MMS

MMS (Multimedia Messaging Service) SMS баламасы болып табылады және әуендері, толық түсті суреттері, суреттері, фотосуреттері, музыкалық фрагменттері, мәтіннің үлкен көлемдері және т.б. бар хабарламаларды телефонға жіберуге және алуға мүмкіндік береді. MMS хабарламаларды  MMS қолдайтын ұялы телефондарға және электрондық пошта мекенжайларына жіберуге болады.

Қосылу

Қызметті қостыру үшін «mms» сөзін (тырнақшасыз) SMS арқылы 800 нөміріне жолдау жеткілікті немесе Infoпаркке (*123#ОК нөміріне қоңырау шалу арқылы) кіріп, «Амал-шарттар» бөлімінде «MMS» тармағын таңдап, «Қостыру» пәрменін басу қажет (сондай-ақ тікелей *123*6*1*1#ОК сілтемесін пайдалануға болады).

Бірнеше минут ішінде сіздің нөміріңізге MMS амал-шарттары жолданады (экранда «Орнату топтамасы алынды» (Набор установок получен/Service settings received) жазуы пайда болады), оны телефон жадысына сақтап алу қажет – басқа барлық жағдайда қызметті абоненттік бөлімше арқылы немесе төмендегі межелерді пайдалана отырып, қолдан бейімдеу қажет:

  • Мәліметтер арнасы (Data bearer): GPRS
  • IP мекенжайы (IP address): 195.47.255.7
  • Порт: 8080
  • APN: mms
  • Үй парағы (Homepage): http://mms.kcell.kz/post

Бейімдеу межелері регистрдің есебімен (Бас әріп/кіші әріп) кестеде көрсетілгендей енгізілуі қажет (бос орындар қалдырылмайды). Бірқатар жағдайда IP мекенжайы 195.047.255.007 қаллпында жазылуы мүмкін.

MMS қызметі activ абоненттері үшін желі ішінде және Қазақстан Республикасының және басқа елдердің басқа ұялы операторларының абоненттерімен мультимедиялық хабарламалармен алмасудың жылдам және ыңғайлы амалы*.

Мультимедиялық хабарламаның ең көп рұқсат етілген мөлшері - 300 KB.

Құны

Оператордың желісі ішінде бір мультимедиалық хабарлама жіберу – 7 теңге.

ҚР бойынша басқа операторларға бір MMS хабарлама жолдау – 15 теңге.

Басқа операторлардың ұялы нөмірлеріне бір мультимедиалық хабарлама жіберу – 30 теңге.

Барлық бағалар ҚҚС-мен қоса есептеліп көрсетілген.

MMS хабарламаны ҚР басқа операторына немесе басқа елдің операторына жібергенде, ол осы MMS хабарламаны көруге болатын веб-бетке сілтемесі бар SMS хабарламаны алады.

Қызметті ыңғайлырақ пайдалану үшін Сіз MMS Порталды пайдалана аласыз, оның көмегімен Сіз тікелей компьютеріңізден өз MMS хабарламаларыңызды жіберу, қарау және жою мүмкіндігіне ие боласыз.

*Басқа елдердің абоненттерінен MMS алу қолжетімсіз.