«Абоненттік нөмірді растау» пилоттық жобасы

«Кселл» АҚ компаниясы «Хоум Кредит Банкі» АҚ ЕБ-мен (бұдан әрі – Банк) бірлесе отырып, 2018 жылғы 12 ақпаннан 2018 жылғы 30 сәуірге дейін қоса алғанда «Абоненттік нөмірді растау» қызметін (бұдан әрі – Қызмет) пилоттық сынақтан өткізуді іске қосады, бұл ретте Банкке кестеде көрсетілген деректерді мазмұндайтын жеке есептер ұсынылады.


Жеке есепке енгізілуі мүмкін деректердің тізімі.

Деректер

Берілетін деректердің мазмұны

1

Абоненттің ЖСН

КК.АА.ЖЖЖЖ форматындағы күні.

2

SIM-карта іске қосылғаннан бергі күндер саны

Сан

3

90 күнде дербес шотты толтырудың орташа сомасы

Сан

4

Соңғы 90 күндегі шығыс қоңырауларының саны

Сан

5

Соңғы 360 күнде роумингті пайдаланған айлар саны

Сан

6

Абоненттік нөмірдің соңғы тіркелуінен бергі күндер саны

Сан

7

Соңғы 90 күндегі жиынтық ARPU 

Сан

8

Топтамалық ТЖ болуы

Иә/Жоқ

9

Соңғы 90 күнде нөлге жақын (20 теңге және одан аз) теңгерім болған күндердің орташа саны

Сан

10

Соңғы 12 айда теңгерімді толтырудың орташа сомасы

Сан

11

Соңғы 90 күнде «Экстра теңгерім» қызметін алу саны

Сан

12

Соңғы 90 күнде қанша рет шығыс белсенділігі танытылды

Сан

Қызметті пилоттық іске қосу заңнама талаптарын, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заңының*, «Байланыс туралы» ҚР Заңының** талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Осы жоба аясындағы барлық деректер абонент тарапынан келісім алынғаннан кейін және абонент дұрыс тіркелген жағдайда ғана ұсынылады.

Абонент *345# тіркесін теру арқылы дербес деректерін жинауға және өңдеуге, абонент туралы дербес деректерді/қызметтік ақпаратты оның клиенттік рейтингін анықтау үшін Банкке жіберуге өз келісімін береді.

Абонент *543# тіркесін теру арқылы дербес деректерді жинау мен өңдеуге, абонент туралы дербес деректерді/қызметтік ақпаратты Банкке жіберуге берген келісімін қайтарып ала алады.

Келісімнің әрекет ету мерзімі – ол берілген мезеттен бастап 30 минут.

Қызметті пилоттық іске қосудың негізгі мақсаты*** – Банк үшін, Банк клиенттерін тексеру және сәйкестендіру процесі үшін, қызметтер мен өнімдерді ұсыну кезінде олардың клиенттік рейтингін анықтау үшін жеке есептердегі ақпараттың құндылығын анықтау.

Есептер тек Актив нөмірлері бойынша ғана беріледі.