Кэшбэк ұста!

Kcell мобильді нөмірінің теңгерімі арқылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеп, 10% кэшбэк алыңыз

01.03.2020 ж. бастап «Кэшбэк ұста!» науқаны басталады

Алматы қаласының қоғамдық көлігінде мобильді нөмір теңгерімінің көмегімен жол ақысын төлеу кезінде Kcell абоненттері жол ақысының 10% көлемінде кэшбэк алады.

Науқанға қатысу үшін Абоненттерге:

  1. ОҢАЙ терминалындағы көлік кодын 9909 қысқа нөміріне (терминал бетіндегі 6 сан) SMS арқылы жолдау
  2. Электрондық билеті бар SMS алу қажет.

Кэшбэк мобильді нөмірдің теңгеріміне төлем жүргізілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

  1. «Кэшбэк ұста!» науқаны (бұдан әрі — Науқан) 01.03.2020 жылдан бастап 01.06.2020 жылға дейін өткізіледі
  2. Науқанды өткізу аумағы – Алматы қ., Қазақстан Республикасы (Оператордың желісін қамту аймағы).
  3. Науқанға қатысушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаттары бар, жеке тұлға атына тіркелген нөмірге ие Activ және Kcell абоненттері.
  4. Науқанды өткізу кезеңінде бір мезгілде мына өлшемдерге сәйкес келетін Абонент Науқанға қатысушы болып танылады:
  • Науқанды өткізу кезеңінде Қатысушы өз теңгерімінің көмегімен 9909 қысқа нөміріне SMS (бұдан әрі - Төлем) жіберу жолымен Алматы қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын төлейді және Төлемнің табысты өткендігі туралы хабарлама алады.
  • Бұл төлем әдісі «ОҢАЙ» картасымен төлеуге болатын барлық бағыттарда қол жетімді. Жол ақысын «ОҢАЙ» терминалындағы алты таңбалы көлік кодын 9909 қысқа нөміріне SMS арқылы жіберумен төлеуге болады. Содан кейін абонентке электрондық билетті қамтитын SMS келеді. Абонент теңгерімінен жолақы құны алынады.
  • Жолақы құны – 80теңгені құрайды. Төлеу сәтінде теңгерімде операцияны жүргізу үшін жеткілікті сома болуы тиіс. Төлем аванстық есеп айырысу тәртібімен Kcell/activ абоненттері, жеке тұлғалар үшін мүмкін. Жеңілдігі бар азаматтар SMS жолдаған жағдайда тарифтің толық құны алынады 9909 нөміріне SMS жіберу тегін.
  • Қатысушының телефон нөмірі қосулы болуы тиіс.
  • Билет бір сапарға жарамды. Екінші билетті сатып алу үшін тағы 9909 нөміріне «ОҢАЙ» терминалындағы көлік коды бар SMS-хабарламаны бір рет жіберу керек
  • Қатысушы нөміріне Төлем жүргізілгеннен кейін жолақының 10% көлеміндегі кэшбэк беріледі.
  • Кэшбэк Қатысушы теңгеріміне Төлем жүргізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
  1. Науқанның басталуына дейін төлем жүргізген 3 тармақта көрсетілген Абоненттер Қатысушылар тізіміне енбейді.
  2. Оператор Науқанды өткізу кезеңі ішінде Абоненттерге өткізілетін Науқан туралы ақпаратпен SMS-хабарлама жіберуге құқылы.
  3. Ережелерде көрсетілген әрекеттерді орындаған Науқан қатысушылары осы арқылы өздерінің Науқан осы Ережелерімен және Науқанға қатысу талаптарымен толық танысқандықтарын және келісетіндіктерін растайды.
  4. Қатысушының осы Ережеде көзделген шарттарды орындамаған жағдайында Оператор Қатысушыға бонус беруден бас тартуға құқылы.
  5. Науқанның жүлде қоры Оператордың қаражаты есебінен қалыптастырылады.
  6. Оператор activ.kz, kcell.kz сайтына тиісті ақпаратты орналастыра отырып, осы Науқан талаптарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер олардың орналастырылуынан кейін күшіне енеді.
  7. Оператор төмендегілерге жауапты болмайды:
  • Науқан Қатысушыларының осы Ережелерде көзделген міндеттерін орындамауы/уақтылы орындамауы;
  • Науқан қатысушыларының кез келген себеппен Қатысушы кінәсінен кэшбэк алмауы.

ҚОСЫМША ТАЛАПТАР:

  1. Оператор өзгертілген ережелерді kz, kcell.kz сайттарында орналастыру жолымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін кез келген негіз бойынша Ережелердің өзгергені туралы хабардар ете отырып, осы Ережелерді біржақты тәртіппен өзгертуге, сондай-ақ осы Науқанға қатысты қосымша ақпаратты жариялауға құқылы.
  2. Оператор абоненттік құрылғының және абоненттік нөмірлердің меншік құқығы, иелігі немесе оларды пайдалану туралы қандай да бір дауларға, сондай-ақ оларды тіркеу мәселелеріне қатысты ешқандай жауапкершілікте болмайды. Операторға және/немесе Оператордың аймақтық бөлімшесіне Науқанға қатысу жүргізілген абоненттік нөмірді ұсынатын тұлға тиісті растайтын құжаттарды ұсына отырып, оның шынайы иесі (ЖСН-і тіркелген тұлға) болып есептеледі.
  1. Оператор науқанға Қатысушының осы Ережеге сәйкес кэшбэк алу құқығын растайтын талаптарға қатысты өтініш жасаған кезінде жауапты Байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шарттың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырады.
  2. Оператор Оператордың ұялы желілерінде, жабдығында орын алуы мүмкін техникалық және технологиялық қателіктер үшін жауапты болмайды.
  3. Науқанның өткізілуімен байланысты барлық даулар келіссөздер жолымен шешілуі тиіс. Келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда дау қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті сотында қаралуы тиіс.
  4. Науқанды өткізу барысында Қатысушының үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуына қатысты үшінші тұлғалар тарапынан Операторға қандай да бір кінәрат-талаптардың болған жағдайында науқан Қатысушысы осындай дауларды өз бетінше шешуге жауапты болады.
  5. Науқанға қатысты барлық сұрақтар бойынша Абоненттер Оператордың қоңырау шалу орталығына хабарласа алады: activ абоненттері үшін 3030 және Kcell абоненттері үшін

 

НАУҚАНҒА ҚАТЫСА ОТЫРЫП СІЗ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚ КЕЛІСЕСІЗ