Реактив

.kz домендік аймағының барлық сайттарына шектеусіз қолжетімділік Реактив 2590, Реактив 3290, Реактив 3990 және Реактив 4990 тарифтерінде төмендегі шарттарды орындаған жағдайда беріледі:

• тариф бойынша абоненттік төлем алынғанда;
• теңгеріміңізде тарифтік жоспар бойынша интернет-трафик көлемінің қалдығы болған жағдайында (резервтелген трафикті алып тастаумен 0КБ-тан артық) Қосымша топтамалар мен қызметтер бойынша трафик есепке алынбайды.
Қызмет 03.12.2020 жылдан бастап 31.03.2021 жылға дейін әрекет етеді, қосымша қосылуды талап етпейді!

Назар аударыңыз!
• Ресурс бағытының өзгерген немесе kz домендік аймағындағы сайттардың ресурс тақырыбына сәйкес келмейтін контент жарияланған жағдайда байланыс операторы ресурсқа тарифтелмейтін қолжеткізілімді тоқтата тұруға құқылы,
• «Реактив» желісіндегі тарифтерде барлық абоненттерді қызметтердің ең жақсы сапасымен қамтамасыз ету және желі жұмысының бұзылуын болдырмау мақсатында Қызметтерді адал пайдалану шарттары қолданылады.
• қызмет роумингте жарамсыз және оны қамтымайтын басқа тарифке ауысқан кезде өшіріледі.
• қызметті пайдаланған кезде резервтеу ережелеріне сәйкес интернет-трафикті жеке резервтеу жүргізіледі.
• қол жеткізу жылдамдығы - 1 Мбит/сек дейін.

Шектеусіз YouTube, Instagram, WhatsApp, TikTok, ВКонтакте, Facebook, Одноклассники, Telegram, IMO, Spotify Реактив 3990 және Реактив 4990 тарифтерінде төмендегі шарттарды орындаған жағдайда беріледі:

• тариф бойынша абоненттік төлем алынғанда;
• теңгеріміңізде тарифтік жоспар бойынша интернет-трафик көлемінің қалдығы болған жағдайында (резервтелген трафикті алып тастаумен 0КБ-тан артық) Қосымша топтамалар мен қызметтер бойынша трафик есепке алынбайды.

Қызмет 03.12.2020 жылдан бастап 31.03.2021 жылға дейін әрекет етеді, қосымша қосылуды талап етпейді!

Назар аударыңыз!

• YouTube пайдалану жылдамдығы - 1.5 Мбит/сек дейін.
• Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу (оның ішінде әлеуметтік желілердегі оқиғалар туралы хабарламаларды алу), бағдарламалық жасақтаманың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың аялық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді, InstagramStories, онлайн-трансляциялар барысында, сондай-ақ Telegram, IMO арқылы қоңырау шалу кезінде интернет-трафик тариф бойынша негізгі қызметтер топтамасынан, бар болған жағдайда, қосымша интернет-қызметтерден (интернет-топтамалардан) жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік тарифке қосылған қызметтердің көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі (сіздің бұған келісіміңіз болған жағдайда). Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасынан тыс тарифтеуге келісім болмаған жағдайда, тариф бойынша абоненттік төлем алынғанға, қосымша интернет-қызметті (интернет-топтаманы) қосқанға немесе тариф бойынша топтамадан тыс тарифтеуге келісім берілгенге дейін мобильді интернет қызметіне тұтастай қол жеткізу бұғатталады (және тарифтелмеуі тиіс).
• Тарифтік жоспарларда оператордың барлық абоненттерін қызметтердің ең жақсы сапасымен қамтамасыз ету және желі жұмысының бұзылуын болдырмау мақсатында Қызметтерді адал пайдалану шарттары қолданылады
• қызмет роумингте жарамсыз және оны қамтымайтын басқа тарифке ауысқан кезде өшіріледі.
• қызметті пайдаланған кезде резервтеу ережелеріне сәйкес интернет-трафикті жеке резервтеу жүргізіледі.

Реактив 7990 тарифінде барлық интернет-ресурстарға шектеусіз қолжетімділік тариф бойынша абоненттік төлем алынған кезде беріледі.

Назар аударыңыз!

Шектеусіз интернеттің дұрыс жұмыс жасауы үшін:

• Ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундтқа ажырату: мобильді деректерді өшіру немесе «әуе режимін» таңдау;
• содан кейін интернетке қосылысты жаңару: мобильді деректерді қосыңыз немесе «әуе режимін» өшіріңіз.
• тариф бойынша интернет-трафикті абоненттік құрылғыда internet қолжетімділік нүктесі реттелген жағдайда пайдалануға болады.

Мобильді интернетке қолжетімділік берілетін жылдамдық шектелмейді. Интернеттің жылдамдығына мынадай факторлар әсер етуі мүмкін:

• құрылғыңыздың (телефон, модем, смартфон және т.б.) техникалық сипаттамалары. Мысалы, мобильді құрылғыда 3G/4G жоғары жылдамдықты желісінің орнына 2G желісінің режимі орнатылған;
• сіздің орналасқан жеріңіз 3G/4G қамту аймағында емес;
• желіні жақын маңдағы басқа пайдаланушылардың жүктеуі;
• құрылғыңызды өндіруші салған бағдарламалық шектеулер, сондай-ақ энергия үнемдеу режимі орнатылған;
• күрделі қалалық рельеф (тығыз қалалық құрылыс, қалың қабырғалары бар ғимараттар, төменгі қабат және т.б.).

Тарифтік жоспарларда оператордың барлық абоненттерін қызметтердің ең жақсы сапасымен қамтамасыз ету және желі жұмысының бұзылуын болдырмау мақсатында Қызметтерді адал пайдалану шарттары қолданылады

Шектеусіз интернет роумингте әрекет етпейді.

Егер интернет-трафик немесе қоңырау шалу немесе SMS минуттарының көлемі мерзімінен бұрын таусылса, тарифті реактивтеуге (қайта қосуға) болады. Тарифт бойынша абоненттік төлем мерзімінен бұрын алынып, қызметтің жаңа көлемі беріледі.
Реактивация үшін гигабайттарды екі еселеңіз!

Тарифті әрбір табысты реактивтеу (қайта қосу) кезінде біз тариф бойынша Гигабайт санын екі есеге арттырамыз:

- Реактив 2590 тарифінде 12GB беріледі;
- Реактив 3290 – 22GB
- Реактив 3990 - 32GB
- Реактив 4990 - 62GB

Науқан 31.03.2021ж. қоса алғанға дейін әрекет етеді.
Назар аударыңыз! Реактивация (қайта қосу) алдында міндетті түрде мобильді деректерді өшіріңіз.
Реактивацияны (қайта қосуды) *167# пәрмені арқылы немесе жеке кабинетте жүргізуге болады.

Қызметті тариф бойынша абоненттік төлемнің алынған жағдайында Реактив 2590, Реактив 3290, Реактив 3990 және Реактив 4990 тарифтерінде пайдалануға болады. 03.12.2020 жылдан бастап 31.03.2021 жылға дейін әрекет етеді

Нені айырбастауға болады? Тариф бойынша топтамаға енгізілген және абоненттік төлем алынған кезде берілетін қызметтер.
Бұл қанша тұрады? Тегін.
Айырбастау бағамы қандай? ҚР бойынша басқа ұялы операторларға 10 минут = activ/Kcell желісі ішінде 50 SMS = 1GB
Қалай айырбастауға болады? *747# USSD мәзірі арқылы:
*747*1# - Мегабайттарды Минуттарға немесе SMS-ке айырбастау;
*747*2# - Минуттарды Мегабайтттарға немесе SMS-ке айырбастау;
*747*3# - SMS-ті Минуттарға немесе Мегабайттарға айырбастау;
Айырбасталатын ресурстардың қалдығын қалай тексеруге болады? *111*3# USSD пәрмені бойынша.
Айырбасталатын ресурстардың әрекет ету мерзімі қандай? Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемнің келесі орнатылған алыну тәулігінің басталуына дейін Пайдалану және үйлесімділік шарттары - тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасына ұқсас. Тарифті ауыстырғанда немесе қайта қосқанда барлық бұрын айырбасталған бонустық ресурстар жойылады.
Айырбасталған ресурстарды қайта айырбастауға бола ма? Жоқ.

Қызмет бойынша қосымша ақпарат:
• айырбасталған интернет-трафик KAZNET-ке лимитсіз қолжетімділікті ұсыну үшін тариф бойынша трафик қалдығы ретінде ескеріледі (Реактив 3990, оның ішінде - әлеуметтік желілер, мессенджерлер және бейнесервистер);
• биллинг жүйесінде резервтелген интернет-трафик үшін тариф бойынша интернет-трафикті қызмет аясында SMS-ке немесе Минуттарға айырбастауға болмайды.
• айырбастау роумингте мүмкін емес;
• егер сізде «Экстра Теңгерім», «Авто Экстра теңгерім» қызметтері бойынша берешек болса немесе «Экстра теңгерім», «Авто Экстра теңгерім» қызметтері бойынша берешекке байланысты шығыс байланыс пен интернет бұғатталса, айырбастау мүмкін болмайды.
• тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасы шегінде айырбастау үшін ресурстардың жалпы саны шектелмеген.

Реактив 2590 - *166*1*15# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 15 мәтінін жолдау
Реактив 3290 - *166*1*16# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 16 мәтінін жолдау
Реактив 3990 - *166*1*17# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 17 мәтінін жолдау
Реактив 4990 - *166*1*18# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 18 мәтінін жолдау
Реактив 7990 - *166*1*19# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 19 мәтінін жолдау

Сізге сондай-ақ жеке кабинетте, Менің activ қолданбасында немесе Kcell/activ дүкенінде қосылуға болады.
Егер қосылу сәтінде теңгеріміңізде абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тариф қосылады, бірақ қызметтер тариф бойынша абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтеледі. Тариф бойынша қызметтердің көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер ағымдағы тарифіңіз бойынша қызметтер топтамасы ескерілген болса, тариф ауысқан кезде ол нөлдендіріледі.

*111*3# пәрменін теріңіз немесе Жеке кабинетте немесе Менің activ қолданбасынан тексеріңіз.

Тарифтер бойынша абоненттік төлем тарифке қосылған кезде толық мөлшерде алынады. Содан кейін қосылу күнін немесе абоненттік төлемді алу күнін қосқанда әр 30 күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00:00-ден 02:00-ге дейін.
Егер абоненттік төлем теңгерімнің жеткіліксіз болуы себебімен сағат 00:00-ден бастап 02:00-ге дейінгі аралықта алынбаса, тариф бойынша қызметтер топтамасы берілмейді. Теңгерімді 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толықтырған кезде абоненттік төлем толық көлемде алынып, тариф бойынша қызметтер оның шарттарына сәйкес көлемде ұсынылады. Абоненттік төлемнің дұрыс алынуы үшін теңгерімді сағат 00:00 дейін немесе 02:00 кейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) толықтырған жөн.

Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасы абоненттік төлемнің сәтті алынған жағдайында ғана беріледі және үйлесімділік шарттарына сәйкес абоненттік төлемнің келесі белгіленген алыну тәулігінің басталуына дейінгі қосылу күнін және оның алыну күнін қосқанда 30 күн бойы әрекет етеді. Тариф бойынша қызметтердің топтамасы роумингте әрекет етпейді, тариф өшірілген кезде жойылады.

Қызметтер көлемінің қалдығын және абоненттік төлемді есептен шығарғанға дейінгі күндер санын *111*3# пәрменән теру арқылы не Жеке кабинетте немесе Менің activ қолданбасында тексеруге болады.

Абоненттік төлем алынбаған кездегі күнделікті топтама
Егер теңгеріміңіздегі тариф бойынша абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, қосылған тарифке байланысты күнделікті топтама іске қосылады:
Реактив 2590:
600MB интернет және желі ішінде 0тг 150тг/тәулік немесе 100MB және желі ішінде 0тг 70тг/тәулік;
Реактив 3290, Реактив 3990, Реактив 4990 және Реактив 7990:
1 GB интернет және желі ішінде 0тг 200тг/тәулік немесе 100MB және желі ішінде 0тг 70тг/тәулік;

Егер теңгерімде 70 теңге топтамасы үшін де, 150тг/200тг (тарифке байланысты) топтамасы үшін де төлемнің алынуы үшін жеткілікті сома болса, ең үлкен номиналы мен толтырымы бар бір ғана топтама іске қосылады.

Егер теңгерімдегі сома 150/200 теңгеден кем болып, 70 теңгеден артық не оған тең болса, 100MB және желі ішіндегі 0тг -70тг/тәулік топтамасы беріледі.
Күнделікті топтама берілген тәуліктен кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 01:00-ге әрекет етіп, тарифтің бөлігі болып табылады және одан бөлек өшірілмейді. Топтама бойынша төлем теңгерімдегі қаражат жеткілікті болса, күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағ. 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады.

Егер қаражат жеткіліксіз болса, төлем теңгерімді тиісті топтама құнынан кем болмайын сомаға толықтырғанда алынады.
Егер теңгерімде тариф бойынша абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткілікті болса, онда топтама үшін төлем алынбайды және топтама өшіріледі. Күнделікті топтама бойынша интернет-трафик қалдығын оның әрекет ету мерзімі аяқталғанша пайдалануға болады.
Топтама бойынша MB қалдығын тексеру *111*3#OK. Күнделікті топтама, тариф бойынша көлемнің болған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ көлем жұмсалады.
Күнделікті топтама Реактив желісіндегі тарифті қосудан немесе бастақпы топтама сатып алудан кейінгі бірінші күні қосылмайды. Тариф бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат әлі де жеткіліксіз болса,күнделікті топтаманы іске қосу және ол бойынша төлем алудың бірінші әрекеті Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша келесі тәулікте сағ. 00:00-ден 02:00 дейін қоса алған кезеңде жүргізіледі.

Абоненттік төлем алынбаған кезде тарифтеу
Егер күнделікті топтама таусылса немесе теңгерімде тарифтік жоспар бойынша төлем алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, қызметтер абонтөлем алынбаған кезде әрекет ететін тарифтерге сәйкес көрсетіледі:
• Аctiv/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар -18 тг/минут;
• ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар - 18 тг/минут
• мобильді интернет — 2 тг/MB.
• activ/Kcell желісі ішіндегі SMS — 7тг/SMS.

Егер сізде интернет-трафик мерзімінен бұрын таусылса, теңгерімнен ақша қаражатының алынуын болдырмау үшін интернетті пайдалану мүмкіндігі жабылады. Пайдалану мүмкіндігін қалпына келтіру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

• Ағымдағы тарифіңізді реактивтендіріп (қайта қосып), Гигабайттарыңызды екі еселеңіз Тариф бойынша абоненттік төлем мерзімінен бұрын алынып, ол бойынша пайдаланылмаған қызмет көлемі күйіп кетеді, ал жаңа қызмет көлемі ұсынылады. Назар аударыңыз! Қайта қоспас бұрын міндетті түрде мобильді деректерді өшіріңіз.
• *888# мәзірі арқылы 650 теңгеге 2GB интернет қосымша топтамасын қосыңыз. Қосу пәрмені — *888*3*1*3#. Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатуды ұсынамыз: мобильді деректерді өшіру немесе «әуе режимін» таңдап, содан кейін пайдалануды қайта бастау: мобильді деректерді қосып/«әуе режимін» өшіру қажет.
• Бұғаттауды алып, осы тарифте болған бүкіл мерзімде *325# USSD пәрмені арқылы интернетті теңгерімнен тарифтеуге (2тг/MB) рұқсат етіңіз.

Егер тарифіңіз бойынша Қазақстан Республикасының басқа ұялы байланыс операторларына немесе SMS ішіндегі қоңырауларға арналған минуттар мерзімінен бұрын аяқталған болса, Қазақстан Республикасының басқа ұялы байланыс операторларына қоңыраулар минутына 18 тг, activ/Kcell желісі ішіндегі SMS құны - 7 теңге хабарлама болады.
Сіз *888# мәзірі арқылы қосымша топтамаларды қоса аласыз.
390 теңгеге ҚР басқа ұялы операторларына 60 минут. Қосу пәрмені — *888*3*1*1#.
150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS. Қосу пәрмені — *888*3*1*2#.

ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар18 ₸/мин
activ/Kcell желісі ішіндегі МMS7 ₸/MMS
ҚР бойынша басқа ұялы операторларға SMS14₸/SMS
activ/Kcell желісі ішіндегі SMS(Реактив 7990 тарифінде)7₸/SMS

Егер тарифпен бір уақытта сізде қосымша қызмет қосылған болса:

«Жылдық интернет+» - алдымен жарамдылық мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. Егер интернет-трафик тариф бойынша да, қызмет бойынша да таусылған болса, мобильді интернет «Жылдық интернет +» қызметінің шарттарына сәйкес қызмет бойынша келесі трафик берілгенге дейін немесе тариф бойынша келесі трафик берілгенге дейін, қандай оқиғаның бұрын орын алуына байланысты тарифтелетін болады.

«Мобильді интернет плюс» - осы қызмет бойынша абоненттік төлем оның қалыпты шарттарында алынып, интернет-трафик оның шарттарына сәйкес беріледі. Бұл ретте алдымен жарамдылық мерзімі ең аз трафик жұмсалады. Егер интернет-трафик тариф бойынша да, қызмет бойынша да таусылса, онда тариф бойынша абоненттік төлемнің кезекті түрде алынуына дейін мобильді интернет «Мобильді интернет плюс» қызметінің тарифтеріне сәйкес тарифтелетін болады.

«Интернет+» - қызмет бойынша абоненттік төлем оның қалыпты шарттарында алынып, интернет-трафик оның шарттарына сәйкес беріледі. Бұл ретте алдымен жарамдылық мерзімі ең аз трафик жұмсалады. Егер интернет-трафик тариф бойынша да, қызмет бойынша да таусылса, онда тариф бойынша абоненттік төлемнің кезекті түрде алынуына дейін мобильді интернет «Интернет+» қызметінің тарифтеріне сәйкес тарифтелетін болады.

«Бонустық интернет» - қызмет бойынша абоненттік төлем оның қалыпты шарттарында алынып, интернет-трафик оның шарттарына сәйкес беріледі. Бұл ретте алдымен жарамдылық мерзімі ең аз трафик жұмсалады. Егер интернет-трафик тариф бойынша да, қызмет бойынша да таусылса, онда тариф бойынша абоненттік төлемнің кезекті түрде алынуына дейін мобильді интернет тариф шарттарына сәйкес тарифтелетін болады.

«Онлайн» - алдымен жарамдылық мерзімі ең аз трафик жұмсалады. Егер интернет-трафик тариф бойынша да, қызмет бойынша да таусылса, онда тариф бойынша абоненттік төлемнің кезекті түрде алынуына дейін мобильді интернет тариф шарттарына сәйкес тарифтелетін болады.

Мобильді интернетті пайдалану бойынша әрекет ету мерзімі шектеулі өзге де қызметтерді, желі ішінде немесе ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланысты және/немесе желі ішіндегі SMS бір уақытта қосқан жағдайда алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.