Huawei

Үлгі Шартты мерзім, ай Kcell/activ желісі ішіндегі дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар Қазақстан бойынша басқа ұялы операторлардың желілеріне дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар  *  Науқандық интернет-трафик* Дауыстық Халықаралық қоңырауларға науқандық минуттар** Роумингте дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар* Kcell/ Activ желісі ішіндегі науқандық SMS*  Абоненттік құрылғы үшін артық төлем, теңге, ҚҚС есебімен  Ай сайынғы төлем, теңге, ҚҚС есебімен 
HUAWEI P9 12 Unlim 500 25 50 30 1000 20000 20 500
18 15 500
24 13 000
HUAWEI P9 12 Unlim 400 20 30 0 1000 20000 18 500
18 13 500
24 11 000
HUAWEI P9 Lite 12 Unlim 400 20 30 0 1000 12000 12 500
18 9 500
24  8 000
HUAWEI P9 Lite 12 Unlim 300 15     1000 12000 11 500
18 8 500
24 7 000
Үлгі Шартты мерзім, ай Kcell/activ желісі ішіндегі дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар Қазақстан бойынша басқа ұялы операторлардың желілеріне дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар  *  Науқандық интернет-трафик* Дауыстық Халықаралық қоңырауларға науқандық минуттар** Kcell/ Activ желісі ішіндегі науқандық SMS*  Абоненттік құрылғы үшін артық төлем, теңге, ҚҚС есебімен Ай сайынғы төлем, теңге, ҚҚС есебімен
HUAWEI P8 Lite 2017 6 Unlim 200 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 0 14 000
12 15GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    8 000
HUAWEI P8 Lite 2017 6 Unlim 120 5GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 0 13 500
12 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    7 600
HUAWEI Y6II 6 Unlim 200 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 6000 11 000
12 15GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    6 500
HUAWEI Y6II 6 Unlim 120 5GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 6000 10 500
12 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    6 000
HUAWEI GR3 6 Unlim 120 5GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 6000 10 500
12 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    6 000
HUAWEI GR3 6 Unlim 80 4   1000 6000 10 200
12    5 700
HUAWEI Y5II 6 Unlim 120 5GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 990    8 000
12 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    4 800
HUAWEI Y5II 6 Unlim 80 4   1000 990    7 700
12    4 500
HUAWEI Y3II 6 Unlim 120 5GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді   1000 990    5 900
12 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді    3 700
HUAWEI Y3II 6 Unlim 80 4   1000 990    5 600
12    3 400

Келісімге сәйкес Компания Абонентке Абоненттік құрылғыны абоненттік құрылғының алғытөлем сомасының енгізілуінен және бірінші ай сайынғы төлемнің төленгенінен кейін табыстайды.
Абонент Науқанға скоринг – абоненттің Оператор орнатқан төлемге қабілеттілік критерийлеріне сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қосылады.

Науқанға қатысу Абоненттің Келісімшарттық мерзімге келісім жасасуы арқылы ресімделеді.

Науқанға қосылған кезде Компания Абонент нөмірінде «11» тарифтік жоспарын және Қызмет Топтамасының бірін қамтитын қызметті іске қосады.

Қызмет Топтамасы Науқан шарттарымен ескерілген ай сайынғы төлемдерді төлеген жағдайда Науқанға қосылған күннен бастап әр 30 күнтізбелік күн сайын жүктелетін дауыстық қоңыраулар минуттарының, SMS хабарламалар мен интернет трафиктің белгілі бір көлемін қамтиды.

Абоненттің Келісімшарттық мерзімнің аяқталуына дейін «11» тарифтік жоспарын қосқанда Қызметтен бас тартқан, Келісімді және/немесе ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ шартты бұзған жағдайында, сондай-ақ Келісіммен орнатылған басқа да жағдайларда Абонент жасалған Келісім шарттарына сәйкес абоненттік құрылғының қалдық құнын төлейді.

Абонент Қызметтен Науқан бойынша «11» тарифтік жоспарын қосқанда Келісімшарттық мерзімнің аяқталуына дейін тек абоненттің Компанияның Kcell орталығына ұсынған жазбаша өтініші арқылы ғана бас тарта алады.

Абоненттің кез келген себеппен Қызметтен бас тартқан жағдайында абоненттік нөмірдегі «11» тарифтік жоспары Абоненттің оны өзгерткенінше әрекетін жалғастырады.

