Активті Drive+

Артышылықтары


Желі ішінде

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар 0 теңге


Басқаларға байланыс

Қазақстан бойынша басқа ұялы операторларға 180 минут


Мобильді интернет

20ГБ интернет (7ГБ күндіз және 13ГБ түнде)


SMS хабарламалар

Желі ішінде – 1000 SMS


mobi music-те радио

Онлайн радио

 

Ай сайын, 1790 теңге көлеміндегі абоненттік төлемнің алынған жағдайында.

16.03.2017 ж. бастап, тарифтік жоспарына қосылу жабылады.Осы тарифтік жоспарға 16.03.2017 ж. дейін қосылған абоненттер осы күннен кейін де, өз тарифтік жоспарын пайдалануды жалғастырады.

Қызметтердің бонустық көлемінің қалдығын тексеру *111*3#ОК.

 
 

Қосымша мобильді интернет топтамалары

Топтама Қосылу
құны,
теңге, ҚҚС есебімен
Қосылу
пәрмені
Трафик
қалдығын
тексеру
500МБ 290 *888*3*1*1#OK *888*3*3#OK
немесе
*111*3#OK
1ГБ 390 *888*3*1*2#OK
2ГБ 590 *888*3*1*3#OK

Топтаманы іске қосу құны теңгеріміңізден оның іске қосылғанынан кейін, жеткілікті теңгерім шартында алынады.

Топтамалардың әрекет ету мерзімі – қосылған сәттен бастап 30 күн.

  • Топтаманың іске қосылуының расталуы Оператордың іске қосу туралы SMS хабарламасы болып табылады.
  • Бір абонент үшін іске қосылған топтамалар саны шектелмеген. Бір уақытта бірнеше топтаманың қосылған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.
  •  Жүктелген, бірақ пайдаланылмаған топтама трафигі келесі жағдайларда нөлденеді:
    – топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
    – ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарты бұзылғанда.
  • Тарифтік жоспарды ауыстырған кезде топтамалар бойынша пайдаланылмаған трафик көлемін оның әрекет ету мерзімі шегінде пайдалануға болады. Тарифтік жоспар ауысқаннан кейін жаңа топтаманы қосу мүмкін емес.
  1. Топтаманы «Лимитсіз интернет», «Жылдық/жартыжылдық/тоқсандық интернет» интернет-қызметтерімен және жылдамдығы төмендейтін көлемі бойынша шектелмеген интернет-трафикті беру шарты бар басқа да қызметтермен қатар қосуға болмайды. Бұл ретте егер топтамамен ескерілген тра жоғарыда аталған интернет қызметтердің қосылуына дейін берілген болса, бұл трафикті қызметтер өшірілгенше пайдалану мүмкін болмайды.
  2. Топтаманы «Жылдық интернет+», «Байланыс бар!», «Мобильді интернет плюс», «Интернет+», «Бонустық интернет» қосымша интернет-қызметтерімен қатар қосуға болады. Бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Топтама бойынша да, қосымша интернет-қызмет бойынша да интернет-трафик жұмсалған жағдайда мобильді интернет абонентте әрекет ететін тарифтік жоспары бар қосымша интернет-қызметтердің үйлесімдік шарттарына сәйкес есептеледі.
  3. Топтаманы «Жеңіл интернет» қосымша интернет-қызметімен қатар қосуға болады, бұл ретте алдымен топтамамен ескерілген трафик жұмсалады.
  4. Топтаманы «Лимитсіз түнгі интернет» қосымша интернет-қызметімен қатар қосуға болады, бұл ретте осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша трафик қызмет шарттарына сәйкес Астана қ. уақытымен сағат 01:00-09:00 аралығында ұсынылып, жұмсалады, содан кейін топтама бойынша трафикті пайдалануға болады.
  5. Топтаманы «Бейне сервис» қосымша интернет-қызметімен қатар қосуға болады, бұл ретте «Бейне сервис» қызметі бойынша Бейне хостингтердің пайдаланылған жағдайында алдымен «Бейне сервис» қызметі бойынша трафик жұмсалады.
  6. Абонентте тарифтік жоспар бойынша да, топтама бойынша да интернет-трафик болса, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз интернет-трафик жұмсалады.

Осы үйлесімдік шарттарын Компания өзгерте немесе толықтыра алады.

 

«Тәулігіне 15 SMS + бонус» қызметін іске қосып, сіз тарифтік жоспар бойынша қызметтердің жұмсалмаған бонустық көлеміне (желі ішінде қоңыраулар 0 теңгеден, интернет-трафик, ҚР басқа ұялы операторларына минуттар, желі ішінде SMS) қолжеткізе аласыз, бонустық көлемнің жарамдылық мерзімін бір тәулікке ұзарта аласыз және желі ішінде 15 SMS ала аласыз, сонымен бірге, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді төлеу мерзімі 24 сағатқа ұзартылады.

Қызметті іске қосу құны 99 теңге.

Қызметті іске қосу үшін *900*1#OK теріңіз.

