«Білім беретін интернет» сервисіне жазылу және оны ұсыну ережелері

Cервис Абонентке ca.activ.kz адресіндегі сайтта орналасқан Сервис каталогындағы сайттардың белгілі бір тізбесіне ғана қолжетімділік алу мүмкіндігін береді. Сервис каталогында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұсынған интернет сайттар тізбесі берілген.

Сервисті қосу былайша жүзеге асырылады:

  • «СТОП/STOP», «стоп/stop», «Стоп/Stop» мәтінінен басқа кез келген мәтінмен 727 қысқа нөміріне SMS жолдау арқылы
  • *727# USSD пәрменін теру арқылы

Сервисті пайдалану ақылы болып табылады. Сервис Абонентке абоненттік төлем табысты алынған жағдайда ұсынылады. Абоненттік төлемнің мөлшері, ҚҚС есепке алғанда, тәулігіне 10 (он) теңгені құрайды.

Абоненттік төлем Сервисті қосқан кезде толық мөлшерде және ары қарай тәулік сайын Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер абоненттік төлем дербес шотта қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, Астана уақыты бойынша сағат 02:00-ден кейін шот жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және Сервис келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін ұсынылады.

Абоненттің дербес шотында жеткілікті соманың болмауы себебінен абоненттік төлем 14 күннен астам уақыт алынбаған жағдайда, Компания Сервисті өшіреді.

Сервисті өшіру былайша жүзеге асырылады:

  • *727# USSD пәрменін теру арқылы. Абонент *727# USSD мәзірін тереді. Абонент USSD мәзірінен 3-ші бөлімді таңдайды.
  • 727 қысқа нөміріне SMS жолдау арқылы. Абонент 727 нөміріне «СТОП/STOP», «стоп/stop», «стоп/stop» мәтінімен SMS жолдайды.

«Білім беретін интернет» сервисін (бұдан әрі — Сервис) есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібін қолданатын activ абоненттеріне (бұдан әрі — «Абоненттер») Интернеттегі жағымсыз ақпараттан балалардың құқықтарын және денсаулығын қорғау мақсатында «Кселл» АҚ ұялы байланыс операторы (Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Самал 2 ықшамауданы, 100) (бұдан әрі — Компания) ұсынады.

Сервиске жазыла отырып, Сіз осы Жазылу ережелерімен танысқандығыңызды және оның талаптарын толық көлемде сақтауға келісетіндігіңізді растайсыз. Сервис қосылған мезеттен бастап Сіз Сервистің пайдаланушысы (бұдан әрі — Пайдаланушы) боласыз және Сізге осы Ережелердің қағидалары толық көлемде қолданылады.

1. Сервисті пайдаланудың жалпы талаптары.

1.1. Cервис Абонентке ca.activ.kz адресіндегі сайтта орналасқан Сервис каталогындағы сайттардың белгілі бір тізбесіне ғана қолжетімділік алу мүмкіндігін береді. Сервис каталогында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұсынған интернет сайттар тізбесі берілген.

1.2. Сервисті пайдалану ақылы болып табылады және күнделікті тарифтеледі.

1.3. Сервистің функционалдық мүмкіндіктері:

  • Web сүзгілеу — тек Сервис каталогында бар сайттарға ғана қолжетімділік беру. Сервис каталогы ca.activ.kz адресіндегі сайтта орналасқан.
  • Абоненттік құрылғыда орнатылған, Сервис каталогына енгізілмеген мобильді қолданбаларға да қолжетімділіктің болмауы.
  • Сервис абоненттік құрылғы Компанияның мобильді интернет желісіне қосылған кезде ғана ұсынылады. Абоненттің мобильді құрылғысы тиянақталған интернеттің, Wi Fi, басқа интернет-провайдерлер интернетінің қолжетімділік нүктелеріне қосылған кезде Сервис қолжетімді болмайды.

Сервис аясында қолжетімді болатын интернет-сайттар тізбесі берілген Сервис каталогы кез келген уақытта өзгертіле және/немесе толықтырыла алады. Сервис каталогы ca.activ.kz адресіндегі сайтта орналасқан.

1.4. Сервис абоненттік құрылғыға Қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы Компанияның мобильді интернетіне қосылған кезде ұсынылады.