Қызметке сәйкес ұсынылатын Науқандық минуттар және SMS хабарламалар ҚР аумағында қоңырау шалып, хабарлама жолдау үшін пайдаланылады, бірақ оларды 3, 4 және 5 таңбалы қысқа нөмірлерге қоңырау шалып, хабарлама жолдау үшін пайдлануға болмайды.

Қызметтің науқандық көлемін, оның ішінде барынша жоғары жылдамдықтағы мобильді интернеттің қосымша топтамаларын роумингте пайдалану мүмкін емес.

Науқанды роумингте қоңырау беру шарты бар «Келісімшарттық телефон» науқанымен бірге қосқанда, ең алдымен «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша минуттар топтамасы жұмсалады, одан кейін «Супер роуминг» науқан бойынша тарифтеу әрекет етеді. 

Қызметтің Науқандық топтамасының әрекет ету мерзімі: Есептік мерзім, яғни Абоненттің Дербес шотынан Ай сайынғы төлемнің алынуы тиісті күннен бастап 30 (күнтізбелік күн) ішінде. Әрекет ету мерзімінде пайдаланылмаған Қызметтің Науқандық топтамасының көлемі келесі Есептік мерзімге ауыстырылмайды. Сәйкес Есептік мерзімдегі Қызметтердің науқандық көлемі Абонентке егер осы есептік мерзімде Ай сайынғы төлем толық алынбаған болса, берілмейді.

Қызметтің науқандық топтамасын Kcell абоненттері Дербес шотының оң теңгерімі қалпында, ал activ абоненттері кез келген теңгерім қалпында пайдалана алады, теңгерімге немесе несиелік лимитке қарамастан, қолжетімді болатын интернет-трафиктен басқа
Қызметтің Науқандық топтамасы пайдаланылғаннан кейінгі оператордың байланыс қызметтерінің тарифтелуі, сондай-ақ Қызметтің Науқандық топтамасына кірмеген басқа да қызметтердің тарифтелуі «11» тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі, тарифтік жоспарға кірмеген қосымша қызметтердің тарифтелуі Оператордың осындай қызметтерді пайдалану барысында әрекет ететін тарифтері бойынша жүргізіледі.

Қызметтердің Топтамалары мен Компанияның қосымша интернет-қызметтерін Келісімшарттық кезең ішінде бір уақытта қосу мүмкін емес.
Науқандық топтама бойынша дауыстық минуттар және интернет-трафик қалдығын тексеру *123*3*2#OK және/немесе *111*3#OK пәрменін теру арқылы жүргізіледі.

«Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша (науқанға 23.12.2015 жылға дейін қосылған абоненттер үшін) интернет-трафикті қызмет/науқан бойынша абоненттік төлемнің алынған жағдайында аванстық есеп айырысу тәртібіндегі Абоненттер үшін 0 теңгерім қалпында және несиелік лимиттің таусылған жағдайында пайдалануға болады.

Абонент науқанға скоринг – Оператор белгілеген төлем қабілеттілігі критерийлеріне абоненттің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша қосылады. Сонымен бірге, бір Абонент (жеке тұлға) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша тек қана бір телефон сатып алуды рәсімдей алады, ол екінші телефонды толық құнына сатып ала алады.

Науқанды қосқан күннен бастап, әр 30 күн сайын «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлемдер алынады және қызметтердің науқандық топтамасы ұсынылады

Басқа ұялы оператор абоненттері де Kcell/activ абоненттік нөмірін рәсімдегеннен кейін немесе MNP қызметі бойынша өз абоненттік нөмірін ауыстырғаннан кейін, скоринг нәтижесі бойынша «Келісімшарттық телефон» науқанын қосу мүмкіндігіне ие. 

Абоненттік құрылғының кепілдемелік мерзімі – Абоненттік құрылғының Қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан былай - Акт) қол қойған сәттен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай. Кепілдемелік қызмет көрсету шарттары өндірушінің Интернет-ресурсында орналастырылған.

Осы актіге қол қойғаннан кейін Абоненттік құрылғы ақаулығы анықталған жағдайда Абонент Оператор ұсынған авторизацияланған сервис орталыққа хабарласуы қажет (авторизацияланған сервис орталықтарының мекенжайлары Оператордың Интернет-ресурсында келтірілген).

