«Роуминг клуб» бонустық бағдарламасы

«Роуминг клуб» бонустық бағдарламасы

  • Дәл Сіз үшін Роуминг клубтан бірегей ұсыныс!
    Kcell роумингінің көмегімен ұшып бару сыйлығы екі есе жылдам!
    Тек қана 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда роуминг үшін ЕКІ ЕСЕ көп бонустық ұпай жина: айына 5 000 тг = 500 бонустық ұпай!


Қалай Роуминг клуб қатысушысы болуға болады:

  1. «Эйр Астана» АҚ сайтында (Nomad Club)тіркеу нысанын толтыру қажет.
  2. Nomad Club жолаушыларды ынталандыру бағдарламасында тіркелгеннен кейін осы парақтың бірінші бетіне қайта оралып, өзіңіздің Nomad Club қатысушысы нөміріңіз бен мобильді телефон нөміріңізді «Роуминг клуб» бонустық бағдарламасында тіркеуге ұмытпаңыз.
  3. Роумингті пайдаланып, әр 5000 теңге үшін 500 ұпай алыңыз
  4. Жинақталған бонустық ұпайларды Nomad Club-тағы жүлделі билет немесе қызмет көрсету класын жоғарылату сияқты қызметтерге ауыстырыңыз


Барлық өрістерді толтырыңыз (латын әріптермен).




Лоялдылық бағдарламасындағы нөмірінің дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.


Науқандар кезеңінде тіркелетін абоненттер, Науқанды өткізу мақсатында «Кселл» АҚ-ның оның дербес деректерін жинауы мен өңдеуін қоса алғанда, Науқанға қатысуға келісімдерін береді.

Ұпайлар келесі күнтізбелік айдың 20 жұлдызынан кешікпей, беріледі. Роуминг-серіктестен ақпаратты алу кешіктірілсе, ұпайлар бөлек толық жіберілуі мүмкін. Ұпайдың берілу тарихын қарау және қосымша абоненттік нөмірді қосу «Менің Activ» сайтының бөлімінде жүргізіледі.

Күнтізбелік ай ішінде роумингтегі кез келген қызметтерге негізгі немесе қосымша абоненттік нөмірлерден жұмсалған әр 5000 теңге үшін, науқандық ұсыныстарды қоса, бағдарлама қатысушысы науқандық 500 үпай алады.

Мына жағдайларда ұпайлар берілмейді:

  • абонент роумингте пайдаланылған қызметтердің ақысын кез келген себеппен төлемеген
  • Nomad Club пен Роуминг клубта тіркелмеген
  • роумингте есептелген төлемдер жоғарыда аталған ұпайларды есептеу ережелеріне сәйкес келмеген
  • Роуминг клубта тіркелген кезде Nomad Club қатысушысының нөмірі дұрыс көрсетілмеген

Клубқа қатысып, ұпай алу үшін бір қосымша Activ / Kcell абоненттік нөмір қосуға болады. Қосымша нөмір ретінде Activ / Kcell абоненттік нөмірін көрсетуге болады. Қосымша абоненттік нөмірді клубқа тіркегенде, ұпай беру мақсатында роумингте жұмсалған қаражатты есептеу негізгі де, қосымша да абоненттік нөмірлерден жүргізіледі.

Қатысушы Бағдарлама бойынша өзінің есептік жазбасына өзгерістер енгізуге құқылы. Аты, тегі, қосымша абоненттік нөмірі, адалдық бағдарламасы бойынша серіктес өзгергенде, осы айда Қатысушы жинаған ұпайлар толығымен беріледі. Қатысушы Бағдарлама бойынша негізгі абоненттік нөмірін өзгерткен жағдайда, Қатысушы жинаған ұпайлар, осы айда негізгі абоненттік нөмірді өзгерткен сәтке дейін, жойылады.

Клубқа қатысуды тоқтату үшін қатысушы өзінің есептік жазбасын жою қажет, сонымен қатар, клубқа қатысуды тоқтатқан айда қатысушы алған ұпайлар жойылады.

Клуб қатысушысы абоненттік нөмірлердің, бейілділік бағдарламасына қатысушы нөмірінің дұрыс көрсетілуі үшін жауапкершілікті өзі көтеріп, деректердің дұрыс көрсетілуімен және «Кселл» АҚ қызметтерін пайдалануымен байланысты үшінші тұлғалардың барлық кінәрат-талаптарынан «Кселл» АҚ арашалауға және оларды өздігінен шешуге міндеттенеді.

«Кселл» АҚ Клубта серіктестің адалдық бағдарламасына қатысуды тоқтатқаны үшін және Қатысушының жиналған ұпайларды пайдалана алмағандығы үшін жауапкершілікті көтермейді. Жиналған ұпайды пайдалану шарттарын тиісті адалдық бағдарламасының серіктесі белгілейді.

Бағдарлама 31.12.2018 дейін жарамды.

Абонент «Роуминг клуб» бонустық бағдарламаға қатысқан және абоненттік нөмірді Activ мен Kcell арасында аударған жағдайда, осы бағдарламада тіркеу сақталады, ұпайларды беру тарихы, есептік жазбаны қарау және оны өзгерту ағымдағы сәтте Абонент пайдаланатын брендтің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бағдарламада негізгі нөмір ретінде тіркелген абоненттік нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісіне ауыстырғанда, нөмірді ауыстырғаннан кейін, 59 күні Абоненттің бағдарламадағы есептік жазбасы жойылады. Есептік жазбаны жойғанға дейін, абоненттік нөмір Компания желісіне қайтарылса, Абонент тіркеуді жаңартпай, Бағдарламаны пайдалануды жалғастыра алады. Абоненттік нөмір 59 күн өткеннен кейін, Компания желісіне қайтарылса, Абонент Бағдарламада тіркелуін жаңарту қажет.

2018 жылғы 01 сәуірге дейін берілген бонустар тиісті бейілділік бағдарламаларының талаптарына сәйкес қолданылады.

Қызмет «Эйр Астана» АҚ-мен бірлесе отырып ұсынылады.