Әлемдi шарлау

Роуминг саған арналып түзілген! Және ол сен ойлағаннан да қолжетімдірек! Өзіңнің жеке роуминг-топтамаңды қос!

«Әлемді шарлау 500МБ» — бұл қосылған кезде роумингте 20 күнге 500МБ интернет пен кіріс қоңырауларға, Қазақстанға және барған ел ішіндегі қоңырауларға 20 минут беретін қосымша қызмет.

«Әлемді шарлау 1ГБ» — бұл қосылған кезде роумингте 20 күнге 1ГБ интернет пен кіріс қоңырауларға, Қазақстанға және барған ел ішіндегі қоңырауларға 20 минут беретін қосымша қызмет.

Қызмет 56 елде әрекет етеді. Елдердің толық тізбесін“Елдер” бөлімінен таба аласыз.

Қосылу амалы:

  • *381*1#OK теріп, мәзір нұсқауларын орындаңыз.

Роумингте қосылған қосымша қызметтердің болуын *145*4# теру арқылы немесе Telegram / WhatsApp виртуалды кеңесшісі арқылы тексеруге болады.

Қосылған кезде қосылыс ақысы алынады. Қосылғаны туралы растау алыңыз. Қосымша қызметті роуминг қызметінің қосулы қалпында ғана қосуға болады.

  • Теңгерімді тексеру: *381*3#OK

Абонент бір уақытта Қызмет бойынша бір ғана Топтаманы қоса алады. Келесі Топтаманы алдыңғы Топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қосуға болады.

Роуминг-серіктестердің барлығы роумингте қызметтерді USSD арқылы қосуды / өшіруді қолдай бермейді. USSD-комбинацияны пайдалану мүмкін болмау себебі сондай-ақ абоненттің ескірген SIM-картасында немесе уақытша техникалық ақаулықтарды болуы мүмкін. Осыған байланысты қызметтерді Қазақстанда болғанда роумингке шықпас бұрын қосып алған жөн.

Серіктес желісінде автоматты түрде тіркеуден өту сәтсіз болған жағдайда телефон реттеулерінде қос желілік режимді және роуминг операторын қолмен таңдау қажет, толығырақ  

Өшіру амалы:

  • *381*2#OK теріп, мәзір нұсқауларын орындаңыз.

Өшірілгені туралы растау алыңыз. Роуминг қызметі өшірілген жағдайда «Әлемді шарлау» қызметі де өшіріледі.

Интернет

Кіріс қоңыраулар, Қазақстанға және барған ел ішіндегі шығыс қоңыраулар

Қосу құны

Топтама үстінен жұмсалған трафик құны  1 МБ немесе 1 мин үшін

Топтаманың әрекет ету мерзімі

500 MB

20 минут

1 990 ₸

49 ₸

20 күн

1 GB

20 минут

3 990 ₸

49 ₸

20 күн


Топтаманың қалған көлемін тексеру: *381*3#OK.

SMS қалыпты тарифтер бойынша есептеледі.

Австрия

Жапония

Мысыр

Түркия

Әзербайжан

Израиль

Нидерланды

Украина (Қырымды қоспағанда)

АҚШ

Индонезия

Норвегия

Ұлыбритания

Армения

Иран

Оңтүстік Корея

Yндiстан 

БАЭ

Испания

Өзбекстан

Финляндия

Беларусь

Италия

Польша

Франция

Бельгия

Канада

Португалия

Хорватия

Болгария

Қырғызстан

Ресей (Қырымды қоспағанда)

Чехия

Венгрия

Қытай (Тайваньды қоспағанда)

Сауд Арабиясы

Швейцария

Вьетнам

Латвия

Сербия

Швеция

Германия

Литва

Сингапур

Шри-Ланка

Гонконг

Малайзия

Словакия

Эстония

Грекия

Мальта

Словения

Грузия

Молдова

Таиланд

Дания

Монғолия

Тәжікстан


Қосымша қызмет бойынша елдердің тізіміне кірмейтін басқа барлық елдерде роумингтегі қоңыраулар, смс пен мобильді интернет стандартты тарифтерге немесе таңдалған роуминг-операторға байланысты абонентте қолданыстағы қосымша ұсыныстарға сәйкес тарифтеледі.

Топтама қосылған сәттен бастап 20 күн бойы жарамды және 20-шы күні Нұр-Сұлтан уақыт бойынша сағат 23:59-да өшіріледі. Қызмет өшірілген кезде топтаманың жұмсалмаған қалдығы жойылады, ал роумингтегі пайдаланылатын трафик роуминг серіктесінің қалытпы тарифтеріне сәйкес тарифтеледі. Топтаманың пайдаланылмаған көлемі ауыстырылмайды және жинақталмайды.

Топтама көлемінің оның әрекет ету мерзімі аяқталғанша таусылған жағдайында роумингтегі кіріс қоңыраулар, Қазақстанға және барған ел ішіндегі шығыс қоңыраулар және мегабайттар кіріс қоңырау, Қазақстанға және барған ел ішіндегі шығыс қоңырау минутына және 1 мегабайт үшін 49 теңге көлемінде тарифтеледі.

Сіз қызмет шеңберінде *381*1*3# пәрмені арқылы 1050 тг тұратын қосымша 300 МБ интернет-топтамасын біреуін қоса аласыз. Қосымша топтама трафигі ағымдағы қалдықтарға қосылады. Қызмет бойынша топтаманың әрекет ету мерзімі ұзартылмайды.

Топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін абоненттің роумингте пайдаланатын қызметтері барға елге байланысты қолданыстағы тарифтерке сәйкес есептеледі.

Қызмет бойынша белсенді интернет-сессия кезінде берілген интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда белсенді сессияны тоқтатып, интернетті пайдалануды қызмет бойынша интернет-трафик берілгеннен кейін қайта бастаған жөн.

Қосылу құны топтаманы іске қосқан кезде толықтай алынады. Іске қосу сомасын алу үшін теңгерімдегі қаражаттың жеткіліксіз болған жағдайында қызмет қосылмайды.

Сапарға шықпас бұрын роуминг қызметінің қосылғанына көз жеткізіңіз. Роуминг қызметін қосу үшін *145*1#ОК теріңіз немесе 3330 нөміріне «DA» мәтінін жолдаңыз. Қызметті ҚР аумағында, Компанияның қамту аймағында қосуға болады

Абоненттің “Серфинг” қызметіне қосулы болған жағдайында қызметті қосу мүмкін болмайды.

Қызметті роуминг қызметінің қосулы болған жағдайында ғана қосуға болады. Теңгерім нөлге жеткенде роуминг қызметін пайдалану мүмкіндігі тоқтатылады, сәйкесінше “Әлемді шарлау ”қосымша қызметін пайдалану мүмкіндігі де тоқтатылып, қызметпен ескерілген топтаманы теңгерімді толтырғаннан кейінгі роуминг қызметінің қайта қосылуынан кейін пайдалануға болады.

Басқа (көрсетілмеген) елдердегі қоңыраулар, сондай-ақ барған ел ішінде және Қазақстанға қоңырауларды қоспағанда басқа елдердің нөмірлеріне шығыс қоңыраулар қалыпты тарифтерге сәйкес есептеледі. Қызмет премиум және спутниктік бағыттарға қоңырау шалу үшін жарамсыз.

Осы үйлесімділік талаптарын Компания өзгерте немесе толықтыра алады.