Кепілдемелік мерзімнің аяқталуына 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аз уақыт қалған кезде өндірушінің кепілдемелік шарттарымен қамтылатын Абоненттік құрылғы ақаулығы анықталған жағдайда, кепілдемелік мерзім тауарды ауыстыру немесе жөндеу күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге ұзартылады.

Қалған жағдайларда кепілдемелік мерзім ұзартылмайды. Абоненттік құрылғыны кепілдік жөндеу мерзімі – 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін. Өндірушінің Интернет-ресурсында орналастырылған Мобильді құрылғыны іске қосу туралы ақпарат қате болуы мүмкін. Кепілдемелік мерзімнің есептелуі Актіге қол қойған күннен басталады.

Қызмет шарттары:

  • Абонент жаңа таңдалған құрылғының шарттары бойынша скорингтен өтуге Kcell center/Kcell Store-ға өтініш беру қажет;
  • Жаңа құрылғының шарттары бойынша скорингтен өткенде, абонент ағымдағы шарт бойынша әлдеқашан сатып алынған құрылғының дисконтты қалдық құнын (ДҚҚ) бір реттік төлеммен төлеу қажет. Дисконтты қалдық құны абоненттік бөлімге тапсырылған қызметке қосылу туралы абоненттің жазбаша өтінішінің негізінде төленеді.
  • Одан кейін абонентпен «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша жаңа шарт жасалады және жаңа келісімшарттық кезеңге (12, 18, 24 ай) қызметтердің жаңа науқандық топтамасымен жаңа құрылғы беріледі.
  • Егер абонент ағымдағы келісімшарт бойынша дисконтты қалдық құнымен (ДҚҚ) келіспесе, онда абонент «Contract Upgrade» қызметінен бас тартуға құқылы және «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша өзінің ағымдағы (қолданыстағы) шарты бойынша қызмет көрсету жалғасады.

«Upgrade» қызметін төмендегі критерийлерге сай келетін абоненттер пайдалана алады:

 

  • Кем дегенде 3 ай (шартқа отырған күннен бастап, 90 күн) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша қолданыстағы шарт бойынша қызмет көрсетілетін;
  • «Келісімшарттық телефон» науқаны аясында тағы бір жаңа құрылғыны сатып алуға дайын;
  • Осы абонентке рәсімделген барлық нөмірлер бойынша қарыз үшін бұғатталудың жоқтығы;
  • Бүкіл қызмет көрсету уақыты ішінде 60 күннен астам мерзімге «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша мерзімінен кешіктірудің болмауы;
  • 30 күнтізбелік күн ішінде нөмірді қайта рәсімдеудің болмауы.

 

Жоғарыда көрсетілген критерийлерге сай келетін абоненттер  «Upgrade»  қызметін шектеусіз рет пайдалана алады.

«Contract Upgrade» қызметі бойынша дисконтты қалдық құнының мөлшері «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша құрылғылар мен қызметтер топтамаларының бағаларының жаңартылуына сәйкес жаңартылып тұрады.

Қызмет Абоненттің атына тіркелген нөмірлерге қатысты қолжетімді. Үшінші тұлғаларға тіркелген нөмірлерге қатысты Қызметті ұсынуға жол берілмейді.

Интернет-трафиктің ай сайынғы көлемі біткен жағдайда немесе қалалық нөмірлерге қоңыраулар үшін минуттар алғыңыз келсе, Сіз бір реттік топтаманы пайдалана аласыз.

 

Интернет-трафик Құны Қосу
1 GB 400 ₸ *190#OK
3 GB 1090 ₸
5 GB 1490 ₸
10 GB 1990 ₸  

Қосымша топтамалардың шарттары

Топтаманың жарамдылық мерзімі – 30 күн. Топтаманың жарамдылық мерзімі біткеннен кейін, Топтама бойынша қызметтердің жұмсалмаған көлемі жойылады.

Топтаманы қосқанда ең алдымен Топтама бойынша қызметтердің көлемі жұмсалады, одан кейін Тарифтік жоспар бойынша интернет-трафик жұмсалады.

Бірнеше Топтаманы бір уақытта қосуға болады, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз трафик жұмсалады.

*Қызметтің Науқандық топтамасы аяқталғаннан кейін, тиісті қызметтердің тарифтелуі «11» тарифтік жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

** Келесі елдерге мобильді телефоннан қоңыраулар: Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Германия, БАӘ, Қытай.

Дүкендердің мекенжайлары: https://activ.kz/kk/contacts