Балаларым қайда

Қызмет Пайдаланушының смартфонына орнатылған мобильді қолданба арқылы GPS тректері орнатылған мобильді құрылғылардың: бала өзімен бірге алып жүретін сим картасы бар GPS-сағатының және қолданба орнатылған смартфонның қозғалысын.

Қызмет Пайдаланушыға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • картада қауіпсіз аймақтарды орнату және баланың ұстап жүретін мобильді құрылғысының оларға кіруі және шығуы туралы хабарлама алу;
  • бала ұстап жүретін мобильді құрылғы қозғалысының статистикасын қарау;
  • нақты уақытта бала ұстап жүретін мобильді құрылғының тұрған жерін анықтау;
  • құрылғыға дауысы қатты сигнал жіберу немесе қоңырау шалу;
  • бала ұстап жүретін мобильді құрылғыға ынталандыру жүрекшелерін жіберу;
  • баланың смартфонына ортатылған Қызметтің мобильді қолданбасы арқылы чатта сөйлесу;
  • бала смартфонының айналасында дыбысты 20 секундтық дыбыс жазу түрінде ойнатып, дыбыстық жазбаларды ата-анасының смартфонына жіберу;
  • баланың сағатынан Пайдаланушының нөміріне шығыс қоңырау шалу үшін баланың сағатына пәрмен жіберу мүмкіндіктері ұсынылады.

Қызметті пайдаланғанда интернет-трафик Пайдаланушы мен балада белгілеген тарифтерге сәйкес тарифтеледі.

Пайдаланушыға қолжетімді Қызметтің функционалдық бөлігі:

Баланың 5-ке дейінгі мобильді құрылғысын Пайдаланушының бір абоненттік нөміріне тіркеу мүмкіндігі.

Мобильді құрылғының геолокациясын синхрондау автоматты негізде немесе Пайдаланушы тарапынан сұраныс бойынша бапталады. Құрылғы геолокациясы нақтылығының дәлсіздігі ұялы байланыс желісінің қамту аумағына байланысты GPS кезінде 10-нан 200 метрге дейін, LBS кезінде 500-ден 1000 метрге дейін болады.

Картада аумағының шекарасын баптау. Баланың ұстап жүрген мобильді құрылғысының бірі осы аумақтың шекарасынан шығатын болса, «Find My Kids» қолданбасында Пайдаланушының смартфонына push-хабарлама келеді.

Қадамөлшегіш статистикасын көру мүмкіндігі.*

Баланың ұстап жүрген мобильді құрылғысының қозғалу тарихын соңғы 30 күн тұрғысында көру мүмкіндігі.

Баланың мобильді құрылғысына дауыстық хабарламалар жіберу мүмкіндігі.*

Тиісті батырманы басу арқылы баланың мобильді құрылғысын іздеу мүмкіндігі. Бұл ретте құрылғы тиісті дыбыс шығарады.*

Бала ұстап жүретін мобильді құрылғыны қашықтықтан баптау және оның келесі функцияларын басқару:*

  • Баланың мобильді құрылғысында SOS нөмірлерін қосу және редакциялау (3 MSISDN дейін).
  • Геолокацияны синхрондауды баптау (Қалыпты режим: әр 10 мин сайын; Үнемді режим: сағат сайын; Ізіне түсу режимі: минут сайын).
  • Баланың смартфонында (уақыт және күндер бойынша) «Мазаламаңыз» режимін баптау.
  • Хабарламаларды іске қосу/өшіру (батареясының отырып қалуы, мобильді құрылғыны қолдан шешу).
  • Баланың смартфонында кіріс қоңыраулары үшін ақ тізімді баптау (10 MSISDN дейін).
  • Пайдаланушының «Find My Kids» қолданбасы арқылы қосылған баланың сағатындағы (10 MSISDN дейін) телефон кітапшасын басқару.
  • Баланың сағатындағы тіл мен уақытты баптау.
  • Баланың сағатын қашықтан өшіру.

Қызметтің абоненттік төлемі және алу тәртібі

Қызметке алғаш қосылған кезде, Пайдаланушыға абоненттік төлем алынбайтын 7 тәулік бойы Қызметті пайдаланудың сынақ мерзімі беріледі.

Осы кезең аяқталғаннан кейін күнделікті негізде абоненттік төлем алынады. Сынақ мерзімі Қызметтің абоненттік төлеміне қосылған.

Қызметтің абоненттік төлемі тәулігіне 30 теңгені құрайды және Пайдаланушының (жазылымды рәсімдеген абоненттің) дербес шотынан күн сайын автоматты түрде алынады.

Абоненттік төлем есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібін қолданатын Пайдаланушы (абонент) үшін жеткілікті теңгерім болғанда және есеп айырысудың несиелік тәртібін қолданатын Пайдаланушы (абонент) үшін жеткілікті несиелік лимит болғанда толық мөлшерде, сағ. 00:00-ден 23:59-ға дейін немесе Промо-кезең берілместен қосылу мезетінде және ары қарай көрсетілген уақытта күнделікті алынады.

Қызметке қосу келесі тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырылады:

  • 3212 тегін қысқа нөміріне жазылу үшін «Старт» пәрменімен SMS-хабарлама жіберу
  • «Find My Kids» мобильді қолданбасында немесе қызметтің лендинг парағында findmykids.activ.kz «Қосу» батырмасын басу арқылы. Бұл ретте абоненттің (Пайдаланушының) нөмірін жүйе анықтай алмаса, онда оны қолмен енгізу керек. Содан кейін абоненттің (Пайдаланушының) нөміріне құпия сөзбен смс келеді, оны қолданбаның тиісті терезесіне енгізу керек. Абоненттің (Пайдаланушының) нөмірін жүйе анықтайтын болса, Қызмет нөмірді енгізусіз автоматты түрде қосылады.
  • *326# пәрменінің USSD мәзірінен «Қосу» тармағын таңдау арқылы.

