Активті Pro

Артықшылықтары


Желі ішінде

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар 0 теңге


Басқаларға байланыс

Қазақстан бойынша басқа ұялы операторларға 250 минут


Мобильді интернет

35ГБ интернет (15ГБ күндіз және 20ГБ түнде)


Bookmate

Қалтада электрондық кітапхана


mobi music

Музыканы тыңда және жүкте

 

Ай сайын, 2490 теңге көлеміндегі абоненттік төлемнің алынған жағдайында.

Назар аударыңыз! 15.02.2017 ж. бастап, тарифтік жоспардың шарттары өзгереді. Абоненттік төлем мен оған қосылған қызметтердің бонустық топтамасы ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ. Толығырақ

Активті PRO тарифтік жоспарының абоненттері үшін НАУҚАН: 

 

  • Активті PRO тарифтік жоспарында mobi music қосымшасында музыкалық хиттерді тыңдауға және ЖҮКТЕУГЕ ЛИМИТСІЗ қолжеткізу және де bookmate by activ   қосымшасында 850 000 кітапты жүктеңіз және онлайн оқыңыз. Тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлем алынса ғана, қызмет қолжетімді. Науқанның жарамдылық мерзімі 31.08.17 ж. қоса. 

   

Қызметтердің бонустық көлемінің қалдығын тексеру *111*3#ОК.

 
 

Қосымша интернет–топтамалар

Топтама Қосылу
құны,
теңге, ҚҚС есебімен
Қосылу
пәрмені
Трафик
қалдығын
тексеру
500МБ 290 *888*3*1*1#OK *888*3*3#OK
немесе
*111*3#OK
1ГБ 390 *888*3*1*2#OK
2ГБ 590 *888*3*1*3#OK

Топтаманы іске қосу құны теңгеріміңізден оның іске қосылғанынан кейін, жеткілікті теңгерім шартында алынады.

Топтамалардың әрекет ету мерзімі – қосылған сәттен бастап 30 күн.

  • Топтаманың іске қосылуының расталуы Оператордың іске қосу туралы SMS хабарламасы болып табылады.
  • Бір абонент үшін іске қосылған топтамалар саны шектелмеген. Бір уақытта бірнеше топтаманың қосылған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.
  •  Жүктелген, бірақ пайдаланылмаған топтама трафигі келесі жағдайларда нөлденеді:
    – топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
    – ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарты бұзылғанда.
  • Тарифтік жоспарды ауыстырған кезде топтамалар бойынша пайдаланылмаған трафик көлемін оның әрекет ету мерзімі шегінде пайдалануға болады. Тарифтік жоспар ауысқаннан кейін жаңа топтаманы қосу мүмкін емес.
  1. Топтаманы «Лимитсіз интернет», «Жылдық/жартыжылдық/тоқсандық интернет» интернет-қызметтерімен және жылдамдығы төмендейтін көлемі бойынша шектелмеген интернет-трафикті беру шарты бар басқа да қызметтермен қатар қосуға болмайды. Бұл ретте егер топтамамен ескерілген тра жоғарыда аталған интернет қызметтердің қосылуына дейін берілген болса, бұл трафикті қызметтер өшірілгенше пайдалану мүмкін болмайды.
  2. Топтаманы «Жылдық интернет+», «Байланыс бар!», «Мобильді интернет плюс», «Интернет+», «Бонустық интернет» қосымша интернет-қызметтерімен қатар қосуға болады. Бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Топтама бойынша да, қосымша интернет-қызмет бойынша да интернет-трафик жұмсалған жағдайда мобильді интернет абонентте әрекет ететін тарифтік жоспары бар қосымша интернет-қызметтердің үйлесімдік шарттарына сәйкес есептеледі.
  3. Топтаманы «Жеңіл интернет» қосымша интернет-қызметімен қатар қосуға болады, бұл ретте алдымен топтамамен ескерілген трафик жұмсалады.
  4. Топтаманы «Лимитсіз түнгі интернет» қосымша интернет-қызметімен қатар қосуға болады, бұл ретте осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша трафик қызмет шарттарына сәйкес Астана қ. уақытымен сағат 01:00-09:00 аралығында ұсынылып, жұмсалады, содан кейін топтама бойынша трафикті пайдалануға болады.
  5. Топтаманы «Бейне сервис» қосымша интернет-қызметімен қатар қосуға болады, бұл ретте «Бейне сервис» қызметі бойынша Бейне хостингтердің пайдаланылған жағдайында алдымен «Бейне сервис» қызметі бойынша трафик жұмсалады.
  6. Абонентте тарифтік жоспар бойынша да, топтама бойынша да интернет-трафик болса, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз интернет-трафик жұмсалады.

