Реальный безлимит

Мобильді интернетке қолжетімділік берілетін жылдамдық шектелмейді.

Шектеусіз интернеттің дұрыс жұмыс жасауы үшін:

  • Ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундтқа ажыратып: мобильді деректерді өшіру немесе «авиарежимді» таңдау қажет
  • Содан кейін интернетке қосылысты жаңартыңыз: мобильді деректерді қосыңыз немесе «авиарежимді» өшіріңіз

Тариф бойынша интернет-трафикті абоненттік құрылғыда internet қолжетімділік нүктесі реттелген жағдайда пайдалануға болады.

Тариф бойынша минуттар топтамасы activ/Kcell желісі ішіндегі барлық дауыстық қоңырауларға, басқа ұялы операторларға және ҚР бойынша қалалық нөмірлерге әрекет етеді.

Минуттар қалдығын қалай тексеруге болады?

  • USSD *111*3# теру
  • Менің activ мобильді қолданбасын қарау
  • activ.kz сайтындағы жеке кабинетке кіру

ҚР бойынша барлық желілерге қоңыраулар таусылса, не істеу қажет?

  • activ/Kcell желісі ішінде және ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар минутына 14 теңгеден тарифтелетін болады
  • ҚР қалалық нөмірлеріне қоңыраулар минутына 18 тг

Сондай-ақ сіз *888*1# теру арқылы «ҚР бойынша барлық операторларға 30 минут 210тг, 30 күнге» қосымша топтамасын қоса аласыз (тариф бойынша абонтөлем алынған жағдайда қосылады).

  • «Шынайы шексіз S» *166*1*6# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 6 мәтінін жолдау
  • «Шынайы шексіз M» *166*1*7# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 7 мәтінін жолдау
  • «Шынайы шексіз L» *166*1*8# теру немесе 166 нөміріне SMS арқылы 8 мәтінін жолдау

Сондай-ақ activ.kz сайтындағы жеке кабинетте, Менің activ қолданбасында немесе Kcell/activ дүкенінде қосылуға болады.

Егер қосылу сәтінде теңгерімде абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тариф қосылады, бірақ қызметтер тариф бойынша абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтеледі. Тариф бойынша қызметтердің көлемі абоненттік төлемнің толық құны алынғаннан кейін беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер ағымдағы тарифіңіз бойынша қызметтер топтамасы ескерілген болса, тариф ауысқан кезде ол нөлдендіріледі.

Тарифтер бойынша абоненттік төлем тарифке қосылған кезде толық мөлшерде алынады. Содан кейін қосылу күнін немесе абонтөлемді алу күнін қосқанда әр 30 күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00:00-ден 02:00-ге дейін.

Егер абоненттік төлем теңгерімнің жеткіліксіздігіне байланысты 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, интернетті шектеусіз пайдалану мүмкін болмайды және минуттар топтамасы берілмейді. Теңгерімді 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толықтырған кезде абонентөлем толық көлемде алынып, тариф бойынша қызметтер тариф шарттарына сәйкес көлемде ұсынылады. Абоненттік төлемнің дұрыс алынуы үшін теңгерімді сағат 00:00 дейін немесе 02:00 кейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) толықтырған жөн.

Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасы абонтөлемнің сәтті алынған жағдайында ғана беріледі және үйлесімділік шарттарына сәйкес абонтөлемнің келесі белгіленген алыну тәулігінің басталуына дейінгі қосылу күнін және абонтөлемнің алыну күнін қосқанда 30 күн бойы әрекет етеді. Тариф бойынша қызметтердің топтамасы роумингте әрекет етпейді, тариф өшірілген кезде жойылады.

Бонустық көлемнің қалдығын, абонтөлемді алуға дейінгі күн санын *111*3# USSD тіркесін теру арқылы немесе Менің activ қолданбасында, Жеке кабинетте тексеруге болады.

Тариф бойынша абонтөлем алынбағанда және теңгерімде 70 немесе одан көп теңге болғанда, «Күнделікті топтама» қосылады:

Күнделікті топтамаға* не кіреді?

  • 100MB
  • activ/Kcell желісі ішінде 0 теңгеден қоңыраулар

Топтама бойынша төлем — тәулігіне 70 теңге.

Топтама бойынша MB қалдығын тексеру *111*3#OK

* Күнделікті топтама, тариф бойынша көлемнің болған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ көлем жұмсалады.

Топтама берілген тәуліктен кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 01:00-ге әрекет етеді. Топтама Тарифтің бір бөлігі болып табылады және тарифтен бөлек өшірілмейді. Топтама бойынша төлем қаражат жеткілікті болса, күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағ. 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, төлем теңгерімді 70 теңгеден басталатын сомаға толықтырғанда алынады.

Егер тариф бойынша абонтөлемді алу үшін қаражат жеткілікті болса, онда топтама бойынша төлем алынбайды және топтама өшіріледі. Жағымды ескертпе: Күнделікті топтама бойынша интернет-трафик қалдығын оның әрекет ету мерзімі аяқталғанша пайдалануға болады.

Тарифке қосылған кезде немесе тариф қайта орнатылған Бастапқы топтаманы іске қосқан кезде, егер теңгерімдегі қаражат тариф бойынша абонтөлем алу үшін жеткіліксіз болса, онда Бастапқы топтаманы қосу/іске қосу тәулігінің соңына дейін тіпті теңгеріміңізде 70 тг болған жағдайда да Топтама қосылмайды, бұл ретте мобильді интернет/желі ішінде шығыс байланыс тариф бойынша абонтөлем алынбайтын жағдайлар үшін белгіленген тариф бойынша жүргізіледі. Тариф бойынша абонтөлем алу үшін қаражат әлі де жеткіліксіз болса,Топтаманы іске қосу және ол бойынша төлем алудың бірінші талпынысы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша келесі тәулікте сағ. 00:00-ден 02:00 дейін қоса алған кезеңде жүргізіледі.

Теңгерімді 70 теңге де болмаған жағдайда не болады?

Егер топтама таусылса немесе тарифтік жоспар бойынша төлем алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтеу абонтөлем алынбаған кезде әрекет ететін тарифтерге сәйкес жүргізіледі:

  • activ/Kcell желісі ішінде және ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар - минутына 14 теңге;
  • ҚР қалалық нөмірлеріне қоңыраулар - минутына 18тг
  • Мобильді интернет — 1 тг/MB

Назар аударыңыз!!! 08.10.2020 жылдан бастап Шынайы шексіз тарифтік желісінің абоненттері үшін абоненттік төлемнің алынбаған кезіндегі тарифтеу шарттарына өзгерістер енгізіледі, толығырақ мына жерде.

  • Activ/Kcell желісі ішінде SMS және MMS, бір SMS* үшін 7 теңге
  • ҚР бойынша басқа желілерге SMS, бір SMS үшін 14 теңге
  • Әрдайым байланыста — 0 теңге
  • Тарифтік жоспарларда «Конференция» қызметін пайдалану мүмкін емес
  • Роуминге - Қызметті пайдалану күнінде әрекет ететін және абоненттің барған елі мен абонент таңдаған операторға сәйкес Компания тарифтері бойынша

*«150 теңгеге аctiv/Kcell желісі ішінде 30 SMS» топтамасын *888*2#OK теру арқылы қосуға болады.

Барлық тарифтер, ҚҚС есепке ала отырып, теңгемен көрсетілген және тек ҚР аумағында Компанияның қамту аймағында әрекет етеді. Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 сек. Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1 КБ.

Әрекет ету мерзімі шектеулі интернетті, шығыс дауыстық байланысты, SMS пайдалану қызметтерін бір уақытта қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі азырақ қызметтердің көлемі жұмсалады. Егер Сізге «Шынайы шексіз» тарифінің шарттарына сәйкес лимитсіздік қолжетімді болса, басқа қызметтер бойынша интернет-трафик лимитсіздіктің әрекет ету кезеңінде жұмсалмайды.

«Шынайы шексіз» тарифінде Қызметтерді адал пайдалану шарттары қолданылады: абоненттерімізге қызметтердің сапасы ең жақсы қызметтермен қамтамасыз ету мен желі жұмысының бұзылуын алдын алуға арналғанның барлығы.

Тарифтің әрекеті тоқтатылғанда, Абоненттерге қызмет көрсету Абонент Тарифке қосылғанға дейін қолданған тарифте, ал ондай тариф болмаса – ҚР қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмеген болса, бұл туралы Абонентті хабардар ете отырып, абонтөлемсіз басқа қолжетімді тариф талаптарында жалғасады.

Осы талаптарды Компания бір жақты тәртіпте өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.