Тұрақтар және ақылы жолдар

Алматыдағы тұрақты өзіңіздің activ ұялы телефоныңыздың теңгерімінен оңай, жылдам әрі қауіпсіз төлеңіз:

  • 7757 нөміріне SMS арқылы Тұрақ нөмірі*Автомобиль нөмірі*Тұрақ сағаттарының санын жолдаңыз.
    Мысалы: 1001*А111ААА*1 немесе 1001*123ААА02*3

Тұрақты ұзарту үшін:

  • 7757 нөміріне SMS арқылы ХҰзарту сағаттарының санын жолдаңыз.
    Мысалы, 2 сағатқа ұзарту: Х2
Тұрақты мерзімінен бұрын тоқтату:
  • 7757 нөміріне SMS арқылы S немесе С жолдаңыз.
    Пайдаланылмаған тұрақ уақытының сомасы тұрақ шотына қайтарылады.

«Алматыдағы ақылы автотұрақ» қызметін «RR2» ЖШС ұсынады.

activ мобильді нөмірінен ақылы жолдармен жүру жолақысын төлеу алу үшін:

  • 5505 қысқа нөміріне ХХХ жолақы YYYYYYYY форматында SMS жіберу керек.
    Мұндағы
    «Х» - жеке шотты теңгемен толтыру сомасы
    «жолақы» - бұл қызметтің сәйкестендіргіш сөзі
    «Y» - бұл сіздің жеке шотыңыздың нөмірі болатын автомобиль нөмірі.
    Сәйкестендіргіш сөз ретінде: проезд, proezd, жолақы, жолакы, zholaky, passage
    Мысалы: 100 проезд 123AAA02
  • Жауап ретінде 5505 нөмірінен SMS түрінде растауға сұраным келеді.
  • Тегін жауап хабарламада «1» жіберу арқылы төлемді растау керек.
  • Көрсетілген сома мен комиссия мобильді нөмірдің теңгерімінен алынады.
  • Төлемді растау ретінде операция сәйкестендіргіші бар SMS келеді

Бірнеше жол жүру сомасын көрсетуге болады, мысалы: 1000 жолақы 123AAA02 Сонда ақылы жолға кірген кезде SMS жіберу қажет болмайды.

Сондай-ақ дербес шотты mobimoney.kz порталындағы activ ұялы нөмірінің теңгерімінен толтыруға болады

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-та дербес шотты мобильді нөмірдің теңгерімінен толтырғаны үшін комиссия 1,5 пайызды құрайды.

Төлемді корпоративтік нөмірлерден жүргізу мүмкін емес.