Осы үйлесімдік шарттарын Компания өзгерте немесе толықтыра алады.

 
2490 тенге ай сайын.

activ/Kcell желісі ішінде шығыс байланыс, дауыстық және бейнеқоңыралура, минутына – 0 теңге.

ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланыс, минутына – 250 минут 0 теңгеден, асырылған жағдайда – 11 теңге.

Мобильді интернет – 15ГБ 0 теңгеден 06:00-00:59:59 аралығында, 20ГБ 0 теңгеден 01:00-05:59:59, асырылған жағдайда – тәулік ішінде 1ші және 2шіМБ – 11 теңге/МБ (Астана қ. уақытымен тәулігіне).

activ/Kcell желісі ішінде SMS, хабарламаға – 1000 SMS 0 теңгеден, асырылған жағдайда – 7 теңге.

Абоненттік төлем алынбағанда, activ/Kcell желісі ішінде қоңыраулардың құны, ҚР басқа ұялы операторларына қоңыраулардың құны 14 тг/мин, activ/Kcell желісі ішінде SMS 7тг/хабарлама, мобильді интернет құны 14 тг/МБ.

Қалалық нөмірлерге шығыс байланыс, минутына – 15 теңге.

ҚР бойынша мобильді нөмірлерге SMS, 1 хабарлама – 11 теңге.

Халықаралық бағыттарға SMS, 1 хабаралма – 15 теңге.

activ/Kcell желісі ішінде MMS, 1 хабарлама – 7 теңге.

«Әрдайым байланыста» қызметі – 0 теңге.

Роуминг**** – қызметті пайдалану күнінде әрекет ететін және Абоненттің барған елі мен Абонент таңдаған операторға сәйкес Компания тарифтері бойынша.

«Тәулігіне 15 SMS + бонус» қызметін іске қосып, сіз тарифтік жоспар бойынша қызметтердің жұмсалмаған бонустық көлеміне (желі ішінде қоңыраулар 0 теңгеден, интернет-трафик, ҚР басқа ұялы операторларына минуттар, желі ішінде SMS) қолжеткізе аласыз, бонустық көлемнің жарамдылық мерзімін бір тәулікке ұзарта аласыз және желі ішінде 15 SMS ала аласыз, сонымен бірге, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді төлеу мерзімі 24 сағатқа ұзартылады.

Қызметті іске қосу құны 99 теңге.

Қызметті іске қосу үшін *900*1#OK теріңіз.

Қызмет аясында абоненттік төлемді алу 24 сағатқа кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Қызмет тарифтік жоспар бойынша келесі абоненттік төлемді алғанға дейін, әрекет етеді. Қызмет күшін тоқтатқаннан кейін, жұмсалмаған SMS-топтама және де тарифтік жоспар бойынша қызметтердің бонустық көлемі жойылады.

Қызметті келесі тәулікке қайта қосқан жағдайда, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз SMS-топтама жұмсалады.

 Қызметті абоненттің тарифтік жоспары бойынша келесі белгіленген абоненттік төлемді алудан алдыңғы тәулікте және қызметтің жарамдылық тәулігінде ғана іске қосуға болады. Осы тәулік біткеннен кейін, қызметті іске қосу мүмкін емес, тарифтік жоспар бойынша қызметтердің пайдаланылмаған бонустық көлемі жойылады және тарифтік жоспар бойынша келесі абоненттік төлем алынады.

Қызметті іске қосу үшін теңгерімде қаражат жеткілікті болса, қызметті тәулігіне бір ақ рет, шектеусіз рет қосуға болады.

