17.12.2020 жылдан бастап «Шынайы шексіз S», «Шынайы шексіз M», «Шынайы шексіз L» тарифтеріне қосылу жабылады.
«Шынайы шексіз» тарифіне 17.12.2020 жылға дейін қосылған абоненттер үшін осы тарифтік жоспарлардың әрекеті жалғаса береді.

Реальный безлимит

Мобильді интернетке қолжетімділік берілетін жылдамдық шектелмейді.

Шектеусіз интернеттің дұрыс жұмыс жасауы үшін:

  • Ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундтқа ажыратып: мобильді деректерді өшіру немесе «авиарежимді» таңдау қажет
  • Содан кейін интернетке қосылысты жаңартыңыз: мобильді деректерді қосыңыз немесе «авиарежимді» өшіріңіз

Тариф бойынша интернет-трафикті абоненттік құрылғыда internet қолжетімділік нүктесі реттелген жағдайда пайдалануға болады.

Интернеттің ең жоғары жылдамдығына мынадай факторлар әсер етуі мүмкін:

• Сіздің құрылғыңыздың (телефон, модем, смартфон және т.б.) техникалық сипаттамалары. Мысалы, мобильді құрылғыда 3G/4G жоғары жылдамдықты желісінің орнына 2G желісінің режимі орнатылған;
• Сіздің орналасқан жеріңіз 3G/4G қамту аймағында емес;
• желіні жақын маңдағы басқа пайдаланушылардың жүктеуі;
• құрылғыңызды өндіруші салған бағдарламалық шектеулер, сондай-ақ энергия үнемдеу режимі орнатылған;
• күрделі қалалық рельеф (тығыз қалалық құрылыс, қалың қабырғалары бар ғимараттар, төменгі қабат және т.б.).

Тариф бойынша минуттар топтамасы activ/Kcell желісі ішіндегі барлық дауыстық қоңырауларға, басқа ұялы операторларға және ҚР бойынша қалалық нөмірлерге әрекет етеді.

Минуттар қалдығын қалай тексеруге болады?

  • USSD *111*3# теру
  • Менің activ мобильді қолданбасын қарау
  • activ.kz сайтындағы жеке кабинетке кіру

ҚР бойынша барлық желілерге қоңыраулар таусылса, не істеу қажет?

  • activ/Kcell желісі ішінде және ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар минутына 14 теңгеден тарифтелетін болады
  • ҚР қалалық нөмірлеріне қоңыраулар минутына 18 тг

Сондай-ақ сіз *888*1# теру арқылы «ҚР бойынша барлық операторларға 30 минут 210тг, 30 күнге» қосымша топтамасын қоса аласыз (тариф бойынша абонтөлем алынған жағдайда қосылады).

  • «Шынайы шексіз S» *166*1*6# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 6 мәтінін жолдау
  • «Шынайы шексіз M» *166*1*7# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 7 мәтінін жолдау
  • «Шынайы шексіз L» *166*1*8# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 8 мәтінін жолдау

Сондай-ақ activ.kz сайтындағы жеке кабинетте, Менің activ қолданбасында немесе Kcell/activ дүкенінде қосылуға болады.

Егер қосылу сәтінде теңгерімде абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тариф қосылады, бірақ қызметтер тариф бойынша абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтеледі. Тариф бойынша қызметтердің көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер ағымдағы тарифіңіз бойынша қызметтер топтамасы ескерілген болса, тариф ауысқан кезде ол нөлдендіріледі.

Тарифтер бойынша абоненттік төлем тарифке қосылған кезде толық мөлшерде алынады. Содан кейін қосылу күнін немесе абонтөлемді алу күнін қосқанда әр 30 күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00:00-ден 02:00-ге дейін.

Егер абоненттік төлем теңгерімнің жеткіліксіздігіне байланысты 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, интернетті шектеусіз пайдалану мүмкін болмайды және минуттар топтамасы берілмейді. Теңгерімді 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толықтырған кезде абонентөлем толық көлемде алынып, тариф бойынша қызметтер тариф шарттарына сәйкес көлемде ұсынылады. Абоненттік төлемнің дұрыс алынуы үшін теңгерімді сағат 00:00 дейін немесе 02:00 кейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) толықтырған жөн.

Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасы абонтөлемнің сәтті алынған жағдайында ғана беріледі және үйлесімділік шарттарына сәйкес абонтөлемнің келесі белгіленген алыну тәулігінің басталуына дейінгі қосылу күнін және абонтөлемнің алыну күнін қосқанда 30 күн бойы әрекет етеді. Тариф бойынша қызметтердің топтамасы роумингте әрекет етпейді, тариф өшірілген кезде жойылады.

Бонустық көлемнің қалдығын, абонтөлемді алуға дейінгі күн санын *111*3# USSD тіркесін теру арқылы немесе Менің activ қолданбасында, Жеке кабинетте тексеруге болады.

Тариф бойынша абонтөлем алынбаған жағдайда күнделікті топтама іске қосылады (қосылған тарифтік жоспарға байланысты):


600MB интернет және желі ішінде 0тг 150тг/тәулік немесе 100MB және желі ішінде 0тг 70тг/тәулік;

Шынайы шексіз M:
1 GB интернет және желі ішінде 0тг 200тг/тәулік немесе 100MB және желі ішінде 0тг 70тг/тәулік;

Шынайы шексіз L :
1 GB интернет және желі ішінде 0тг 200тг/тәулік немесе 100MB және желі ішінде 0тг 70тг/тәулік;

Егер теңгерімде 70 теңгелік топтама үшін де, 150/200тг (тарифтік жоспарға сәйкес) Топтамасы үшін де төлемнің алынуы үшін жеткілікті сома болса, ең үлкен номиналы мен толтырымы бар бір ғана Топтама іске қосылады.

Егер теңгерімдегі сома 150/200 теңгеден кем болып, 70 теңгеден артық не тең болса, 100MB және желі ішіндегі 0тг -70тг/тәул. топтамасы беріледі.
Топтама бойынша MB қалдығын тексеру *111*3#OK.
Күнделікті топтама, тариф бойынша көлемнің болған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ көлем жұмсалады.
Топтама берілген тәуліктен кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 01:00-ге дейін әрекет етеді. Топтама Тарифтің бір бөлігі болып табылады және тарифтен бөлек өшірілмейді. Топтама бойынша төлем қаражат жеткілікті болса, күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, төлем теңгерімді тиісті топтама құнынан кем болмайын сомаға толықтырғанда алынады.
Егер теңгерімде тариф бойынша абонтөлемді алу үшін қаражат жеткілікті болса, онда топтама бойынша төлем алынбайды және топтама өшіріледі. Жағымды ескертпе: Күнделікті топтама бойынша интернет-трафик қалдығын оның әрекет ету мерзімі аяқталғанша пайдалануға болады.
Күнделікті топтама Шынайы шексіз желісіндегі тарифтік жоспардың қосылуынан немесе бастақпы топтама сатып алудан кейінгі бірінші күні қосылмайды. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алу үшін қаражат әлі де жеткіліксіз болса,күнделікті топтаманы іске қосу және ол бойынша төлем алудың бірінші әрекеті Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша келесі тәулікте сағ. 00:00-ден 02:00 дейін қоса алған кезеңде жүргізіледі.

Егер күнделікті топтама таусылса немесе теңгерімде тарифтік жоспар бойынша төлем алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, қызметтер абонтөлем алынбаған кезде әрекет ететін тарифтерге сәйкес көрсетіледі:

• activ/Kcell желісі ішінде және ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар - минутына 14 теңге.
• ҚР қалалық нөмірлеріне қоңыраулар - минутына 18тг.
• мобильді интернет — 1 тг/MB.

  • Activ/Kcell желісі ішінде SMS және MMS, бір SMS* үшін 7 теңге
  • ҚР бойынша басқа желілерге SMS, бір SMS үшін 14 теңге
  • Әрдайым байланыста — 0 теңге
  • Тарифтік жоспарларда «Конференция» қызметін пайдалану мүмкін емес
  • Роуминге - Қызметті пайдалану күнінде әрекет ететін және абоненттің барған елі мен абонент таңдаған операторға сәйкес Компания тарифтері бойынша

*«150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS» топтамасын *888*2#OK теру арқылы қосуға болады.

Барлық тарифтер, ҚҚС есепке ала отырып, теңгемен көрсетілген және тек ҚР аумағында Компанияның қамту аймағында әрекет етеді. Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 сек. Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1 КБ.

Әрекет ету мерзімі шектеулі интернетті, шығыс дауыстық байланысты, SMS пайдалану қызметтерін бір уақытта қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі азырақ қызметтердің көлемі жұмсалады. Егер Сізге «Шынайы шексіз» тарифінің шарттарына сәйкес лимитсіздік қолжетімді болса, басқа қызметтер бойынша интернет-трафик лимитсіздіктің әрекет ету кезеңінде жұмсалмайды.

«Шынайы шексіз» тарифінде Қызметтерді адал пайдалану шарттары қолданылады: абоненттерімізге қызметтердің сапасы ең жақсы қызметтермен қамтамасыз ету мен желі жұмысының бұзылуын алдын алуға арналғанның барлығы.

Тарифтің әрекеті тоқтатылғанда, Абоненттерге қызмет көрсету Абонент Тарифке қосылғанға дейін қолданған тарифте, ал ондай тариф болмаса – ҚР қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмеген болса, бұл туралы Абонентті хабардар ете отырып, абонтөлемсіз басқа қолжетімді тариф талаптарында жалғасады.

Осы талаптарды Компания бір жақты тәртіпте өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.