Ақшаны алу

«Қазпошта» бөлімшелері арқылы activ мобильді нөмірінен ақшаны оңай, тез және қауіпсіз түрде шешіп алыңыз!

  1. «Қазпошта» АҚ кез келген бөлімшесіндегі операторға жүгініңіз
  2. Жеке куәлік ұсынып, мобильді теңгерімінен ақша қаражаты алынатын телефон нөмірін хабарлаңыз.
  3. Шешіп алынатын соманы және SMS арқылы келген растау кодын айтыңыз.
  4. Қолма-қол ақша қаражатын алыңыз.

Алынатын ақшаның ең төменгі мөлшері 1000 теңге

Ақшаны бір рет шешіп алудың барынша көп сомасы 100 000 теңге.

Айына бір нөмір немесе Абоненттің ЖСН арқылы шешіп алуға болатын қолма-қол ақшаның барынша көп сомасы - 265 100 теңге.

Операция бойынша комиссия - шешілетін соманың 2,5%, ең аз комиссия — 150 теңгені құрайды.

HalykBank банкоматтарынан ақшаны мобильді телефон теңгерімі арқылы шешім алыңыз.

  1. mobimoney.kz арқылы шешуді бастамалаңыз:
    1. Теңгерімінен ақша алғыңыз келетін телефон нөмірін толтырыңыз және алынатын қажетті соманы енгізіңіз
    2. Алынған соманы mobimoney нөмірінен алынған кодпен растаңыз
    3. Көрсетілген мобильді нөмірге екі бөлікке бөлінген 10 сандық код жіберіледі, ол екі SMS хабарламамен келеді.
  2. HALYKBANK банкоматынан ақша алыңыз:
    1. «Қолма-қол ақшаны код арқылы шешуді» таңдаңыз
    2. Алынған 10 таңбалы кодты енгізіңіз
    3. * код 24 сағат бойы жарамды болады.

Комиссия - 3.9%;

Алынатын ақшаның ең төменгі мөлшері 2 000 теңге

Бір тәулік ішіндегі алымдардың барынша жоғары сомасы - 30 000 теңге.

HalykBank банкоматтарының мекенжайлары

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері шығарған банктік карталарға activ мобильдік нөмірінің теңгерімінен ақшаны оңай, жылдам және қауіпсіз аударыңыз!

  1. mobimoney.kz сайтында «Ақша алу» санатын таңдаңыз
  2. «Картаға шығару» сервисіне өтіңіз
  3. Теңгерімі аударым жасау үшін пайдаланылатын телефон нөмірін және аударым сомасын енгізіңіз.
  4. Аударым жасалатын карта нөмірін толтырыңыз
  5. Аударымды mobimoney нөмірінен алынған бір рет қолданылатын растау кодымен растаңыз.

Қосымша ақпарат:

  • *Операцияның ең төменгі мөлшері - 1 000 тг.
  • Бір жолғы операцияның ең көп сомасы - 100 АЕК
  • Тәуліктік лимит - 100 АЕК
  • Комиссия - 3.9% (кемінде 200 теңге)