SMS

SMS – өз телефоныңыздан Kcell/activ абоненттеріне, сондай-ақ әлем бойынша басқа да GSM абонентттеріне қабылдап, жолдауға болатын қысқа хабарламалар.

Бұл қызметті пайдалануды бастау үшін телефонды белгілі қалыпқа реттеу керек, атап айтқанда, SMS-хабарламалар орталығының(SMS center) +77010002525 телефон енгізу қажет.

Қазақстандағы басқа ұялы байланыс абонентіне SMS жіберу үшін абоненттің нөмірін 8XXXYYYYYYY немесе + 7XXXYYYYY форматында енгізу қажет. Басқа нұсқаларды енгізген кезде (мысалы, XXXYYYYYYY) SMS жеткізілетіндігіне кепілдік берілмейді.

Бір хабарлама ұзындығы 160 таңбадан (латын әріптері мен сандар) және 70 таңбадан (кириллицамен жазылған хабарлама) асырылмауы тиіс.