Бiлiм

Бiлiм

ҚР білім беру ресурстарына қол жеткізу - шектеусіз

Интернет-трафик 1 GB

990 ₸

ай

WhatsApp, ZOOM, Skype, Microsoft Team пайдаланған кезде, қолданбаларды жүктеген кезде, сондай-ақ басқа ресурстарға өткен кезде, оның ішінде баннерлік жарнама арқылы, интернет-трафик тариф бойынша жұмсалады.

Толығырақ

Артық шығынсыз ыңғайлы ретте онлайн оқыңыз!

Оқушылар, студенттер мен оқытушылар үшін Қазақстанның білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізу.

ҚР БҒМ мақұлдаған интернет-ресурстар тізімі мына жерде.

Шектеусіз қолжетімділік тариф бойынша абоненттік төлемнің сәтті алынған жағдайында беріледі.

Қолжетімділік жылдамдығы 1.5 Мбит/сек аспайды.

Назар аударыңыз, төменде аталған жағдайларда шектеусіз қолжетімділік берілмейді және интернет-трафик тариф бойынша интернет топтамасынан (1GB) немесе «650 теңгеге 2GB интернет» қосымша топтамасынан (оның *888*3#OK пәрмені бойынша қосылған жағдайында) тарифтеледі:

  • WhatsApp, ZOOM, Skype, Microsoft Teams және бейнеконференциялардың басқа да мессенджерлері мен сервистерін пайдаланған кезде; 
  • Google Play, App Store қолданбаларын жүктеген кезде;
  • сілтемелер арқылы басқа ресурстарға, оның ішінде баннерлік жарнама арқылы өткен кезде;
  • техникалық трафикті, приваттық қарау режимінде, VPN-арналарын, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді пайдаланған кезде

Тарифтік жоспарды келесі тәсілдердің бірімен қоса аласыз:

  • *166*1*10# теру
  • *224# теру
  • 166 нөміріне 10 мәтінімен SMS жіберу
  • сайттағы жеке кабинетте
  • Kcell/activ дүкендерінде.

Егер қосылған сәтте теңгерімде абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтік жоспар қосылады, бірақ білім беру ресурстарына шектеусіздік және тариф (1GB) бойынша интернет топтама қол жетімсіз болады. Тарифтік жоспар бойынша қызметтер көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер ағымдағы тарифтік жоспарыңыз бойынша қызметтер топтамасы ескерілген болса, тарифтік жоспар ауысқан кезде ол нөлдендіріледі.

Абоненттік төлем тарифтік жоспарға қосылған кезде толық мөлшерде, содан кейін күнтізбелік айдың 1-ші күніне байланыссыз айына 1 рет алдыңғы айда қосылған күнге сәйкес келетін күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады.

Егер абоненттік төлем теңгерімнің жеткіліксіз болуы себебімен сағат 00:00-ден бастап 02:00-ге дейінгі аралықта алынбаса, білім беру ресурстарына шектеусіздікті және тариф бойынша интернет топтаманы пайдалану мүмкін болмайды. Теңгерімді 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толықтырған кезде абонтөлем толық көлемде алынып, тариф бойынша қызметтер тариф шарттарына сәйкес көлемде ұсынылады.

Абоненттік төлемнің дұрыс алынуы үшін теңгерімді сағат 00:00 дейін немесе 02:00 кейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) толықтырған жөн.

Тариф бойынша қызметтердің топтамасы абоненттік төлем табысты алынған жағдайда ғана беріледі және 1 ай бойы жарамды болады. Тариф бойынша қызметтердің топтамасы роумингте әрекет етпейді, тариф өшірілген кезде жойылады.

Бонустық көлемнің қалдығын, абонтөлемді алуға дейінгі күн санын *111*3# USSD тіркесін теру арқылы немесе Менің activ қолданбасында немесе сайттағы Жеке кабинетте тексеруге болады.

Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатып, мобильді деректерді қосуға кеңес береміз. Мобильді деректерді өшіру немесе «әуе режимін» таңдап, содан кейін интернетті пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«әуе режимін» өшіру қажет.

Егер интернет-трафик (1GB) мерзімінен бұрын таусылса, интернетке кіруге тыйым салынады (шектеусіздік берілген білім беру ресурстарын қоспағанда).

Пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

Ағымдағы тарифтік жоспарды *167#OK мәзірі арқылы қайта қосыңыз. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем мерзімінен бұрын алынып, тариф бойынша қызметтің жаңа көлемі ұсынылады. Назар аударыңыз! Қайта қоспас бұрын міндетті түрде мобильді деректерді өшіріңіз.
650 теңгеге 2GB интернет қосымша топтамасын қосыңыз, қосу пәрмені — *888*3*1*2#OK.

Топтама 30 күн әрекет етеді. Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатуды ұсынамыз: мобильді деректерді өшіру немесе «әуе режимін» таңдап, содан кейін пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«әуе режимін» өшіру қажет.

•activ/Kcell желісі ішінде және ҚР бойынша басқа ұялы операторларға және қалалық нөмірлерге) қоңыраулар - 18 теңге/минут¹;

•  activ/Kcell желісі ішінде SMS/MMS және ҚР бойынша басқа ұялы операторларға SMS- минутына 18 теңге/хабарлама² ;

•  «Әрдайым байланыста» қызметі — 0 теңге;

•  «Конференция» қызметін пайдалану мүмкін емес;

•  роуминг - қызметті пайдалану күнінде әрекет ететін және абоненттің барған елі мен абонент таңдаған операторға сәйкес Компания тарифтері бойынша

¹ *888*1#ОК теру арқылы «ҚР бойынша барлық ұялы операторларға 210тг үшін  минут» топтамасын қосуға болады. Топтама 30 күн бойы жарамды және оған тариф бойынша абоненттік төлем сәтті алынған жағдайда ғана қосылуға болады.

² *888*2#OK теру арқылы «150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS» топтамасын қосуға болады. Топтама 30 күн бойы әрекет етеді.

Тарифті қолданылу мерзімі шектеулі мобильді интернетті пайдалану жөніндегі қызметтермен бір уақытта қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі аз интернет-трафик жұмсалады.

Тарифтердің барлығы ҚҚС есебімен көрсетілген.

Тарифтер Қазақстан Республикасының аумағында ғана компанияның жабық аймағында қолданылады.

Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 секунд. Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1 КВ. Қосылыс ұзақтығы – 30 минутқа дейін.

«Роуминг» қызметін ҚР және компанияның қамту аймағынан тыс жерлерде қосуға болады. Қызметті өшіру үшін 3330 нөміріне NET сөзімен SMS жіберіңіз. Қайта қосу үшін 3330 нөміріне DA мәтінімен SMS жолдаңыз Қызметті ҚР аумағында - компанияның қамту аймағында өшіруге және қайта қосуға болады.

2G/3G желілерінде бірінші ашылған интернет сессия аясында немесе құрылғыңызды 4G желісінде тіркеген кезде интернет-трафик, ал ол болмаса - теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафиктің немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ  «Мобильді интернет»  қызметінің парағынан танысуға болады.

Осы талаптарды Компания бір жақты тәртіпте өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.