Серфинг – роумингте интернет-топтамалар

Сіз роумингте интернетті белсенді пайдаланушысыз ба? Онда бұл ұсыныс Сіз үшін!

Қызмет бойынша жеті-күндік интернет-топтамалардың бірін қосып, роумингте интернетті еркін пайдаланыңыз.

Қосымша қызмет 30 елде жарамды. Елдердің толық тізімін «Елдер» бөлімінен таба аласыз.

Топтамадағы интернет-трафиктің көлемі

Қосылу құны

Топтамадан артық интернет-трафиктің көлемі оның аяқталуына дейiн

Топтаманың жарамдылық мерзімі

200 МБ

2 900 ₸

49 ₸

 

7 күн

500 МБ

4 900 ₸

1 ГБ

7 900 ₸

Қызмет келесі елдерде activ барлық абоненттері үшін жарамды.

Әзербайжан

Испания

Таиланд

Австрия

Италия

Тәжікстан

АҚШ

Канада

Түркия

Армения

Қырғызстан

Украина (Қырымды қоспағанда)

Бельгия

Қытай

Ұлыбритания

Германия

Нидерланды

Франция

Гонк Конг

Оңтүстік Корея

Чех Республикасы

Грузия

Өзбекстан

Швейцария

Жапония

Польша

Швеция

Израиль

Ресей (Қырымды қоспағанда)

БАЭ

Қосымша қызметке қосылу қосылған күннен бастап, 7 күн әрекет етеді, 7 күн өткеннен кейін, қызмет сөндіріледі. Қызмет бойынша топтамалардың түрлерін бір уақытта қосу мүмкін емес. Қызметті сөндіргенде, интернет-топтаманың жұмсалмаған қалдығы жойылады, ал пайдаланылатын роумингтегі интернет-трафик роуминг-серіктестің стандартты тарифтеріне сәйкес тарифтеледі.

Қосылу құны топтаманы іске қосқанда, толық мөлшерде алынады. Іске қосу сомасын алу үшін теңгерім жеткіліксіз болса, қызмет қосылмайды.

 Сапардан бұрын, Сізде роуминг қызметі қосылғанына көз жеткізіңіз. Роуминг қызметін қосу үшін *145*1# теріңіз немесе 3330-ға "DA" жіберіңіз. ҚР аумағында Компанияның қамту аясында қосылуға болады.

«Серфинг» қосымша қызметі мен “Супер Роуминг” қосымша қызметі бір уақытта қосылғанда, ең алдымен «Серфинг» қосымша қызметі бойынша интернет-трафик жұмсалады. «Серфинг» қызметі бойынша интернет-трафик біткеннен кейін, роумингтегі мобильді интернет, осы қызмет бойынша абоненттік төлем сәтті  алынса, «Супер Роуминг» қызметтің шарттары бойынша тарифтеледі. Компания осы үйлесімділік шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады.

Қалай қосыламыз:

  •  *177*1# шақыру пернесін теріп, мәзірмен жүріңіз. Қосылғанда, қосылу үшін төлем алынады. Қосылуды растауды алыңыз.

Роумингте қосылған қосымша қызметтерді *145*4 # немесе WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде виртуалды кеңесші арқылы тексеруге болады.

Қосымша қызмет, қосылған роуминг қызметі болса ғана, қосылады.

Теңгерімді  тексеру *177*3#

Роумингте қызметтерді USSD арқылы қосу/өшіру барлық роуминг-әріптестерде қолданылмайды. USSD-тіркестің іске аспау себебі сондай-ақ абонент SIM-картасының ескіруі немесе уақытша техникалық іркілістер де болуы мүмкін. Осыған байланысты қызметтерді Қазақстанда болған кезде, роумингке шығар алдында қосуға кеңес береміз.

Қазақстанға келген бойда қызметті өшіруді ұмытпаңыз.

Қалай сөндіреміз:

  •  *177*2# шақыру пернесін теріп, мәзірмен жүріңіз. Сөндіруді растауды алыңыз.

Роумингті сөндіргенде, осы қосымша қызмет те сөндіріледі.

Қосымша қызмет бойынша елдер тізіміне кірмеген барлық басқа елдерде роумингтегі мобильді интернетті тарифтеу  стандартты тарифтерге сәйкес немесе  таңдалған елге байланысты абоненттің қолданыстағы қосымша қызметтері ұсыныстарына сәйкес жүргізіледі.

Қызмет тек роуминг қызметі белсенді болғанда қолжетімді. Нөлдік теңгерімде немесе несиелік лимит таусылғанда, роуминг қызметіне қолжетімділік тоқтатылады, соған сәйкес, «Серфинг» қосымша қызметіне қолжетімділік те тоқтатылады және қызмет бойынша топтама теңгерім толтырылып, роуминг қызметіне қолжетімділік қалпына келтірілгеннен кейін қолжетімді болады.

Қосымша қызмет туралы ақпарат ақысыз 2929 нөмірінен алынуыда мумкін . Бул нөмiрге коңырау шалу тек ҚР аумағында әрекет етеді.