М2М тарифтер

М2М Турбо тарифі


  • 50 SMS (барлық желілерге)
  • 50 минут қоңыраулар (барлық, оның ішінде қалалық желілерге)
  • Лимитсіз Интернет (жылдамдықтың шектелуі 128 кбит/с)

М2М Турбо 365 тарифі


  • 50 SMS* (барлық желілерге)
  • 50 минут* қоңыраулар (барлық, оның ішінде қалалық желілерге)
  • Лимитсіз Интернет (жылдамдықтың шектелуі 128 кбит/с)
*12 айдың әр айында күйіп кетеді

Толық ақпарат

Тарифтік жоспарға тиісті жазбаша өтінішпен Kcell Center/Kcell Store орталығына жүгіне отырып немесе Тарифтік жоспар алдын ала орнатылған бастапқы топтаманы сатып алып, SIM-картаны қосу арқылы қосылуға болады.

Абоненттік төлем толық мөлшерде, абоненттік төлем алынған күнді қоса, әр 30 күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін жеткілікті оң теңгерім болғанда алынады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, абоненттік төлем алынбай, қызметтер келесідей бағалар бойынша ұсынылады:

  • Kcell/Activ-ге қоңыраулар – минутына 9 теңге
  • ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар - минутына 14 теңге;
  • Kcell/Activ желісі ішінде SMS - бір хабарламаға 7 теңге
  • басқа ұялы операторларға SMS - бір хабарламаға 14 теңге
  • Мобильді интернет — 1 мегабайтқа 11 теңге.

Теңгерімді жеткілікті сомаға толтырған кезде абоненттік төлем толық көлемде алынып, қызметтердің бонустық көлемі ұсынылады.

Тарифтік жоспардың абоненттері «Онлайн», «Интернет+», «Конференц-байланыс», «Жылдық интернет+» қызметін қоса алмайды. Тарифтік жоспардың абоненттері 150 теңгеге Аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS қосымша топтамасын пайдалана алады *888*2#.

Тарифтер ҚҚС есепке ала отырып, теңгемен көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында Компанияның қамту аймағында қолданылады. Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 сек. Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1 КБ.

Роумингте Қызмет Компанияның ресми интернет ресурсында ұйғарылған роуминг тарифтері бойынша ұсынылады. Жоғарыда көрсетілмеген және Абонент пайдаланатын Қызметтер осындай қызметтерді пайдалану кезінде қолданылатын тарифтер бойынша тарифтеледі.

Бұл тарифтік жоспар машинааралық әрекеттестік құрылғыларында пайдалану үшін ғана арналған.

Абонент тарифтік жоспарды және тарифтік жоспар шеңберінде ұсынылатын қызметтерді машинаарылқ әрекеттестік құрылғыларында ғана пайдалануға міндеттеледі.

Тарифтік жоспармен ескерілген байланыс қызметтерін машинааралық әрекеттестік мақсатында емес және SIM-картаны машинааралық әрекеттестік жүргізуге арналмаған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларында пайдаланған жағдайда Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес абоненттік құрылғыны тіркеуге міндетті.