Ұсыныстар
Kcell және activ +7 701 ХХХ ХХ ХХ, +7 702 ХХХ ХХ ХХ,
+7 775 ХХХ ХХ ХХ, +7 778 ХХХ ХХ ХХ
Қазақстанның қалалық
телефондарына
+7; қала коды; телефон нөмірі
Басқа елдердің және
барған елдің қалалық телефондарына
+ ел коды; қала коды; телефон нөмірі
Кез келген басқа
операторлардың ұялы телефондарына
+ ел коды; оператор коды; телефон нөмірі
Дауыстық пошта +7 701 200 01 00

Tеңгерімді тексеру *111#  теріп, "Да"/"Жолдау" пернесін басу. Біраз уақтыттан кейін шотта қалған бірліктер саны ұялы телефоныңыздың экранына шығады. Сіз қалған бірліктер санын әр қоңыраудан кейін немесе жолданған хабарламадан кейін біліп тұра аласыз.

Сіз теңгерімді epay.activ.kz сайтында банктік карталар арқылы толтыра аласыз немесе www.homebank.kz сайтында Казкоммерцбанк картасын пайдаланыңыз. Cондай-ақ сіз лезде төлеу карталарын алдын ала сатып алып, төлемді сол карталар арқылы жүргізе аласыз. *110*XXXXXXXXXXX#  (X - карточкадағы код сандарын) теру қажет.

Ресейде теңгерім толтыру:

  • Енді Ресейдегі роумингте болғанда Сіз дербес шотыңыздың немесе кез келген басқа Қазақстандық Kcell, activ абонентінің теңгерімін QIWI өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы толтыра аласыз! Ресейдің тұтастай аумағында 120 000-нан астам QIWI терминалы бар. Дербес шот теңгерімін толтыру ресей рубльдерімен QIWI Банк (Ресей) бағамы бойынша жүргізіледі. Бағам төлемді жүргізу барысында QIWI терминалдарының экранында көрсетіледі.

Сондай-ақ, келесі қызметтердің көмегімен роумингте теңгерімді толтыруға болады

  • Роуминг қызметі нөлдік теңгерімде сөндіріледі, сондықтан әрқашан оң теңгерімде болуға кеңес береміз.
  • Роумингте қоңырауды бағыттау елге байланысты шығыс және кіріс қоңырауларға роумингтегі тарифтерге сәйкес тарифтелетін болғандықтан, роумингте болғанда, қоңырауды басқа абоненттердің нөмірлеріне немесе дауыстық почтаға бағыттау қызметін ##002#ОК  тіркестері арқылы өшіруіңізге кеңес береміз. Берілген тіркестер іске қосылмаған жағдайда, қоңырауды басқа абоненттердің нөмірлеріне немесе дауыстық почтаға бағыттауды телефон реттеулерінен өшіруге кеңес береміз.
  • Қазақстанның шекаралық аумағында болғанда роуминг қызметін өшіріңіз. Роумингтегі тарифтердің қазақстандық тарифтерден ерекшеленетінін ұмытпаңыз.
  • Роумингтегі интернет шығындарын бақылау мақсатында қосымшалардың автоматты түрде жаңартылуын (Android, iPhone) және Wi-Fi автоауысуын (iPhone) өшірген жөн, толық нұсқаулық «Смартфондардың иегерлері үшін» бөлімінде.
  • Назар аударыңыз! Роумингте нөмірді теру форматы: + елдің коды; қаланың немесе оператордың коды; телефон нөмірі, мысалы +7 727 2588 000, бұнда +7 — Қазақстан Республикасының коды (анықтама қызметіне роумингтен қоңырау шалу тегін). Шет елдерде нөмірді +7 орнына 8 саны арқылы тергенде, қосылу құны минутына 3 950 теңге құрайтын жерсеріктік бағыттар арқылы жүзеге асырылады.
  • Егер сіздің шетелге ұзақ уақытқа шықпақ ойыңыз болса, сізге кейбір елдерде осы елге келгеннен кейін телефоныңыз жұмыс істемей қалуы мүмкіндігін ескерген жөн. Бұл контрабанданың немесе мобильді телефондардың ұрлануының алдын алу мақсатында осы елдердегі заңнаманың телефондарды жергілікті ұялы операторларда тіркеу қажеттігі (оның ішінде ақылы негізде) ескерілгендігімен байланысты, кері жағдайда тіркелмеген телефонға олардың желілерінде қызмет көрсету тоқтатылады. Сіз барған елдің осындай елдердің тізіміне кіретінін не кірмейтінін сіз интернеттен немесе туристік фирмалардан біле аласыз.
  • Роумингте қызметтерді USSD арқылы қосу/өшіру барлық роуминг-әріптестерде қолданылмайды. USSD-тіркестің іске аспау себебі сондай-ақ абонент SIM-картасының ескіруі немесе уақытша техникалық іркілістер де болуы мүмкін. Осыған байланысты қызметтерді Қазақстанда болған кезде, роумингке шығар алдында қосуға кеңес береміз.
  • Қазақстанға келген бойда қызметті өшіруді ұмытпаңыз.
  • Роумингте интернетті пайдалану кезінде теңгерім роумингтегі 1МБ құнына тең сомаға резервтеледі. Роумингте интернет тарифтерi туралы толығырақ: https://activ.kz/kk/roaming/countries
  • Роумингте интернеттi қолдану үшiн телефон баптауларынан өзiнен роумингте интернетті қосуды ұмытпаңыз.
  • Құрметті абоненттер! Роуминге «MMS» қызметі 01.09.2019 бастап жойылатыны туралы хабарлаймыз.

Роумингте қосылған қосымша қызметтерді *145*4#OK немесе Telegram / WhatsApp мессенджерінде виртуалды кеңесші арқылы тексеруге болады. Сізге Telegram қосымшасы арқылы ромунгке қосылуға, сондай-ақ ромингке қатысты мәселелерді шешуге (табысты тіркелген жағдайда ғана) болады.

Telegram-дағы ботқа сілтеме: https://t.me/ActivKcellBot

Назар аударыңыз! Авторизация жүргізу қажет!

  1. Уақытша пароль сұрату: Телефоннан *245#OK
  2. Ботқа бұйрық беру: set нөміріңіз (формат +77XXXXXXXXX) уақытша пароль (1 тармақты қараңыз)

Мысалы: set +77012345678 1234

Серіктес желісіне автоматты тіркеудің табысты жүргізілмеген жағдайында телефон реттеулерінде желінің екілік режимін және оператор роумингін қолдан таңдау қажет, толығырақ: https://activ.kz/kk/service/2420/1824