Теңгерімді бақылау

"Теңгерімді бақылау" қызметі сізге сұхбат аяқтала салысымен шынайы уақыт қалпында соңғы ақылы дауыстық қоңырау құны туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.Қосымша, сіз сондай-ақ дербес шотыңыздың ағымдағы қалпы туралы ақпаратты ала аласыз. Осылайша, сіз ешбір қосымша әрекет жүргізбестен қаражатыңызды тұрақты түрде бақылай аласыз.

Ақпарат кез келген сәтті ақылы дауыстық қоңырау («Сұхбаттасушы есебінен қоңырау» қызметі арқылы шалынған дауыстық қоңырауларды, дауыстық халықаралық қоңырауларды, басқа желілерге қоңырауларды, ақылы қысқа нөмірлерге қоңырауларды қоса) шалынғаннан кейін, flash SMS (түсім туралы дыбыстық сигналмен) әлде push USSD (түсім туралы дыбыстық сигналсыз) технологиясы арқылы жолданады.

  • Қызмет роуминге шығыс қоңырау шалғанда ғана, ұсынылады.
  • Дауыстық қызмет барысында бонустық трафик немесе алдын ала төленген қызметтер көлеміне қосылған тегін трафик жұмсалатын болса, ақпарат берілмейді.
  • Егер ақылы дауыстық қоңырау шалу барысында абонентте интернет-сессия ашық болса, техникалық ерекшеліктерге байланысты Қызмет шеңберінде шоттың ағымдағы қалпы туралы ақпарат ағымдағы ашық интернет-сессия барысында пайдаланылған трафик есебінсіз берілуі мүмкін.

Назар аударыңыз! Телефондардың кейбір модельдерінде push USSD дыбыстық сигналмен келуі мүмкін және push USSD әрқашан роумингте келмеуі де мүмкін.

  • Қызметті пайдаланудың абоненттік ақысы тәулігіне 1 теңге, ҚҚС есебімен.
  • Абоненттік төлем Қызметке қосылған кезде толықтай алынып, ары қарай абоненттің дербес шотында жеткілікті соманың болған жағдайында Астана қ. уақытымен сағат 00:00-02:00 аралығында алынады.
  • Абоненттік төлем алынбаған жағдайда Қызмет өшіріледі.

Қызметті басқару үшін *181#  теріңіз. Ары қарай мәзір көмегімен сізге қызметті қосып, өшіруге, құнын білуге немесе қызметке қатысты ақпаратты алуға болады. Тікелей пәрмендер:

  • *181*1*1#  - қызметті қосу дыбыспен;
  • *181*1*2#  - қызметті қосу дыбыссыз;
  • *181*2#– қызметті сөндіру;
  • *181*3#  – қызмет құны туралы ақпаратты алу;
  • *181*4#  – қызмет туралы ақпарат алу.