«Универсиада» бастапқы топтамасы

Алдын ала орнатылған «Активті Start+» тарифтік жоспары бар «Универсиада» бастапқы топтамасының SIM-картасын 27.01.2017ж. мен 30.03.2017 ж. аралығында іске қосқанда, абонентке 500 MB интернет-трафик – Welcome Бонус беріледі.

500 MB Welcome бонустың жарамдылық мерзімі – берілген сәттен бастап немесе SIM-картаны іске қосқан сәттен бастап, 7 күн.

SIM-картаны іске қосқан сәттен бастап, 4 апта ішінде теңгерімді төлем жүйесінің комиссиясын қоспағанда, 500 теңге бастап әр толтырғаныңыз үшін Сізге 500 MB интернет-трафик (бонустық интернет-трафик) беріледі. Мобильді көмек, Мен үшін төле қызметтерін пайдаланып, теңгерімді толтыру Бонустық интернет-трафикті алу үшін ескерілмейді. «Мобильді көмек» қосымша қызметі SIM-картаны іске қосқан сәттен бастап, 4 апта ішінде қолжетімсіз.

Берілетін 500 MB Бонустық интернет-трафиктің жарамдылық мерзімі – берілген сәттен бастап, 7 күн.

Берілген бонустық интернет-трафиктің, Welcome бонустың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін, интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі жойылады.

500 MB мөлшеріндегі келесі бонустық интернет-трафик берілгенде, бұрын берілген пайдаланылмаған бонустық интернет-трафиктің жарамдылық мерзімі өзгермейді, бонустық интернет-трафиктің көлемі жиналмайды, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз бонустық интернет-трафик пайдаланылады.

Welcome бонус пен бонустық интернет-трафикті роумингте пайдалануға болмайды.

Welcome бонус пен бонустық интернет-трафиктің басқа activ® қызметтерімен үйлесімділігі:

  • «Жылдық интернет+», «Мобильді интернет+», «Интернет+», «Бонустық интернет», «Онлайн» қосымша интернет қызметтерінің бірін қосқанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. Бонустық интернет-трафик бойынша да, қосымша интернет-қызмет бойынша да интернет-трафик біткенде, мобильді интернет қосымша интернет-қызметтердің абоненттің қолданыстағы тарифтік жоспарымен үйлесімділік шарттарына сәйкес тарифтеледі.
  • «Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» қосымша интернет-қызметтерінің бірін қосқанда, Welcome бонустың интернет-трафигі және қосымша бонустық интернет-трафик қосымша интернет-қызметті сөндіргеннен кейін ғана, қолжетімді болады.
  • Егер Сізде «Жеңіл интернет» қызметі қосылған болса, Welcome бонустың интернет-трафигі немесе қосымша бонустық интернет-трафик біткеннен кейін, пайдаланылатын мобильді интернет қызметі «Жеңіл интернет» қызметінің шарттарына сәйкес тарифтеледі.
  • Егер Сізде «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі қосылған болса, онда осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің стандартты шарттарына сәйкес алынады, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылады және Астана қ. уақытымен сағат 01:00-ден таңғы 09:00-ге дейін жұмсалады, барлық басқа жағдайларда Welcome бонустың интернет-трафигі қолжетімді болады.
 

Бастапқы ұсыныс аясында тарифтік жоспар «Активті Start+»*.

Абоненттік төлем, теңге/30 күн* 1 490
Ай сайынғы абоненттік төлем алынғандағы бонустық көлем**
activ® және Kcell желісі ішінде қоңыраулар/30 күн Лимитсіз
ҚР басқа ұялы операторларына минуттар/30 күн 120 мин
Интернет/30 күн 15 GB (5 күндіз/10 түнде)***
activ® және Kcell желісі ішінде SMS/30 күн 1 000 SMS
Абоненттік төлемді алуға байланысты емес қызметтер
ҚР қалалық нөмірлеріне шығыс байланыс/мин 15
ҚР басқа желілеріне SMS/1 SMS 11
Халықаралық бағыттарға SMS, 1 хабарламаға 15
Бонустық көлемнен асқандағы тарифтеу
ҚР басқа ұялы операторларына қоңыраулар/мин 11
activ® және Kcell желісі ішінде SMS/1 SMS 7
Интернет/1 MB 11
Абоненттік төлем алынбағандағы тарифтеу
activ® және Kcell желісі ішінде қоңыраулар/1 мин 14
ҚР басқа ұялы операторларына қоңыраулар/мин 14
activ® және Kcell желісі ішінде SMS/1 SMS 7
Интернет/1 MB 14
 
 

* Тарифтік жоспарға қосылғанда, теңгерім жеткілікті болса, абоненттік төлем абоненттің теңгерімінен толық мөлшерде алынады және одан кейін әр 30 күн сайын Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер тарифтік жоспарды қосқан сәтте абоненттің теңгерімінде абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтік жоспар қосылады, сонымен қатар, қызметтер тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша тарифтеледі.

** Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражат жеткіліксіз болғандықтан, алынбаса, онда 02:00-ден кейін теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және тарифтік жоспар бойынша қызметтер келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін, тарифтеудің ағымдағы кезеңінде пайдалану үшін тарифтік жоспардың тиісті шарттарына сәйкес көлемде ұсынылады.

Абоненттік төлем алынса ғана, топтамаға қосылған интернет-трафик, желі ішінде SMS және ҚР басқа ұялы операторларына минуттар беріледі.

Бонустық көлемнің қалдығын тексеру *111*3#ОК.

*** Күндізгі интернет-трафик Астана қ. уақытымен сағат 06:00-ден 00:59-ға дейін, түнгі 01:00-ден 05:59-ға дейін жұмсалады. Белсенді интернет-сессия кезінде берілген тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик жарамсыз. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыда мобильді деректерді беруді сөндіріп, қосып), трафик берілгеннен кейін, интернетті пайдалануды жаңартуға кеңес береміз.

Сіз Жеке кабинетте немесе USSD пәрмен арқылы тарифтік жоспарыңызды кез келген уақытта ауыстыра аласыз, сонымен бірге, ағымдағы тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсету шарттары жойылады, бонустық Интернет-трафикті беру шарттары өз күшін жояды. Сонымен бірге, бұрын берілген бонустық Интернет-трафик бастапқы топтаманың шарттарына сәйкес әрекет етеді.