Қызмет аясында абоненттік төлемді алу 24 сағатқа кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Қызмет тарифтік жоспар бойынша келесі абоненттік төлемді алғанға дейін, әрекет етеді. Қызмет күшін тоқтатқаннан кейін, жұмсалмаған SMS-топтама және де тарифтік жоспар бойынша қызметтердің бонустық көлемі жойылады.

Қызметті келесі тәулікке қайта қосқан жағдайда, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз SMS-топтама жұмсалады.

 Қызметті абоненттің тарифтік жоспары бойынша келесі белгіленген абоненттік төлемді алудан алдыңғы тәулікте және қызметтің жарамдылық тәулігінде ғана іске қосуға болады. Осы тәулік біткеннен кейін, қызметті іске қосу мүмкін емес, тарифтік жоспар бойынша қызметтердің пайдаланылмаған бонустық көлемі жойылады және тарифтік жоспар бойынша келесі абоненттік төлем алынады.

Қызметті іске қосу үшін теңгерімде қаражат жеткілікті болса, қызметті тәулігіне бір ақ рет, шектеусіз рет қосуға болады.

 Тарифтік жоспарды сөндірген жағдайда, пайдаланылмаған SMS-топтама және де қызмет аясында ұзартылған тарифтік жоспар бойынша қызметтердің бонустық көлемі жойылады.

Қызметті жарамдылық мерзімі (тәулік) біткенге дейін, сөндіру мүмкін емес.

«Экстра Теңгерім»«Авто Экстра Теңгерім»«Мобильді көмек» қосымша қызметтерінің көмегімен алынған ақша қаражатын қызметті іске қосу үшін пайдалануға болады.

Үйлесімділік шарттары тарифтік жоспарлар бойынша белгіленген шарттарға сәйкес әрекет етеді.

1790 тенге ай сайын.

activ/Kcell желісі ішінде шығыс байланыс, дауыстық және бейнеқоңыралура, минутына – 0 теңге.

ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланыс, минутына – 180 минут 0 теңгеден, асырылған жағдайда – 11 теңге.

Мобильді интернет - 7ГБ 0 теңгеден 06:00-00:59:59 аралығында, 13ГБ 0 теңгеден 01:00-05:59:59 аралығында, асырылған жағдайда - 11 теңге/МБ

activ/Kcell желісі ішінде SMS, хабарламаға – 1000 SMS 0 теңгеден, асырылған жағдайда – 7 теңге.

activ/Kcell желісі ішінде шығыс байланыс, дауыстық және бейнеқоңыралура, минутына – 14 теңге.

ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланыс, минутына – 14 теңге.

Мобильді интернет – 14 теңге/МБ

activ/Kcell желісі ішінде SMS, хабарламаға – 7 теңге.

Қалалық нөмірлерге шығыс байланыс, минутына – 15 теңге.

ҚР бойынша мобильді нөмірлерге SMS, 1 хабарлама – 11 теңге.

Халықаралық бағыттарға SMS, 1 хабаралма – 15 теңге.

activ/Kcell желісі ішінде MMS, 1 хабарлама – 7 теңге.

«Әрдайым байланыста» қызметі – 0 теңге.

Роуминг 3 – қызметті пайдалану күнінде әрекет ететін және Абоненттің барған елі мен Абонент таңдаған операторға сәйкес Компания тарифтері бойынша.

16.03.2017 ж. бастап, Активті Drive+  тарифтік жоспарына қосылу жабылады.Осы тарифтік жоспарға 16.03.2017 ж. дейін қосылған абоненттер осы күннен кейін де, өз тарифтік жоспарын пайдалануды жалғастырады.

Тарифтердің барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды.

Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 секунд.

Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1КБ.

Қосылыс ұзақтығы – 30 минутқа дейін.

Тарифтік жоспарлардың абоненттері сондай-ақ келесі тарифтер бойынша MMS қызметін іске қосқан жағдайда қосымша MMS портал қызметін пайдалана алады: ҚР басқа операторларының абоненттеріне бір MMS хабарлама жолдау құны - 15 теңге, халықаралық бағыттарға ММS жолдау – 1 хабарламаға 30 теңге.

1 Абоненттік төлем абонент теңгерімінен тарифтік жоспарға қосылған сәтте толық көлемде алынады және содан кейін әр 30 күн сайын теңгерімде жеткілікті қаражат болған жағдайда Астана қ. уақыты бойынша сағат 00:00-02:00 аралығында алынады. Егер тарифтік жоспарға қосылған сәтте абонент теңгерімінде абоненттік төлемді төлеу үшін қаражат жеткіліксіз болса, онда тарифтік жоспар қосылмайды. Егер абоненттік төлем сағат 00:00-02:00 аралығында теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты алынбаса, теңгерімді сағат 02:00 кейін жеткілікті сомаға толтырған сәтте абоненттік төлем толығымен алынып, тарифтік жоспармен ескерілген қызметтер абоненттік төлемнің келесі белгіленген алынуына дейін тарифтеудің ағымдағы кезеңінде пайдалану үшін тарифтік жоспардың шарттарына толық сәйкес келетін көлемде көрсетіледі. Абоненттік төлем әр 30 күн сайын алынады.