Қауіпсіздік сертификаты мына сілтеме бойынша орнатылады: ca.activ.kz. https хаттамалары бойынша интернетке және сервистерге қолжетімділік жүктеп алынған қауіпсіздік сертификатын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Қауіпсіздік сертификаты өшірілген жағдайда, абоненттік құрылғыда https хаттамасы бойынша интернетті ашу мүмкін болмайды. Сервис қосылғанда, Сервис каталогында көрсетілген http- хаттамалары бойынша интернет жүктеп алынған қауіпсіздік сертификаты болмағанда да қолжетімді болады.

Қосылған мобильді интернет желісінің болуын Абонент өздігінен қамтамасыз етеді. Компания құрылғыға Компанияның мобильді интернеті қосылмаған жағдайда Сервистің ұсынылмауы және тиісінше интернетке қолжетімділіктің шектеулі болуы үшін жауапкершілік көтермейді.

2. Сервиске жазыла отырып, Пайдаланушы мыналармен келіседі:

2.1. Сервис абоненттік құрылғы Компанияның мобильді интернет желісіне қосылған кезде ғана ұсынылады. Абоненттің мобильді құрылғысы тиянақталған интернеттің, Wi Fi, басқа интернет-провайдерлер интернетінің қолжетімділік нүктелеріне қосылған кезде Сервис қолжетімді болмайды.

2.2. Сервиске қосылғанда, Пайдаланушы Сервис құнымен танысқан және оған келіскен болып есептеледі.

3. Сервисті қосу және өшіру

3.1. Сервисті қосу былайша жүзеге асырылады:

  • «СТОП/STOP», «стоп/stop», «Стоп/Stop» мәтінінен басқа кез келген мәтінмен 727 қысқа нөміріне SMS жолдау арқылы
  • *727# USSD пәрменін теру арқылы

3.3. Сервисті өшіру былайша жүзеге асырылады:

  • *727# USSD пәрменін теру арқылы. Абонент *727# USSD мәзірін тереді. Абонент USSD мәзірінен 3-ші бөлімді таңдайды.
  • 727 қысқа нөміріне SMS жолдау арқылы. Абонент 727 нөміріне «СТОП/STOP», «стоп/stop», «стоп/stop» мәтінімен SMS жолдайды.

3.4. 14 (он төрт) күнтізбелік күннен астам уақыт абоненттік төлем төленбеген жағдайда, Компания Пайдаланушыны Сервистен ажыратады. Мұндай жағдайда Сервиске қолжетімділікті қалпына келтіру үшін Абонент Сервисті қайта қосуы тиіс.

4. Сервистің абоненттік төлемі.

4.1. Сервисті пайдалану ақылы болып табылады. Сервис Абонентке абоненттік төлем табысты алынған жағдайда ұсынылады. Абоненттік төлемнің мөлшері, ҚҚС есепке алғанда, тәулігіне 10 (он) теңгені құрайды.

4.2. Абоненттік төлем Сервисті қосқан кезде толық мөлшерде және ары қарай тәулік сайын Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер абоненттік төлем дербес шотта қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, Астана уақыты бойынша сағат 02:00-ден кейін шот жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және Сервис келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін ұсынылады.

4.3. Абоненттің дербес шотында жеткілікті соманың болмауы себебінен абоненттік төлем 14 күннен астам уақыт алынбаған жағдайда, Компания Сервисті өшіреді.

5. Қосымша талаптар.

5.1. Пайдаланушы Сервисті қосқанда және Сервисті пайдалану барысында өзі көрсеткен деректерді Компанияның Сервис тұрғысынан өңдейтінін түсінеді және келіседі.

5.2. Осы Жазылу ережелеріне сәйкес, Сервисті қосу фактісі Пайдаланушының осы Жазылу ережелерімен келісетіндігін растайды, сондай-ақ Пайдаланушыға Сервисті ұсыну үшін қажетті кез келген тәсілдермен Компанияның оның дербес деректерін өңдеуіне Пайдаланушының жазбаша келісімі болып табылады. Осы Жазылу ережелерінің талаптарын қабылдай отырып, Пайдаланушы Сервистің жарнамалық-ақпараттық таратымдарын алуға келісімін білдіреді.

5.3. Сервисті қоса отырып, Пайдаланушы Сервистің күн сайын автоматты түрде ұзартылуына және Сервис үшін абоненттік төлемнің алынуына келісімін білдіреді.

5.4. Сервис бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Абонент activ абоненттері үшін 3030, 116 нөмірі бойынша қоңырау шалу орталығына (жұмыс істеу уақыты: тәулік бойы) консультация алу үшін жүгіне алады.