 Тарифтік жоспарды сөндірген жағдайда, пайдаланылмаған SMS-топтама және де қызмет аясында ұзартылған тарифтік жоспар бойынша қызметтердің бонустық көлемі жойылады.

Қызметті жарамдылық мерзімі (тәулік) біткенге дейін, сөндіру мүмкін емес.

«Экстра Теңгерім», «Авто Экстра Теңгерім», «Мобильді көмек» қосымша қызметтерінің көмегімен алынған ақша қаражатын қызметті іске қосу үшін пайдалануға болады.

Үйлесімділік шарттары тарифтік жоспарлар бойынша белгіленген шарттарға сәйкес әрекет етеді.

17.12.2016 ж. бастап, Активті Pro тарифтік жоспарына қосылу жабылады.Осы тарифтік жоспарға 17.12.2016 ж. дейін қосылған абоненттер осы күннен кейін де, өз тарифтік жоспарын пайдалануды жалғастырады.

Назар аударыңыз! «Алло, Қазақстан 1, 2, 3», сондай-ақ «Алло, Қазақстан Start, XS, S, M, L, XL» тарифтік жоспарларындағы абоненттердің «Активті» тарифтік желісіне ауысқан жағдайларында олардың «Алло, Қазақстан» тарифтік желісінде үздіксіз болу мерзімі нөлденеді, «Алло, Қазақстан» тарифтеріне қайта оралу мүмкін болмайды, өйткені «Алло, Қазақстанға» жазылым 2016 жылдың 27 мамырынан бастап жабық болады.

Тарифтердің барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды.

Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 секунд.

Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1КБ.

Қосылыс ұзақтығы – 30 минутқа дейін.

Тарифтік жоспарлардың абоненттері сондай-ақ келесі тарифтер бойынша MMS қызметін іске қосқан жағдайда қосымша MMS портал қызметін пайдалана алады: ҚР басқа операторларының абоненттеріне бір MMS хабарлама жолдау құны - 15 теңге, халықаралық бағыттарға ММS жолдау – 1 хабарламаға 30 теңге.

* Абоненттік төлем абонент теңгерімінен тарифтік жоспарға қосылған сәтте толық көлемде алынады және содан кейін әр 30 күн сайын теңгерімде жеткілікті қаражат болған жағдайда Астана қ. уақыты бойынша сағат 00:00-02:00 аралығында алынады. Егер тарифтік жоспарға қосылған сәтте абонент теңгерімінде абоненттік төлемді төлеу үшін қаражат жеткіліксіз болса, онда тарифтік жоспар қосылмайды. Егер абоненттік төлем сағат 00:00-02:00 аралығында теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты алынбаса, теңгерімді сағат 02:00 кейін жеткілікті сомаға толтырған сәтте абоненттік төлем толығымен алынып, тарифтік жоспармен ескерілген қызметтер абоненттік төлемнің келесі белгіленген алынуына дейін тарифтеудің ағымдағы кезеңінде пайдалану үшін тарифтік жоспардың шарттарына толық сәйкес келетін көлемде көрсетіледі. Абоненттік төлем әр 30 күн сайын алынады.

** Қызметтердің бонустық көлемі абоненттік төлемнің табысты алынған жағдайында беріледі. Минуттар, SMS, МБ орнатылған үйлесімдік шарттарына сәйкес абоненттік төлемнің келесі алынғанынша 30 күн бойы әрекет етеді. Интернет-трафиктің бонустық көлемі абоненттік төлем алынған жағдайда беріліп, аталған уақытта (Астана қ. уақытымен) әрекет етеді. Қызметтердің бонустық көлемі роумингте жарамсыз, тарифтік жоспарды өшірген кезде нөлденеді.

Бонустық трафикті *111*3#ОК USSD-комбинациясын теру арқылы тегін тексеруге болады. Абонент бонустық трафиктің жұмсалуын өз бетінше бақылап, оның берілуін тексереді. Компания абоненттің бонустық трафик трафигі таусылғандағы негізгі теңгерімінен жұмсалған шығындарды немесе бонустық трафик жүктелгенше жұмсалған қаражатын өтемейді.

