70 теңгеден басталатын сомаға толықтырғанда алынады.

Егер тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат жеткілікті болса, онда топтама бойынша төлем алынбайды және топтама өшіріледі. Күнделікті топтама бойынша интернет-трафик қалдығын оның әрекет ету мерзімі аяқталғанша пайдалануға болады.

Топтама бойынша MB қалдығын тексеру *111*3#OK. Күнделікті топтама, тарифтік жоспар бойынша көлемнің болған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ көлем жұмсалады.

Тарифтік жоспарға қосылған кезде немесе тарифтік жоспар қайта орнатылған бастапқы топтаманы іске қосқан кезде, егер теңгерімдегі қаражат тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін жеткіліксіз болса, онда бастапқы топтаманы қосу/іске қосу тәулігінің соңына дейін тіпті теңгеріміңізде 70 тг болған жағдайда да күнделікті топтама қосылмайды, бұл ретте мобильді интернет/желі ішінде шығыс байланыс тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбайтын жағдайлар үшін белгіленген тариф бойынша жүргізіледі. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат әлі де жеткіліксіз болса, топтаманы іске қосу және ол бойынша төлем алудың бірінші әрекеті Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша келесі тәулікте сағ. 00:00-ден 02:00 дейін қоса алған кезеңде жүргізіледі.

Егер топтама таусылса немесе тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтеу абоненттік төлем алынбаған кезде әрекет ететін тарифтерге сәйкес жүргізіледі:

  • Аctiv/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар – -14 тг/минут;
  • ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар - 14 тг/минут
  • Мобильді интернет — 2 тг/MB.

*111*3#OK USSD-тіркесін теріңіз немесе Менің activ қолданбасында, Жеке кабинетте тексеріңіз.

Егер интернет-трафик мерзімінен бұрын таусылса, теңгерімнен ақша қаражатының алынуын болдырмау мақсатында интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бұғатталады.  Пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

  • Ағымдағы тарифтік жоспарды *167#OK мәзірі арқылы қайта қосыңыз. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем мерзімінен бұрын алынады. Бұл ретте тарифтік жоспармен ескерілген қызметтердің пайдаланылмаған көлемі күйіп кетеді де қызметтердің жаңа көлемі беріледі. Назар аударыңыз! Қайта қоспас бұрын міндетті түрде мобильді деректерді өшіріңіз.
  • *888# мәзірі арқылы 650 теңгеге 2GB интернет қосымша топтамасын қосыңыз. Қосу пәрмені - *888*3*1*2#OK. Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатып, мобильді деректерді қосуға кеңес береміз. Мобильді деректерді өшіру немесе «авиарежим» таңдап, содан кейін интернетті пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«авиарежим» өшіру қажет.
  • Бұғаттауды алып, осы тарифтік жоспарда болған бүкіл мерзімде *325#OK USSD пәрмені арқылы интернетті теңгерімнен тарифтеуге (2тг/MB) рұқсат етіңіз.

Егер тарифтік жоспарыңыз бойынша ҚР басқа ұялы байланыс операторларына минуттар көлемі мерзімінен бұрын аяқталған болса, ҚР басқа ұялы байланыс операторларына қоңыраулар минутына 14 теңгеден тарифтелетін болады.

  Сіз *888# мәзірі арқылы қосымша топтамаларды қоса аласыз.

  • 30 күнге 390теңгеге ҚР басқа ұялы операторларына 60 минут. *888*1#OK теріңіз
  • 30 күнге 150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS. *888*2#OK теріңіз
  • Activ/Kcell желісі ішінде SMS және MMS, бір хабарламаға 7 теңге
  • ҚР бойынша басқа желілерге SMS, 1 хабарламаға 14 теңге
  • ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар - минутына 18 теңге.

Мобильді интернетті пайдалану бойынша әрекет ету мерзімі шектеулі  қызметтерді, желі ішінде немесе ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланысын және/немесе желі ішіндегі SMS бір мезгілде қосқан жағдайда, ең алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Тарифтік жоспарда Конференция қызметін пайдалану мүмкін емес.

Осы шарттарды Компания бір жақты тәртіпте өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.