Авто Экстра мегабайттар

«Авто Экстра мегабайттар» сізге тарифіңізде 100 мегабайт шегіне жеткендегі интернет топтаманы қосуға мүмкіндік береді.

Қызмет туралы ақпаратты келесі пәрмен арқылы алуға болады: *912*4*6#

Қызметті тікелей пәрмендер арқылы қосуға болады:

*912*4*1# - 5GB – 1999 теңге

*912*4*2# - 2GB – 999 теңге

*912*4*3# - 1GB – 699 теңге

*912*4*4# - 500MB – 499 теңге

*912*4*5# - 250MB – 399 теңге

Сервисті сөндіру: *912*5# OK USSD тіркесі арқылы

«Авто Экстра мегабайттар» қызметін қоса отырып, сіз көрсетілген қызмет құнының теңгеріміңізді келесі толықтыру сомасынан немесе Экстра мегабайттарының пайдаланылғанына немесе пайдаланылмағанына қарамастан  қызметті қосудың 6-күніне қараған түні автоматты түрде алынатындығымен келісесіз.

Сіз қызметті төмендегі жағдайларда қоса аласыз:

    • Нөмір 30 күннен кем емес уақыт бұрын қосылған;
    • Нөмір «белсенді» қалпында.

Үйлесімдігі:

Егер «Авто Экстра мегабайттар» интернет-топтамалармен қатар қосылған болса, алдымен әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады.

«Авто Экстра мегабайттар» қызметі қосылғаннан кейін 5 күн ішінде сіз сондай-ақ бір рет «Экстра теңгерім» немесе «Авто Экстра теңгерім» қызметін қоса аласыз (қызметтердің бірі бұғатталғанша ғана).

«Авто Экстра мегабайттар» қызметінің құны «Мобильді көмек», «Экстра теңгерім» немесе «Авто Экстра теңгерім» қызметтері бойынша теңгеріміңізге алынған қаражаттан өтеледі.

«Авто Экстра мегабайттар» қызметіне қосылу сұранымын роуминг режимінде беру мүмкін емес.

*Іске қосу күні деп абоненттік нөмірді кейіннен қайта ресімдеу мүмкіндігіне қарамастан, бастапқы іске қосу күні саналады

«Авто Экстра мегабайттар» қызметінің құны теңгеріміңізді келесі толықтыру(-лар) сомасынан немесе  қызметті қосудың 6-күніне қараған түні автоматты түрде алынады. Сізге  берешектің өтелгені туралы хабарлама арқылы автоматты түрде хабарланады.

Әрекет ету мерзімі: Авто Экстра мегабайттар алынған сәттен бастап 5 күн бойы жарамды және оларды шектеусіз барлық WEB-ресурстарға пайдалануға болады. Аталған кезең аяқталған соң қызмет шеңберіндегі пайдаланылмаған интернет-трафик жойылады.

Егер 5 күн ішінде «Авто Экстра мегабайттар» қызметінің құны толықтай өтелмесе, қызмет  бойынша берешек толық өтелгенге дейін кіріс қоңыраулар мен жедел қызмет нөмірлерін қоспағанда, байланыс қызметтерін ұсыну тоқтатылады.