Қосулы интернет-сессия барысында берілген бонустық интернет-трафик әрекет етпейді. Осындай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректерді өшіріп, қайта қосу арқылы), интернетті трафик берілгеннен кейін пайдаланған жөн.

Тәуліктің сәйкес мерзімінде Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик Астана қ. уақытымен сағат 01:00 бастап 06:00 дейінгі аралықта автоматты түрде жұмсалады.

**** Қызметті Қазақстан Республикасының аумағынан және Компанияның қамту аймағынан тыс жерде пайдалануға болады. Қажет болған жағдайда абонент Роуминг қызметін 3330 нөміріне NET сөзін SMS жолдау арқылы өшіре алады. Қайта қосылу қажет болса, 3330 нөміріне DA сөзін SMS арқылы жолдау қажет. Қызметті ҚР аумағында – Компанияның қамту аймағында өшіріп, қайта қосуға болады.

Конференция қызметін Тарифтік жоспарларда пайдалану мүмкін емес.

Абоненттің «Жылдық интернет+» қосымша интернет-қызметін қосқан жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. «Жылдық интернет+» қызметі бойынша да, Тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған жағдайда мобильді интернет қызмет бойынша трафик келесі жүктелгенше немесе тарифтік жоспар бойынша трафик жүктелгенше қай оқиғаның бұрын орын алуына байланысты «Жылдық интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес есептеледі

Егер абонентте «Мобильді интернет+» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик «Мобильді интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша «Мобильді интернет+» қызметімен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады.

Егер абонентте «Интернет+» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик «Мобильді интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.

Егер абонентте «Лимитсіз интернет» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, «Лимитсіз интернет» қызметімен ескерілген трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылып, жұмсалады, Тарифтік жоспармен ескерілген трафикті «Лимитсіз интернет» қызметінің қосылған қалпында пайдалану мүмкін емес және оны «Лимитсіз интернет» қызметі өшірілген кезде ғана пайдалануға болады.

Егер абонентте «Жылдық интернет», «Жартыжылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» науқандық қызметтері қосылған болса, осы қызметтер бойынша абоненттік төлем қызметтердің қалыпты шарттарында алынып, қызметтермен ескерілген трафик қызмет шарттарына сәйкес жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша трафикті пайдалану мүмкін болмайды және оны «Жылдық интернет», »Жартыжылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» қызметінің өшірілген жағдайында ғана пайдалануға болады.

Егер абонентте «Жеңіл интернет» қызметі қосылған болса, бұл ретте алдымен Тарифтік жоспармен ескерілген бонустық трафик жұмсалады. Тарифтік жоспармен ескерілген трафик жұмсалған жағдайда мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспармен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбаған жағдайда тарифеу «Жеңіл интернет» қызметі бойынша жүргізіледі.

Егер абонентте «Бонустық интернет» қызметі қосылған болса, қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылады, бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.

Іске қосылған «Интернет топтамалар», «Қызмет топтамалары» қызметтерінің және басқа да осы сияқты интернет-трафик немесе SMS әрекеті шектеулі шығыс дауыстық байланысты, мобильді интернетті және/немесе SMS пайдалану жөніндегі қызметтердің болған жағдайында алдымен осындай қызметтер бойынша әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады.

Егер абонентте «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша трафик беріліп, Астана қ. уақытымен 01:00-09:00 ;аралығында қызмет шарттарына сәйкес жұмсалады, содан кейін абоненттік төлемнің алынған жағдайында Тарифтік жоспармен ескерліген трафикті пайдалануға болады.

Егер абонентте «Бейне сервис» қызметі қосылған болса, «Бейне Сервис» қызметі бойынша Бейне хостингтердің пайдаланылған жағдайында алдымен «Бейне сервис» қызметі бойынша трафик жұмсалады.

Абоненттің «Байланыс бар!» интернет-қызметін қосқан кезінде алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, интернет-қызмет бойынша да трафик таусылған жағдайда мобильді интернет Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспар шарттарына сәйкес есептеледі.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.

Осы үйлесімдік шарттарын Оператор өзгертіп, толықтыра алады.