Қызметті өшіру

Пайдаланушының Қызметті өшіруі:

  • Қызметті кез келген уақытта өшіру үшін — Пайдаланушыға баланың мобильді құрылғысын «Балаларым қайда» (Find my kids: family tracker) қолданбасындағы профильден алып тастау және 3212 қысқа нөміріне «СТОП», «Стоп», «стоп», «STOP», «Stop» немесе «stop» деген СМС хабарлама жіберу ұсынылады.
  • *326# пәрменінің USSD мәзірінен «Өшіру» тармағын таңдау арқылы, бала құрылғысы «Балаларым қайда» (Find my kids:family tracker) қолданбасындағы өзінің профилінен алдын ала алып тастау ұсынылады.

Пайдаланушының мобильді құрылғысынан «Find My Kids» қолданбасын жою қызметтен бас тарту және тарифтеуді тоқтату фактісі болып табылмайды. Қызметті өшіру үшін, Пайдаланушы жоғарыда сипатталған тәсілдермен Қызметті өшіруі керек, «Балаларым қайда» (Find my kids:family tracker) қолданбасындағы Пайдаланушының профилінен баланың құрылғысын алып тастау ұсынылады.

Баланың мобильді құрылғысынан Қызметті өшіру:

  • Бала смартфонынан Қызметті өшіру үшін «Ата-анамен чат» қызметі қолданбасын жою керек.
  • Қызмет баланың тағатын сағатында өшірілмейді.

Құрылғыларда Қызметті баптау

«Балаларым қайда» (Find my kids: family tracker) қызметінің қолданбасын Пайдаланушының абоненттік құрылғысына орнату

Қызметті қосқаннан кейін Пайдаланушы өзінің абоненттік құрылғысында findmykids.activ.kz сілтемесі бойынша өтіп, нұсқаулыққа сәйкес «Балаларым қайда» (Find my kids: family tracker) мобильді қолданбасын Android OS (4.2 жоғары) немесе iOS ( 10-дан жоғары) базасындағы смартфонына орнатуы керек. Қолданбаны орнатқаннан кейін және Қызметті қосқаннан соң Пайдаланушы мәзірден «Баланың телефонын қосу» немесе «GPS сағатын қосу» тармағын таңдап, баланың құрылғысын қосуы тиіс.

Баланың смартфон құрылғысында «Ата-анамен чат» қызметінің қолданбасын орнату

Смартфон Android OS (4.2 жоғары) немесе iOS (10-нан жоғары) базасындағы құрылғыны білдіреді. «Баланың телефонын қосу» тармағын таңдаған кезде, Пайдаланушының «Find My Kids» қолданбасына баланың смартфонына «Ана-анамен чат» мобильді қолданбасын орнату туралы ұсыныспен және растау кодымен Push-нотификация жіберіледі. Пайдаланушының «Find My Kids» қолданбасында сондай-ақ баланың абоненттік нөміріне «Ана-анамен чат» қолданбасын орнатуға сілтеме мен растау коды бар SMS жолдау мүмкіндігі бар. Бұдан әрі Пайдаланушы «Find My Kids» қолданбасы арқылы жасалынған ақпаратты бала құрылғысының абоненттік нөміріне СМС ретінде жіберуі тиіс немесе баланың смартфонына «Ана-анамен чат» қолданбасын қолмен орнатып, растау кодын енгізуі керек. Баланың смартфонында «Ана-анамен чат» қолданбасын сәтті орнатқаннан кейін нұсқаулық, қолданба бойынша тіркеуден өткен соң, бала смартфонының баптауларында геолокация мен микрофонға қол жеткізуге мүмкіндік беруі керек.

«GPS сағатын қосу» тармағын таңдағанда, Пайдаланушы мобильді қолданбада сағаттың ID кодын және баланың сағатқа орнатылған телефон нөмірін енгізуі керек. Бұл ретте сағат:

  • 2G, 3G немесе 4G интернетін қолдайтын орнатылған сим-картасы болуы керек
  • қуатталған және қосылған болуы керек
  • ұялы байланыс арқылы интернетке қосылған болуы керек

Содан кейін сағатқа баптауларымен СМС жіберіледі. Сәтті баптаулардан кейін, сағатпен жұмыс істеу кезінде Қызметтер функциясы ата-ана үшін қол жетімді.

Бұл ретте Пайдаланушы сағаттың нөміріне смс-пәрмендерді жіберу арқылы сағаттың Қызметті қолдайтынын-қолдамайтынын тексере алады:

  • pw,123456,ts# немесе pw,523681,ts# немесе стандартты құпия сөз өзгертілген болса, Пайдаланушының өзі сағатқа орнатқан құпия сөзі (көрсетілген стандартты тіркесте цифрлардың орнына).

Егер сағат Қызметті қолдаса, онда тексеру СМС-і жіберілген нөмірге сағат жұмысының параметрлерімен жауап СМС келеді. Әйтпесе, жауап СМС болмайды.

Қолданба сілтемелері:

AppStore

GooglePlay



* Мобильді құрылғы осы функционалды қолдайтын болса.