Қызметтер архиві

Сүйікті нөмір

22.12.2017 ж. бастап қызметіне қосылу жабылады.

Адамның қанша досы мен танысының болуына қарамастан, әрдайым байланыста болғылары келетін басты да қымбатты адамдар саны бірнешеу ғана. «Сүйікті нөмір» қызметін қостырған activ абоненттері 3 Kcell/activ «сүйікті нөмірімен» шексіз хабарласудың қызығын көре алады!

Қызмет сипаттамасы

  • Қызметті қосқан кезде Абонент «сүйікті нөмірге» 0 тарифі бойынша қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болады. Қызмет алғаш нөмірді «сүйікті нөмірлер» тізіміне енгізгенде қосылады;
  • Қызмет шеңберінде қосуға болатын барынша көп «сүйікті нөмірлер» саны – 3 нөмірге дейін;
  • Қызметтің абоненттік төлемі - тәулігіне 10 теңге*. Абоненттік төлем Қызмет бойынша қосылатын «сүйікті нөмірлер» санына қатыссыз алынады;
  • Әр «сүйікті нөмірді» 30 күнде 1 рет қосу тегін, 30 күнде 1 реттен артық - 99 теңге, бұл ретте 30 күндік мерзім әр «сүйікті нөмірге» соңғы қосылу сәтінен бастап есептеледі;
  • «Сүйікті нөмірді» ауыстыру қосылған «сүйікті нөмірді» жойып, жаңа «сүйікті нөмірді» қосу арқылы жүргізіледі;
  • «Сүйікті нөмірді» жою тегін жүргізіледі;
  • Қызметті өшіру барлық «сүйікті нөмірлерді» өшіру ақылы жүргізіледі;
  • Қызметті activ абоненттері пайдалана алады.

* Абоненттік төлем күнделікті алынып, тәулігіне 10 теңге құрайды. Абоненттік төлем Қызметке қосылған сәтте толық көлемде алынып, ары қарай Астана қ. уақытымен 00:00 бастап 02:00 дейінгі мерзім аралығында күнделікті алынатын болады. Егер абоненттік төлем 00:00 бастап 02:00 дейінгі аралықта теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен алынбаған болса, осы тәулік ішінде 02:00 кейін теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда абоненттік төлем толықтай алынып, Қызмет абоненттік төлемнің келесі алынғанынша көрсетіледі. Қызмет бойынша абоненттік төлемді алу үшін теңгерімде ақша қаражатының 30 күн қатарынан болмаған жағдайында Қызмет өшіріледі. Абоненттік төлем алынбаған, сондай-ақ Қызмет өшірілген жағдайда activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулардың тарифтелуі Абонентте әрекет ететін тарифтік жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Басқару нұсқаулығы

«Сүйікті нөмірлерді» басқару нұсқаулығы

Бас мәзір:

  • Мобильді телефоныңыздан *946# теріңіз

Өз «сүйікті нөмірлер» тізімін білу:

  • Мобильді телефоныңыздан *946*1# теріңіз.

«Сүйікті нөмірді» қосу (тек Kcell немесе activ):

  1. Мобильді телефоныңыздан *946*2# теріңіз;
  2. Содан кейін «сүйікті нөмірді» 77021234567 форматында енгізіңіз.

«Сүйікті нөмірді» басқасына ауыстыру:

  1. Мобильді телефоныңыздан *946*3# теріңіз;
  2. Жойғыңыз келетін «сүйікті нөмірді» 77021234567 форматында теріңіз;
  3. Жаңа «сүйікті нөмірді» 77021234567форматында теріңіз

«Сүйікті нөмірді» жою:

  1. Мобильді телефоныңыздан *946*4# теріңіз;
  2. Жойғыңыз келетін «сүйікті нөмірді» 77021234567форматында теріңіз.

«Сүйікті нөмір» қызметі туралы ақпарат алу:

  • Мобильді нөміріңізден *946*5# теріңіз.

Үйлесімдік шарттары

Желі ішінде 0 теңгеден қоңырау шалу мүмкіндігін беретін тарифтік жоспарды немесе қосымша қызметтерді пайдаланушылардың Қызметті бір уақытта қосқан жағдайында Абоненттік төлем Қызмет бойынша да, тарифтік жоспар/қосымша қызмет бойынша да алынады.*

* Оператор осы үйлесімдік шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады.

SMS топтамалар

31.12.2017 ж. бастап «SMS топтамалар» қызметіне қосылу жабылады.

SMS-топтамалар қызметі – бұл желі ішінде сенгісіз төмен бағаларға SMS жолдау мүмкіндігі.

Қосылу

Қосылу үшін Сізге:

1) Қосылу үшін Сізге *888*2# теріп, қажет СМС топтамасын таңдау керек.

2) 888 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдау:

50SMS немесе 50СМС - "50 SMS" топтамасы үшін,

100SMS немесе 100СМС - "100 SMS" топтамасы үшін,

300SMS немесе 300СМС - "300 SMS" топтамасы үшін,

2000SMS немесе 2000СМС - "2000 SMS" топтамасы үшін,

SMS70 немесе СМС70 - "Түнгі шектеусіз SMS" топтамасы үшін,

25SMS или 25СМС- "7 күнге 60тг 25 SMS" топтамасы үшін.


Топтамадағы пайдаланылған SMS қалдығын тексеру үшін:

Телефоныңыздан *888*2*6# теріңіз немесе 888 нөміріне "Bal" немесе "Бал" мәтіні бар хабарлама жолдаңыз. Көрсетілген хабарламалар тегін жолданады.

Шарттары

1. Бір SMS-хабарламада – 0 - 160 таңба (латын әріптерімен) және/немесе 0 - 70 таңба (кириллица әріптерімен) болуы тиіс.

2. Қызметті барлық тарифтік жоспарлардағы Activ абоненттері пайдалана алады, ол желі ішінде пайдалану үшін жарамды және роумингте әрекет етпейді.

3. Қызметтің абоненттік ақысы Қызметтің сәтті іске қосылған жағдайында абоненттің дербес шотынан таңдалған топтамаға байланысты бір уақытта алынады. «Түнгі шектеусіз SMS» топтамасының түнде (00.00 - 08.00 аралығында) іске қосылған жағдайында топтама әрекеті қосылған сәтте басталады, күндізгі уақытта қосылған жағдайда топтама келесі күні сағат 00.00-де іске қосылады. Қалған топтамалар іске қосылған сәттерінде қосылады.

4. «Түнгі шектеусіз SMS» топтамасының іске қосылғанынан кейін қызмет абоненттің одан бас тартқанынша автоматты түрде топтаманың келесі әрекет ету мерзіміне көрсетіледі. Бұл жағдайда қызметтен бас тарту *888*2*5*3# (тегін) пәрменін теру арқылы жүргізіледі.

5. Топтамадағы SMS саны тек топтаманың әрекет ету мерзімінде ғана жарамды, пайдаланылмаған SMS ауыстырылмайды және олардың ақысы қайтарылмайды.

6. Бір топтаманы қосқан жағдайда, оның әрекет ету мерзімінде басқа топтаманы сатып алуға болады. Бұл жағдайда, егер жаңа қосылатын топтаманың бұрын қосылған топтамамен номиналы сәйкес келсе, бұрын қосылған топтаманың пайдаланылмаған SMS-тері жаңа қосылған топтаманың SMS-теріне қосылады. Топтамалардың әрекет етуінің аяқталу күні соңғы қосылған SMS топтаманың әрекет етуінің аяқталу күні болады. Түрлі номиналдағы топтамаларды сатып алған жағдайда, әрбір қосылған топтама өзінің әрекет ету мерзімімен өздігінен әрекет етеді. Кез келген номиналдағы қосылған топтамамен "Түнгі лимитсіз SMS" топтамасын іске қосқан жағдайда, әрбір қосылған топтама бұл жағдайда өздігінен әрекет етеді (түнгі уақытта 00.00 бастап 08.00 дейін SMS жолдау "Түнгі лимитсіз SMS" топтамасының есебінен жүзеге асырылады, басқа қосылған топтамалар шығындалмайды).

7. Қызметтің аяқталу күні соңғы іске қосылған SMS топтама әрекетінің аяқталу күні болып саналады.

8. Іске қосылған топтамалардың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ топтамаға кіретін SMS-тер пайдаланылғаннан кейін SMS қызметінің тарификациясы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі.

9. Егер абонентте «Барлығы бірге S»«Барлығы бірге M»«Барлығы бірге L», «Барлығы бірге XL», «Барлығы бірге 49» тарифтері қосылған болса, алдымен тарифтік жоспармен жүктелген SMS, олар аяқталғаннан кейін Қызметтің SMS-топтамасымен ескерілген SMS жұмсалады.

10. «7 күнге 60 теңгеге 25 SMS» топтамасы бойынша абоненттік төлем алғаш рет ҚҚС есебімен 60 теңге көлемінде алынып, 25 SMS топтамасы қызметке қосылған кезде жүктеледі. Абоненттік төлем келесі рет әр 7 күн сайын Астана қ. уақытымен сағат 00:00 бастап 01:00 дейінгі аралықта алынып тұрады. Егер абоненттік төлем теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен 00:00 бастап 01:00 дейінгі аралықта алынбаса, теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда абоненттік төлем толықтай алынып, 7 күн бойы жарамды SMS-топтама жүктеледі. Теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен абоненттік төлем алынбаған жағдайда (теңгерім толтырылған кезде де) абоненттік төлемді алу талпыныстары абоненттің осы топтаманы өшіргенше жалғасады. Топтаманы *888*2*4*3# USSD комбинациясын теру арқылы өшіруге болады (тегін).

Құны

ТоптамаТоптаманың әрекет ету мерзіміне төлем, құны бірлікпен*1 SMS құны, топтамадаТоптаманың әрекет ету мерзімі
7 күнге 60 теңгеге 25 SMS 60 2,4 7 күн, топтама 60 теңге көлеміндегі апталық абоненттік төлемнің табысты алынған жағдайында әр 7 күн сайын жүктеледі
50 SMS 200 4 30 күн, бір реттік топтама
100 SMS 300 3 30 күн, бір реттік топтама
300 SMS 600 2 30 күн, бір реттік топтама
2000 SMS 3000 1,5 30 күн, бір реттік топтама
Түнгі лимитсіз SMS 70 - Түнгі уақыт – 00.00 бастап келесі немесе ағымдағы тәуліктің 08.00 дейін

* 1 бірлік = 1 теңге, ҚҚС есебімен

Теңгерімді бақылау

31.12.2017 ж. бастап «Теңгерімді бақылау» қызметіне қосылу жабылады.

"Теңгерімді бақылау" қызметі сізге сұхбат аяқтала салысымен шынайы уақыт қалпында соңғы ақылы дауыстық қоңырау құны туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.Қосымша, сіз сондай-ақ дербес шотыңыздың ағымдағы қалпы туралы ақпаратты ала аласыз. Осылайша, сіз ешбір қосымша әрекет жүргізбестен қаражатыңызды тұрақты түрде бақылай аласыз.

Шарттары

Ақпарат кез келген сәтті ақылы дауыстық қоңырау («Сұхбаттасушы есебінен қоңырау» қызметі арқылы шалынған дауыстық қоңырауларды, дауыстық халықаралық қоңырауларды, басқа желілерге қоңырауларды, ақылы қысқа нөмірлерге қоңырауларды қоса) шалынғаннан кейін, flash SMS (түсім туралы дыбыстық сигналмен) әлде push USSD (түсім туралы дыбыстық сигналсыз) технологиясы арқылы жолданады.

  • Қызмет роуминге шығыс қоңырау шалғанда ғана, ұсынылады.
  • Дауыстық қызмет барысында бонустық трафик немесе алдын ала төленген қызметтер көлеміне қосылған тегін трафик жұмсалатын болса, ақпарат берілмейді.
  • Егер ақылы дауыстық қоңырау шалу барысында абонентте интернет-сессия ашық болса, техникалық ерекшеліктерге байланысты Қызмет шеңберінде шоттың ағымдағы қалпы туралы ақпарат ағымдағы ашық интернет-сессия барысында пайдаланылған трафик есебінсіз берілуі мүмкін.

Назар аударыңыз! Телефондардың кейбір модельдерінде push USSD дыбыстық сигналмен келуі мүмкін және push USSD әрқашан роумингте келмеуі де мүмкін.

Құны

  • Қызметті пайдаланудың абоненттік ақысы тәулігіне 1 теңге, ҚҚС есебімен.
  • Абоненттік төлем Қызметке қосылған кезде толықтай алынып, ары қарай абоненттің дербес шотында жеткілікті соманың болған жағдайында Астана қ. уақытымен сағат 00:00-02:00 аралығында алынады.
  • Абоненттік төлем алынбаған жағдайда Қызмет өшіріледі.

Басқару

Қызметті басқару үшін *181#OK теріңіз. Ары қарай мәзір көмегімен сізге қызметті қосып, өшіруге, құнын білуге немесе қызметке қатысты ақпаратты алуға болады. Тікелей пәрмендер:

  • *181*2#OK қызметті сөндіру;
  • *181*3#OK – қызмет құны туралы ақпаратты алу;
  • *181*4#OK – қызмет туралы ақпарат алу.

Дауыстық SMS

31.12.2017 ж. бастап «Дауыстық SMS» қызметі өз әрекетін толық тоқтатады.

Егер Сіз SMS-хабарламаңыздың адресатқа дауыс арқылы оқылып берілгенін қаласаңыз, «Дауыстық SMS» қызметін пайдаланыңыз. Хабарламаны Қазақстан бойынша кез келген мобильді және қалалық нөмірлерге жолдауға болады.

Қосылу

1) Қазақстанның кез келген мобильді нөмірлеріне – 6060 қысқа нөміріне SMS жолдаңыз, хабарлама басында алушы нөмірін халықаралық форматта бос орынсыз көрсетіңіз: 8ХХХХХХХХХХ, +7XXXXXXXXXX. Бос орын арқылы хабарлама мәтінін жазыңыз.


Мысал:

Кімге: 6060

Мәтін: +7775ХХХХХХХ Сәлем!


2) Қалалық нөмірлерге SMS-ті екі тәсілмен жолдауға болады: 6060 қысқа нөміріне немесе бірден алушының қалалық нөмірін теруге болады. SMS қалалық нөмірге жолданғанда хабарлама «Дауыстық SMS» болып түрлендіріліп, адресатқа оқылып беріледі.


Бірінші нұсқа:

Кімге: 8727ХХХХХХХ немесе +7727XXXXXXX

Мәтін: Hello!


Екінші нұсқа:

Кімге: 6060

Мәтін: 8727ХХХХХХХ немесе +7727XXXXXXX Сәлем!

Шарттары

Дауыстық смс жолданған Абонентке бірден қоңырау келіп түседі, мұнда жүйе хабарламаны жолдаушы туралы ақпаратты айтып, дауыстық смсті қалай тыңдауға болатыны туралы хабардар етеді.

Қызметті роуминг барысында және Қазақстаннан тысқары жерлерге қоңырау шалу үшін пайдалану мүмкін емес.


Абонентке үш кезеңде қоңырау шалынады:

Бірінші кезең 15 минут ішінде– 4 қоңырау шалу талпынысы;

Екінші кезең 2 сағат ішінде – 6 қоңырау шалу талпынысы;

Үшінші кезең 20 сағат ішінде – 20 қоңырау шалу талпынысы;

Сондай-ақ екінші және үшінші кезеңдер үшін сағат 20:00 - 9:00 аралығында қоңырау шалуға тыйым салынған.


Бір дауыстық SMS-те барынша 160 таңба (латын) және/немесе 70 таңба (кириллица) беруге болады.

Құны

Бір дауыстық хабарламаны жолдау құны – Қазақстанның барлық қалалық және мобильді нөмірлеріне 25 тг.

«Дауыстық SMS» алатын Абонент хабарламаны тегін тыңдайды.

SMS e-mail

31.12.2017 ж. бастап «SMS E-mail» қызметі өз әрекетін толық тоқтатады.

Қысқа хабарламаларды жолдау қызметін пайдалана отырып, Сіз Activ немесе Kcell абонентіне және бүкіл әлемнің GSM абоненттеріне қысқа мәтінді хабарламаларды (160 таңбаға дейін) жолдауға мүмкіндігіңіз бар. Телефонның сөндірулі, қосулы немесе бос болмауына қатыссыз жолданған хабарлама қандай жағдайда болмасын абонентке жеткізіледі.

Қосылу

Қызметті іске қосу үшін абонентке DA мәтінін 400 нөміріне жолдау қажет.

Абонентке автоматты түрде 770XXXXXXXX@sms.kcell.kz форматындағы жеке e-mail мекенжайы беріледі, мұндағы XXXXXXX – абоненттің 7-таңбалы ұялы нөмірі.

Ұялы телефоннан электронды хат жолдау үшін абонентке 400 нөміріне мынандай мәтінді қысқа хабарлама жолдау қажет: аты@доменхабарлама мәтіні.

Kcell абонентінің ұялы телефонына қысқа хабарлама жолдау үшін оған 7701ХХХХХХХ@sms.kcell.kz немесе +7701ХХХХХХХ@sms.kcell.kz мекенжайы бойынша хат жолдау қажет, мұндағы ХХХХХХХ – абоненттің 7-таңбалы ұялы нөмірі.

Пәрмендер

Спамның болдырмауы:

NET мәтінін 400 нөміріне жолдау - email-ге sms қызметі өшірілді.

BLOCK мәтінін 400 нөміріне жолдау - Ақ тізім режімі қосылды – ұялы телефонға тек абонент таңдаған пошта ғана келетін болады.

ALL мәтінін 400 нөміріне жолдау - Ашық режім қосылды – Абоненттің ұялы телефонына барлық пошта келетін болады.

ADD аты@домен мәтінін 400 нөміріне жолдау - Мекенжай ақ тізімге енгізілді.

DEL аты@домен мәтінін 400 нөміріне жолдау - Мекенжай ақ тізімнен алып тасталды.

CLEAR мәтінін 400 нөміріне жолдау - Ақ тізім тазартылды.

Құны

400 нөміріне SMS жолдау құны - 7 теңге, ҚҚС есебімен.

400 нөмірінен SMS алу құны - 7 теңге, ҚҚС есебімен.

Алушы есебінен SMS

31.12.2017 ж. бастап «Алушы есебінен SMS» қызметі өз әрекетін толық тоқтатады.

Шотыңызда қаражат жеткіліксіз болып, сізге дереу SMS-хабарлама жолдау қажет болса, «Алушы есебінен SMS» қызметін пайдаланыңыз. Бұл жағдайда SMS-хабарламаны алуы алдын ала келісімнен кейін ғана оның тарифтік жоспарына қатыссыз бір SMS-хабарламаға 7 теңгеден төлейді. Қызметті барлық activ®, Kcell абоненттері пайдалана алады.

Жолдаушы үшін

Алушы нөмірінің алдында SMS-хабарламада келесі форматта 000 теріңіз:

  • 00077ХХХХХХХХХ
  • 00087ХХХХХХХХХ

Алушы үшін

Сіз шотыңызға SMS-хабарлама алуға Push USSD-сұраным аласыз, бұл ретте егер Push USSD сессиясы аяқталған болса және сіз алуды растамасаңыз, сізге келесідей мәтіні бар SMS-хабарлама келеді: «77ХХХХХХХХХ SMS – 7 теңге құнын төлеуді сұрауда. SMS-хабарлама ақысын төлеуге келіссеңіз, 1 деп жауап беріңіз, келіспесеңіз, 2 деп жауап беріңіз.

Егер Қызмет арқылы кейбір абоненттерден SMS-хабарлама алғыңыз келмесе немесе оны достарыңыздан ғана алғыңыз келсе, сізде SMS-хабарлама жолдаушы абоненттердің нөмірлерін «Қара тізімге» немесе «Достар» тізіміне енгізу мүмкіндігі бар.

Егер жолдаушы нөмірі сіздің «Достар» тізіміңізге енгізілген болса, сіз осы абоненттен қандай да бір мәлімдемесіз Қызмет арқылы SMS-хабарлама алатын боласыз.

  • Нөмірді «Достар» тізіміне енгізу үшін 2363 қысқа нөміріне «A(бос орын)F(бос орын)77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS-хабарлама жолдаңыз (мысалы: A F 7701xxxxxxx).
  • Нөмірді «Достар» тізімінен алып тастау үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)F(бос орын) 77ххxxxxxxx» мәтінін жолдаңыз (мысалы: D F 7701xxxxxxx).
  • «Достар» тізімін жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)F(бос орын)0» SMS хабарламасын жолдаңыз (мысалы: D F 0).
  • Енгізілген нөмірлердің тізімін қарау үшін 2363 қысқа нөміріне «L(бос орын)F» SMS хабарламасын жолдаңыз (мысалы: L F).

Егер жолдаушы нөмірі «Қара тізімге» енгізілген болса, сіз Қызмет шеңберінде осы абоненттен SMS-хабарлама алмайтын боласыз.

  • Нөмірді «Қара тізімге» енгізу үшін 2363 нөміріне «A(бос орын)B(бос орын) 77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: A B 7701xxxxxxx).
  • Нөмірді «Қара тізімнен» алып тастау үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)B(бос орын)77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: D B 7701xxxxxxx).
  • «Қара тізімді» жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)B(бос орын)0» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: D B 0).
  • Енгізілген нөмірлердің тізімін қарау үшін 2363 қысқа нөміріне «L(бос орын)B» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: L B).

Құны

Жолдаушы үшін – тегін.

Алушы үшін – бір SMS-хабарламаға 7 теңге*.

Тізімдерді басқару – тегін.

* Баға ҚҚС есебімен көрсетілген.

Құны алушының тарифтік жоспарына, бонустық трафиктің болуына, қосылған SMS-топтамасы бар қосымша қызметке, сондай-ақ жолданған хабаралма ұзындығына қатыссыз орнықты болады.

Шарттары

Қызмет басқа операторлардың абоненттеріне SMS-хабарлама жолдау үшін жарамсыз. Қызмет бір ғана абоненттік нөмірге және activ® және Kcell абоненттеріне ғана SMS хабарлама жолдау үшін жарамды.

Қызмет роумингте пайдалану үшін ұсынылмайды.

Қызметті жолдаушы теңгерімінде қаражаттың жеткіліксіз болған жағдайында/қаражаттың болған жағдайында және алушы теңгерімінде қаражаттың болған жағдайында пайдалануға болады.

Жолдау лимиті күніне 70 SMS-хабарлама.

Жолдаушы абоненттің Қызметті пайдалануына уақытша тыйым қолданылады. Алушы SMS хабарламаларды өз есебінен алудан бас тартқан, яғни SMS-хабарламаны өз есебіне алуды бір сағат ішінде 5 рет немесе бір күнде 20 рет растамаған жолдаушы абоненттер осы қызметті аталған лимиттердің асырылуы тіркелген сәттен бастап уақытша бір сағат/күн пайдалана алмайды.

Төлем алушы абоненттің дербес шотынан алынады. Аванстық есеп айырысу тәртібінде Қызмет ақысы алушы абонент шотынан дербес шотта жеткілікті ақша қаражатының болған жағдайында алынады. Несиелік есеп айырысу тәртібінде Қызмет құны алушы абоненттің дербес шотынан несиелік лимит шеңберінде алынады.

Бейнепортал

«Бейнепортал» қызметімен смартфоныңызда немесе планшетіңізде сізбен әрдайым танымал ТД-шоу мен бағдарламалар, музыкалық клиптер, сондай-ақ Wi-Fi немесе Мобильді Интернетке қолжетізім бар барлық жерде балаларға арналған жадыратушы, танымдық, білім беру бағдарламалары мен бейнероликтердің кең ауқымы болады. Пайдалануға болатын айдарлардың бірін қосып, сүйікті бағдарламалардың рахатын көріңіз!

Жазылымды бір рет іске қосу арқылы сіз кез келген құрылғыдан, мейлі ол смартфон, планшет немесе компьютер болсын, қызметті пайдалана аласыз.

Айдарлары

Бейнепортал айдарлары:

  • «Жаңалықтар» айдары
  • «Танымал» айдары
  • «Фильмдер» айдары
  • «Сериалдар» айдары
  • «ТД үздігі» айдары
  • «Мультфильмдер» айдары
  • «Жадыратушы» айдары
  • «Спорт» айдары
  • «Picanto» айдары
  • «Егжей-тегжейлі тарих» айдары
  • «Мейрам» айдары (мерекеге немесе оқиғаға байланысты айдар атауы өзгере алады: Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз, 1 сәуір — Әзіл-қалжың күні, Білім күні т.б.)

Пайдалану

20.02.2018ж. бастап «Бейнепортал» қызметіне жазылу жабылды.

Құны

Жекелей айдарға жазылу құны ҚҚС есебімен күніне 30 теңге. Ақша қаражаты абоненттік шоттан күнделікті 707 нөмірінен келетін кіріс SMS хабарлама арқылы алынатын болады.

«Premium +» жазылымы — осы жазылым шеңберінде «Егжей-тегжейлі тарих» айдарынан басқа порталдың барлық айдарларына қол жеткізуге болады. «Premium + » жазылымының құны күніне ҚҚС есебімен 45 теңге. Ақша қаражатын абоненттік шоттан күнделікті 707 нөмірінен келетін кіріс SMS хабарлама арқылы күнделікті алынатын болады.

«Premium» жазылымы — осы жазылым шеңберінде порталдың барлық айдарларына қол жеткізуге болады. «Premium» жазылымының құны күніне ҚҚС есебімен 90 теңге. Ақшалай қаражат абоненттік шоттан 707 нөмірінен кіріс SMS хабарлама арқылы күнделікті алынатын болады.

«Бейнепортал» ішіндегі интернет-трафик ақысы жазылым құнына қосылған және жеке алынбайды.

Ақша қаражаты дербес шоттан Астана қ. уақытымен күнделікті сағат 09:00 — 00:00 аралығында 707 нөмірінен кіріс SMS арқылы алынатын болады. Қызметке қолжеткізу, сәтті тарифтелген сәттен бастап, 24 сағатқа ұсынылады.

Activ абоненттері үшін: жазылым құны теңгерімнің жеткілікті болған және абоненттің қызметке қосылған жағдайында толық көлемде алынып, кейін күнделікті тарифтелетін болады. Егер жазылым құны теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен алынбаған болса, қызметтің көрсетілуі тоқтатылады. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған кезде жазылым құны толықтай алынып, қызмет сәйкес көлемде көрсетіледі.

Kcell абоненттері үшін: жазылым құны күнделікті, бірдей үлестермен алынады. Төлемнің уақтылы енгізілуі қызметті пайдаланудың міндетті шарты болып табылады. Аванстық есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің теңгерімдерінде қызмет көрсету үшін жеткілікті ақша қаражатының болмаған жағдайында немесе несиелік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің несиелік лимиті асырылған жағдайда шығыс байланыс қызметіне, оның ішінде Бейнепортал қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі бұғатталады. Жазылым құны кіріс байланыс бұғатталғанша алынады.

08.07.2016 бастап, Кселл абоненттері үшін тарифтеу шарттары келесідей болып өзгертіледі: Қызметке қосылғанда, теңгерім жеткілікті болса, жазылу құны толығымен алынады, әрі қарай күн сайын тарифтеледі. Егер жазылу құны, теңгерімде қаражат жеткіліксіз болғандықтан, алынбаса, онда қызметті ұсыну тоқтатылады. Теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда, жазылу құны толық көлемде алынады және Қызмет тиісті көлемде ұсынылады. Сервистерге кіру үшін мобильді интернетті пайдаланғанда, теңгерім нөл болса (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) және несиелік лимит біткенде (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) Видеопорталдың қызметтерінің көлемі абонентке қолжетімсіз болады.

Өшіру

Қызметті өшіру үшін 707 нөміріне Стоп (Stop) мәтіні бар тегін SMS хабарлама жолдау қажет.

Сервис жұмысына қатысты мәселелер бойынша сізге support_vc@roscontent.ru немесе support_kcell@roscontent.ru мекекенжайына хабарласуды сұраймыз. Толығырақ — video.activ.kz.


* Қызметті Провайдер — «Фабрика мобильного контента» ЖШҚ ұсынады. Провайдер Kcell және activ абоненттеріне түрлі жадыратушы және анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын «Бейнепортал» қызметіне қолжеткізім беретін дербес компания болып табылады. Қызметтердің мазмұнына, көрсетілу сапасы мен жылдамдығына Провайдер жауапты. Провайдер Оператор, үшінші тұлғалар, абоненттер алдында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде лицензиялау, интеллектуалдық жекеменшік, авторлық және салалас құқықтарды қорғау туралы патенттік заңнаманы орындауға толық жауапты.

Check-in Бонус

Роумингке – қуана кіремін!

Құрметті абоненттер!
Сіздерге 22.10.2018 ж. бастап «Check-in бонус» қосымша қызметінің жойылатынын хабарлаймыз. Қызмет жойылған күннен кейінгі кезеңде қонақүй брондаған абоненттер қызмет бойынша бонустар алмайды.
Сіздер роумингте қолданылатын қосымша қызметтермен осында таныса аласыздар.

Шетелге сапарға шығайын деп жатырсыз ба? Аctiv-тен  «Check-in бонус» бонустық бағдарламасымен саяхат тиімдірек болады! Қонақ үйді тек қана осы сілтеме бойынша брондағанда, activ Сізге брондау сомасының 3% мөлшерінде бонус береді.

Ақпарат 239 нөмірі бойынша да қолжетімді. Нөмірге Қазақстан Республикасының аумағында ғана қоңырау шалуға болады. 

  1. http://www.booking.com/?aid=1179674 сілтемесі бойынша қонақ үйді брондаңыз
  2. Брондағанда, тиісті жолақта +7ХХХХХХХХХХ форматында кейін бонустар берілетін, activ телефон нөмірін көрсетіңіз. Нөмірдің форматы қате болса, бонус берілмейді.

Бонустар қонақ үйге келген күні беріледі (check-in рәсімінен өткеннен кейін). Бонустар үлкен бүтін санға дейін дөңгелектей отырып, брондау құнының  3% мөлшерінде бірлікпен есептеледі. Бонустардың мөлшері http://www.booking.com/?aid=1179674 –та брондау жасаған күні ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша қалыптасады.  Бонустардың ең көп сомасы – жеке табыс салығын қоса, бір брондауға бір нөмірге 15 000 бірлік.

Қонақ үйге орналасқан күні бонустар ең алдыңғы және жойылмаған брондау үшін беріледі.  

Бонус берілгеннен кейін, 30 күн ішінде жарамды және оны байланыс қызметтерін: қоңыраулар, смс, интернет пайдалану үшін роумингте ғана пайдалануға болады. Бағдарлама бойынша бонус ең алдымен роумингте жұмсалады. Бонусты науқандық қызметтерді төлеу үшін, қысқа нөмірлер мен премиум бағыттарған пайдалануға болмайды.

Бонустардың қалдығын тексеру үшін *503*3# USSD пәрменін пайдаланыңыз   немесе 5031 нөміріне бос емес смс жіберіңіз.