4 бастапқы топтамадан тұратын жинақ

аctiv 4 бастапқы топтамадан тұратын жинаққа кіретін абоненттік нөмірі бар жаңа бастапқы топтама ұсынады. Осы жинақ оның басқа 3 нөміріне тәулігіне 24 сағат бойы 0 теңгеден сөйлесудің ыңғайлы мүмкіндігін береді.

Әр бастапқы топтамада екі тәсілмен іске қосу мүмкіндігі бар:

 

1. *116# USSD пәрмені арқылы жинақтағы әр бастапқы топтаманы іске қосқан кезде абонент жинақтың іске қосылған қалған 3 нөміріне лимитсіз қоңырау қосымша қызметін алады.

2. Осы нөмірлерге лимитсіз қоңыраулар қосымша қызметі үшін абоненттік төлем жинақтағы осы қызметті іске қосқан әр нөмірден алынып, тәулігіне 10 ₸ құрайды.

3. Осы жинақтың абоненттік нөмірлерінің тобына басқа абоненттік нөмірлерді қосуға болмайды.

4. Қызметті «Кселл» АҚ қызмет көрсету орындарында өшіруге болады.

Жинақтағы қалған үш нөмірдің әрқайсысына әр бастапқы топтаманы лимитсіз қоңыраулар қосымша қызметінсіз іске қосу үшін сізге *110# USSD пәрменін теру қажет.