«Интернет-карта» бастапқы топтамасы

«Интернет карта» бастапқы топтамасын іске қосқанда, Сізге 1ГБ бастапқы бонустық интернет трафик (Бастапқы бонус) беріледі. Бастапқы бонус 30 күн жарамды (Астана қ. уақытымен іске қосқан сәттен бастап, 30-күні сағат 24:00-ге дейін).

Трафик қалдығын тексеру үшін *111*3# теріңіз.

Бастапқы бонус роуминге жарамсыз.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Ревервтелетін интернет-трафик немесе теңгерім көлемі туралы толығырақ осында таныса аласыз.

Абонентте қолданыстағы тарифтік жоспарды тексеру *166*2#

  • «Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет», «Тоқсандық интернет» қосымша интернет-қызметтерін қосқанда, Бастапқы бонус бойынша трафик қосымша қызметті сөндіргенге дейін, қолжетімді болмайды.
  • «Лимитсіз түнгі интернет» қосымша интернет-қызметін қосқанда, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша трафик қызметтің шарттарына сәйкес Астана қ. уақытымен 01:00-ден таңғы 09:00-ге дейін ұсынылады және жұмсалады, қалған уақытта жарамдылық мерзімі аясында Бастапқы бонустың интернет-трафигі қолжетімді болады.
  • Интернет-трафик ұсыну шарты бар тарифтік жоспарды қосқанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, Бастапқы бонус бойынша да трафик біткен жағдайда, келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін, мобильді интернет тарифтік жоспарға сәйкес тарифтеледі.
  • «Сәтті SMS және MB», «Жылдық интернет+», «Интернет+», «Бонустық интернет», «Онлайн» қоса, бірақ олармен шектелмейтін басқа интернет-қызметтерді қосқанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі ең аз интернет-трафик жұмсалады. Бастапқы бонус бойынша да, қосымша қосылған интернет-қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, мобильді интернет қосымша қызметтің абонентте қолданыстағы тарифтік жоспармен үйлесімділік шарттарына сәйкес тарифтеледі.