2 Қызметтердің бонустық көлемі абоненттік төлемнің табысты алынған жағдайында беріледі. Минуттар, SMS, МБ орнатылған үйлесімдік шарттарына сәйкес абоненттік төлемнің келесі алынғанынша 30 күн бойы әрекет етеді. Интернет-трафиктің бонустық көлемі абоненттік төлем алынған жағдайда беріліп, аталған уақытта (Астана қ. уақытымен) әрекет етеді. Қызметтердің бонустық көлемі роумингте жарамсыз, тарифтік жоспарды өшірген кезде нөлденеді.

Бонустық трафикті *111*3#ОК USSD-комбинациясын теру арқылы тегін тексеруге болады. Абонент бонустық трафиктің жұмсалуын өз бетінше бақылап, оның берілуін тексереді. Компания абоненттің бонустық трафик трафигі таусылғандағы негізгі теңгерімінен жұмсалған шығындарды немесе бонустық трафик жүктелгенше жұмсалған қаражатын өтемейді.

Қосулы интернет-сессия барысында берілген бонустық интернет-трафик әрекет етпейді. Осындай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректерді өшіріп, қайта қосу арқылы), интернетті трафик берілгеннен кейін пайдаланған жөн.

Тәуліктің сәйкес мерзімінде Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик Астана қ. уақытымен сағат 01:00 бастап 06:00 дейінгі аралықта автоматты түрде жұмсалады.

3 Қызметті Қазақстан Республикасының аумағынан және Компанияның қамту аймағынан тыс жерде пайдалануға болады. Қажет болған жағдайда абонент Роуминг қызметін 3330 нөміріне NET сөзін SMS жолдау арқылы өшіре алады. Қайта қосылу қажет болса, 3330 нөміріне DA сөзін SMS арқылы жолдау қажет. Қызметті ҚР аумағында – Компанияның қамту аймағында өшіріп, қайта қосуға болады.

Конференция қызметін Тарифтік жоспарларда пайдалану мүмкін емес.

 Абонент «Жылдық интернет+» қосымша интернет-қызметін қосқанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. «Жылдық интернет+» қызметі бойынша да, Тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик біткенде, мобильді интернет қызмет бойынша келесі трафик берілгенге дейін немесе Тарифтік жоспар бойынша келесі трафик берілгенге дейін, қайсысы ертерек болуына байланысты «Жылдық интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес тарифтеледі.

Егер Абонентте «Мобильді интернет плюс» науқандық қызметі қосылған болса, онда осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, трафик «Мобильді интернет плюс» қызметінің шарттарына сәйкес ұсынылады, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, мобильді интернет Тарифтік жоспар бойынша келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін, Мобильді интернет плюс» қызметінде белгіленген тарифтерге сәйкес тарифтеледі.

Егер Абонентте «Интернет+» қызметі қосылған болса, онда осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, трафик қызметтің шарттарына сәйкес ұсынылады, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, мобильді интернет келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін, Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтеледі.

Егер Абонентте «Лимитсіз интернет» қызметі қосылған болса, онда осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, «Лимитсіз интернет» қызметі бойынша трафик қызметтің шарттарына сәйкес ұсынылады және жұмсалады, Тарифтік жоспар бойынша трафик қосылған «Лимитсіз интернет» қызметі болса, қолжетімсіз және «Лимитсіз интернет» қызметін сөндіргенде ғана, қолжетімді болады.

Егер Абонентте «Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» науқандық қызметтері қосылған болса, онда осы қызметтер бойынша төлем қызметтердің стандартты шарттарына сәйкес алынады, қызметтер бойынша трафик қызметтердің шарттарына сәйкес ұсынылады және жұмсалады, Тарифтік жоспар бойынша трафик қосылған қолжетімсіз және «Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» қызметтерін сөндіргенде ғана, қолжетімді болады.

Егер Абонентте «Жеңіл интернет» қызметі  қосылған болса, ең алдымен Тарифтік жоспар бойынша бонустық трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша трафик біткенде, мобильді интернет Тарифтік жоспар бойынша келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін, Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтеледі. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбаса, тарифтеу «Жеңіл интернет» қызметі бойынша жүргізіледі.

Егер Абонентте «Бонустық интернет» қызметі қосылған болса, онда қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, трафик қызметтің шарттарына сәйкес ұсынылады, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, келесі белгіленген абоненттік төлемді алғанға дейін, мобильді интернет Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтеледі.

Мобильді интернетті, ҚР операторларына шығыс байланысты және/немесе SMS, жарамдылық мерзімі шектеулі минуттарды пайдалану бойынша басқа қызметтер болғанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Егер Абонентте «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі қосылған болса, онда осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі  бойынша трафик қызметтің шарттарына сәйкес Астана қ. уақытымен 01:00-ден 09:00-ге дейін ұсынылады және жұмсалады, одан кейін Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынса ғана, Тарифтік жоспар бойынша трафик қолжетімді болады.

Егер Абонентте «Онлайн» қызметі қосылған болса, онда ең алдымен ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынса ғана, келесі белгіленген абоненттік төлемді алғанға дейін, мобильді интернет Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтеледі.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.

Оператор осы үйлесімділік шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады.