Jańa

Төмендегілерге 16.02.2021 жылға дейін әрекет ететін қосымша қосылусыз тарифтелмейтін қол жеткізу мүмкіндігі:

«Jańa 3990» тарифтік жоспар абоненттері үшін YouTube, Instagram, WhatsApp, ВКонтакте, Facebook, TikTok, Одноклассники, Telegram, IMO, Egov.kz, Kundelik.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, Market.kz, Satu.kz, сондай-ақ ZOOM, Skype, Skype for Business, Cisco WebEx, TrueConf, Microsoft Teams бейнеконференция сервистері;

«Jańa 2990» тарифтік жоспар абоненттері үшін YouTube, Instagram, WhatsApp, ВКонтакте, Facebook, TikTok, Одноклассники, Telegram, IMO, Egov.kz, Kundelik.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, Market.kz, Satu.kz, сондай-ақ ZOOM, Skype, Skype for Business, Cisco WebEx, TrueConf, Microsoft Teams бейнеконференция сервистері;


«Jańa 2590» тарифтік жоспарының абоненттері үшін Instagram, WhatsApp, ВКонтакте, Facebook, TikTok, Одноклассники, Telegram, IMO, Egov.kz, Kundelik.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, Market.kz, Satu.kz (ТЖ кезеңінде домендік KZ аймағындағы барлық сайттар);


«Jańa 1990» тарифтік жоспарының абоненттері үшін Egov.kz, Kundelik.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, Market.kz, Satu.kz (ТЖ кезеңінде домендік KZ аймағындағы барлық сайттар).


Қызмет төмендегі шарттардың орындалған жағдайында ұсынылады:


• Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда;


• Абонент теңгерімінде тарифтік жоспар бойынша интернет-трафиктің бонустық көлемі қалдығының болған жағдайында (резервтелген трафикті алып тастаумен КБ артық). Қосымша топтамалар мен қызметтер бойынша трафик есепке алынбайды.


Назар аударыңыз! Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу (оның ішінде әлеуметтік желілердегі оқиғалар туралы хабарламаларды алу), бағдарламалық жасақтаманың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың аялық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді, InstagramStories, Онлайн-трансляциялар барысында, сондай-ақ Telegram, IMO арқылы қоңырау шалу кезінде интернет-трафик тарифтік жоспар бойынша негізгі бонустық қызметтер көлемінен, бар болған жағдайда, қосымша интернет-қызметтерден (интернет-топтамалардан) жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі. Бонустық көлемнен тыс тарифтеуге Абоненттің келісімі болмаған жағдайда, мобильді интернет қызметіне қолжетімділік Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынғанға, қосымша интернет-қызмет (интернет-топтама) қосылғанға немесе бонустық көлемнен тыс тарифтеуге келісім берілгенге дейін дейін жалпы бұғатталады (және тарифтелмеуі тиіс).


YouTube пайдалану жылдамдығы 1.5 Мбит/сек аспайды.


Ресурс бағытының өзгерген немесе ресурс тақырыбына сәйкес келмейтін контент жарияланған жағдайда байланыс операторы ресурсқа тарифтелмейтін қолжеткізілімді тоқтата тұруға құқылы,


Қызмет роумингте жарамсыз, басқа тарифтік жоспарға ауысқан кезде өшіріледі.


Қызметті пайдаланған кезде 2G/3G желілерінде бірінші ашылған интернет сессия аясында жеке резервтеу жүреді немесе құрылғыны 4G желісінде тіркеген кезде интернет-трафик, ал ол болмаса - теңгерім резервтеледі.

06.05.2020 бастап 31.12.2020 дейін ivi Онлайн-кинотеатр сервисіне қосымша қосылусыз төмендегілерді тарифтеусіз пайдалану мүмкіндігі беріледі:

  • Онлайн-кинотеатрдың қомақты медиатекасына тегін қол жеткізу - 85 000-нан астам фильмдер мен сериалдар. Кейбір фильмдер мен сериалдар ақылы болып қалады;
  • Сервистегі бейне мазмұнды көру үшін тарифтелмейтін интернет трафик. Трафиктің аяқталатынына алаңдамай фильмдерді көруден рахат алыңыз;
  • Сервисті кез келген құрылғыда — мейлі ол смартфон, планшет, ноутбук не Смарт-ТВ болсын - көруге болады. Сервисті бір профайлдан бір уақытта 5 құрылғыдапайдаланыңыз.

ivi онлайн-кинотеатрында кино көруді бастау үшін:

1. ivi https://www.ivi.ru/profile сайтына өтіңіз немесе http://ivi.ru/mob мобильді қолданбасын жүктеп алыңыз.

2. Авторизациялаңыз. Бұл үшін телефон нөміріңізді енгізу қажет, әрі қарай көрсетілген нөмірге растау коды бар смс келеді.

3. Фильмдерді тамашалаңыз!

Қызмет «Jańa 3990» тарифтік жоспары бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда көрсетіледі.

Роумингте сервис қолжетімді болып қала береді, бірақ интернет трафик тарифтік жоспардың шарттарына сәйкес жұмсалатын болады.

«IMEDICUS» ЖШС-мен серіктестікте «Mobi Doctor» дәрігерлерімен онлайн-консультация беру қызметі.

25.05.2020 жылдан бастап 31.12.2020 жылға дейін қосымша қосылусыз «Дәрігер»* топтамасын тарифтеусіз пайдалану мүмкіндігі беріледі.

«Дәрігер+»* топтамасы аясында сіз терапевт-дәрігердің онлайн-консультациясының шектеусіз санын пайдаланып, зертханалық зерттеулер бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар ала аласыз.

Дәрігер бірнеше минут ішінде сіздің таңдауыңыз бойынша сөйлесу, аудио немесе бейне қоңырау форматында байланысқа шығады.

«Mobi Doctor» қолданбасында немесе mobidoctor.kcell.kz сервисінің сайтында тіркелуіңіз қажет.

Jańa 3990 Тарифтік жоспары бойынша Абоненттік төлем алынбаған жағдайда «Дәрігер» топтамасын қол жеткізу Тарифтік жоспар бойынша Абоненттік төлем сәтті алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Jańa 3990 абоненті «Дәрігер+»* топтамасын қосу арқылы педиатр дәрігер мен терапевт дәрігердің онлайн-консультацияларының шектелмеген санын қосымша пайдалана алады.

Сондай-ақ оның дәрілік заттар бойынша консультация алу мүмкіндігі бар: олардың аналогтары мен өзара үйлесімділігіне, зертханалық зерттеулер бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар алу.

Егер сізге бұрын қойылған диагноз бойынша екінші пікір қажет болса, сіз жылына 3 реттен артық емес онлайн-консультация алуға жүгіне аласыз.

«Дәрігер+» топтамасының құны - айына 699 теңге.

«Дәрігер+» топтамасының келесі тәсілдермен қосуға болады:

- *595*1# пәрменін теріңіз

- қолданбада немесе "mobi Doctor” сервисінің mobidoctor.kcell.kz сайтына.

«Дәрігер+» топтамасын өшіру:

- *595*2# пәрменін теріңіз

 «mobi Doctor» сервисі Интернет желісіне қолжетімділік болған жағдайда әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді бола береді, роуминг қолданылған жағдайда интернет трафигі роуминг тарифтеріне сәйкес жұмсалатын болады.

«Mobi Doctor» сервисінің аясында мобильді интернет трафик Kcell желісінде тарифтелмейді.

Қосымша

Jańa 3990 Тарифтік жоспары үшін Абоненттік төлем мен «Дәрігер+» кеңейтілген топтамасы үшін Абоненттік төлемнің алынбаған жағдайында Сервиске қол жеткізу Тарифтік жоспар бойынша Абоненттік төлем мен Сервистің кеңейтілген топтамасы бойынша Абоненттік төлемнің сәтті алынуына дейін тоқтатыла тұрады.

Jańa 3990 Тарифтік жоспары үшін Абоненттік төлем алынбай, бірақ «Дәрігер+» кеңейтілген топтамасы үшін Абоненттік төлем алынған жағдайда, Сервиске қол жеткізу Jańa 3990 Тарифтік жоспары бойынша Абоненттік төлем сәтті алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Jańa 3990 Тарифтік жоспары үшін Абоненттік төлем алынып, «Дәрігер+» кеңейтілген топтамасы үшін Абоненттік төлем алынбаған жағдайда «Дәрігер+» топтамасына қол жеткізу сервистің Абоненттік төлемі сәтті алынғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте «Дәрігер» топтамасының шарттары бойынша қолжетімділік беріледі.

* «Mobi Doctor» сервисінің және Абоненттерге/Пайдаланушыларға ұсынылатын «Дәрігер» және "Дәрігер+" топтамаларының мазмұны мен сапасына «IMEDICUS» ЖШС провайдері жауапты болады.

«Минуттарды, SMS және Мегабайттарды айырбастау» қызметі 16.02.2021 жылға дейін нөмірлері жеке тұлға атына тіркелген тарифтік жоспарлардың абоненттері үшін әрекет етеді.


Нені айырбастауға болады? Тарифтік жоспарға қосылған және тарифтік жоспар бойынша абонтөлем алынғандағы бонустық ресурстар:


• Интернет-трафик


• желі ішінде SMS


• Абонент қосқан қосымша топтамалар мен басқа қызметтер бойынша бонустық ҚР бойынша басқа ұялы операторларына қоңырау шалуға минуттар


көлемді айырбастау мүмкін емес.


Бұл қанша тұрады? Тегін.


Айырбастау бағамы қандай? 10 минут = 50SMS = 1024MB.


Қалай айырбастауға болады? *747# USSD мәзірі арқылы:


• *747*1#ОК - Мегабайттарды Минуттарға немесе SMS-ке айырбастау;


• *747*2#ОК - Минуттарды Мегабайтттарға немесе SMS-ке айырбастау;


• *747*3#ОК - SMS-ті Минуттарға немесе Мегабайттарға айырбастау;


• *747*4#OK - Анықтама.


Айырбасталатын ресурстардың қалдығын қалай тексеруге болады? *111*3#OK USSD мәзірі арқылы.


Айырбасталатын ресурстардың әрекет ету мерзімі қандай? Тарифтік жоспар бойынша абонтөлемнің келесі орнатылған алыну тәулігінің басталуына дейін Пайдалану және үйлесімділік талаптары - тарифтік жоспар бойынша бонустық көлемге ұқсас. Тарифтік жоспарды ауыстырғанда немесе қайта қосқанда барлық бұрын айырбасталған бонустық ресурстар жойылады.


Айырбасталған ресурстарды қайта айырбастауға бола ма? Жоқ.


Қызмет бойынша қосымша ақпарат:


Ауыстырылған интернет-трафик Kaznet және әлеуметтік желілерге шектеусіз қол жетімділікті ұсынуға арналған тарифтік жоспарға сәйкес трафиктің қалған бөлігі болып саналады.


Биллинг жүйесінде резервтелген интернет-трафик үшін тарифтік жоспар бойынша интернет-трафикті Қызмет аясында SMS-ке немесе Минуттарға айырбастауға болмайды.


Қызмет аясында айырбастауды Роумингте жүргізуге болмайды.


Айырбастау қызметі аясында бонустық ресурстарды айырбастау Абонентте "Экстра Теңгерім", "Авто Экстра теңгерім" қызметтері бойынша берешегі бар немесе "Экстра теңгерім", "Авто Экстра теңгерім" қызметтері бойынша берешегіне байланысты шығыс байланыс пен интернетті бұғаттау мүмкін емес.


Тарифтік жоспар бойынша бонустық көлем шегінде айырбастау үшін бонустық ресурстардың жалпы саны шектелмеген.

«Jańa 1990» *166*1*1# теру немесе 166 нөміріне 1 мәтінін жолдау.

«Jańa 2590» *166*1*3# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 3 мәтінін жолдау

«Jańa 2990» *166*1*4# теру немесе или отправить SMS с нөміріне 4 мәтінін жолдау.

«Jańa 3990» *166*1*2# теру немесе или отправить SMS с нөміріне 2 мәтінін жолдау.

Сондай-ақ жеке кабинетте, Менің activ немесе KcellStore-да қосылуға болады.

Егер қосылу кезінде теңгерімде абоненттік төлемді төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, тарифтік жоспар қосылады, бұл ретте қызметтерді тарифтеу тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша жүргізіледі. Тарифтік жоспар бойынша қызметтер көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер тарифтік жоспарыңыз бойынша бонустар ескерілсе, тарифтік жоспарды ауыстырған кезде олар нөлденеді.

*111*3#OK USSD-тіркесін теріңіз немесе Менің activ қолданбасында, Жеке кабинетте тексеріңіз.

Тарифтік жоспарлар бойынша абоненттік төлем тарифтік жоспарға қосылған кезде толық мөлшерде, содан кейін қосқан/абоненттік төлем алынған күнді қоса, әр 30 күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін жеткілікті оң теңгерім болғанда алынады. Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, онда теңгерім 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толтырылғанда абоненттік төлем толық көлемде алынады және тарифтік жоспар бойынша қызметтер келесі белгіленген абоненттік төлемнің алынуына дейін ағымдағы тарифтеу кезеңінде пайдалану үшін тарифтік жоспар талаптарына сәйкес көлемде ұсынылады.

Тарифтік жоспар бойынша қызметтердің бонустық көлемі абоненттік төлем табысты алынған жағдайда ғана беріледі. Минуттар, МВ, SMS үйлесімділік талаптарына сәйкес қосу/абоненттік төлем алу күнін қоса, келесі белгіленген абоненттік төлем алынатын тәулік басталғанға дейін 30 күн жарамды, роумингте әрекет етпейді, тарифтік жоспарды өшірген кезде нөлденеді.

Абонент өз бонустық көлемінің жұмсалуын өз бетінше қадағалап, оның берілуін өз бетінше тексереді.

Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатып, мобильді деректерді қосуға кеңес береміз. Мобильді деректерді өшіру немесе «авиарежим» таңдап, содан кейін интернетті пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«авиарежим» өшіру қажет.

2G/3G желілерінде бірінші ашылған интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісінде тіркеген кезде интернет-трафик, ал ол болмаса - теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафиктің немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ Мобильді интернет қызметінің парағынан танысуға болады.

Конференция қызметіне тарифтік жоспарларда қолжетімділік жоқ.

Абонтөлем алынбаған жағдайдағы күнделікті топтама

Тарифтік жоспар бойынша абонтөлем алынбағанда және теңгерімде 70 немесе одан көп теңге болғанда, күнделікті топтама қосылады: 1000МВ+ activ/Kcell желісі ішінде 0 теңгеден қоңыраулар.

Топтама бойынша төлем — тәулігіне 70 теңге.

Топтама берілген тәуліктен кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 01:00-ге әрекет етеді. Топтама тарифтік жоспардың бөлігі болып табылады және оның тарифтік жоспардан бөлек өшіруге болмайды. Топтама бойынша төлем қаражат жеткілікті болса, күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағ. 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, төлем теңгерімді 70 теңгеден басталатын сомаға толықтырғанда алынады.

Егер тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат жеткілікті болса, онда топтама бойынша төлем алынбайды және топтама өшіріледі. Күнделікті топтама бойынша интернет-трафик қалдығын оның әрекет ету мерзімі аяқталғанша пайдалануға болады.

Топтама бойынша MB қалдығын тексеру *111*3#OK. Күнделікті топтама, тарифтік жоспар бойынша көлемнің болған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ көлем жұмсалады.

Тарифтік жоспарға қосылған кезде немесе тарифтік жоспар қайта орнатылған Бастапқы топтаманы іске қосқан кезде, егер теңгерімдегі қаражат тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін жеткіліксіз болса, онда Бастапқы топтаманы қосу/іске қосу тәулігінің соңына дейін тіпті теңгеріміңізде 70 тг болған жағдайда да Топтама қосылмайды, бұл ретте мобильді интернет/желі ішінде шығыс байланыс тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбайтын жағдайлар үшін белгіленген тариф бойынша жүргізіледі. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат әлі де жеткіліксіз болса,Топтаманы іске қосу және ол бойынша төлем алудың бірінші әрекеті Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша келесі тәулікте сағ. 00:00-ден 02:00 дейін қоса алған кезеңде жүргізіледі.

Абоненттік төлем алынбаған кезде тарифтеу

Егер топтама таусылса немесе тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтеу абоненттік төлем алынбаған кезде әрекет ететін тарифтерге сәйкес жүргізіледі:

  • Аctiv/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар – -14 тг/минут;
  • ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар - 14 тг/минут
  • Мобильді интернет — 2 тг/MB.
  • activ/Kcell желісі ішіндегі SMS — 7тг/SMS;
  • Activ/Kcell желісі ішінде MMS, бір хабарламаға 7 теңге
  • ҚР бойынша басқа желілерге SMS, 1 хабарламаға 14 теңге
  • ҚР бойынша қалалық нөмірлерге шығыс байланысы, минутына 18 теңге.

Егер интернет-трафик мерзімінен бұрын таусылса, теңгерімнен ақша қаражатының алынуын болдырмау үшін интернетті пайдалану мүмкіндігі жабылады. Пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

  • Ағымдағы тарифтік жоспарды *167#OK мәзірі арқылы қайта қосыңыз. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем мерзімінен бұрын алынады. Бұл ретте тарифтік жоспармен ескерілген қызметтердің пайдаланылмаған көлемі күйіп кетеді де қызметтердің жаңа көлемі беріледі. Назар аударыңыз! Қайта қоспас бұрын міндетті түрде мобильді деректерді өшіріңіз.
  • 650 теңгеге 2GB интернет *888# мәзірі арқылы қосымша топтаманы қосыңыз. Қосу пәрмені - *888*3*1*2#OK. Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатып, мобильді деректерді қосуға кеңес береміз. Мобильді деректерді өшіру немесе «авиарежим» таңдап, содан кейін интернетті пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«авиарежим» өшіру қажет.
  • Бұғаттауды алып, осы тарифтік жоспарда болған бүкіл мерзімде *325#OK USSD пәрмені арқылы интернетті теңгерімнен тарифтеуге (2тг/MB) рұқсат етіңіз.

Егер тарифтік жоспарыңыз бойынша Қазақстан Республикасының басқа ұялы байланыс операторларына немесе SMS ішіндегі қоңырауларға арналған бонустық минуттар мерзімінен бұрын аяқталған болса, Қазақстан Республикасының басқа ұялы байланыс операторларына қоңыраулар минутына 14 тг, activ/Kcell желісі ішіндегі SMS құны - 7 теңге хабарлама болады.

Сіз *888# мәзірі арқылы қосымша топтамаларды қоса аласыз.

  • 390 теңгеге ҚР басқа ұялы операторларына 60 минут/Қосу пәрмені *888*1*1#OK.
  • 150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS. Қосу пәрмені — *888*2*1#OK.

31.08.2020 жылға дейін «Jańa 1990», «Jańa 2590», «Jańa 2990», «Jańa 3990» тарифтік жоспарларының абоненттері Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемнің алынған және абоненттің қоңырау барысында Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қ., Жамбыл облыстарында болған жағдайында Өзбекстанға 19тг/мин қоңырау шала алады.

Егер Абонентте абонтөлем алынып, аталған аймақтарда «Алло, Шетел!» және/немесе «Өзбекстанға қоңыраулар» қызметі қосылған болса, Өзбекстанға қоңыраулар минималды тарифмен, яғни 19тг/мин тарифтеледі.