SMS E-mail

Қысқа хабарламаларды жолдау қызметін пайдалана отырып, Сіз Activ немесе Kcell абонентіне және бүкіл әлемнің GSM абоненттеріне қысқа мәтінді хабарламаларды (160 таңбаға дейін) жолдауға мүмкіндігіңіз бар. Телефонның сөндірулі, қосулы немесе бос болмауына қатыссыз жолданған хабарлама қандай жағдайда болмасын абонентке жеткізіледі.

 

Қызметті іске қосу үшін абонентке DA мәтінін 400 нөміріне жолдау қажет.

Абонентке автоматты түрде 770XXXXXXXX@sms.kcell.kz форматындағы жеке e-mail мекенжайы беріледі, мұндағы XXXXXXX – абоненттің 7-таңбалы ұялы нөмірі.

Ұялы телефоннан электронды хат жолдау үшін абонентке 400 нөміріне мынандай мәтінді қысқа хабарлама жолдау қажет: аты@доменхабарлама мәтіні.

Kcell абонентінің ұялы телефонына қысқа хабарлама жолдау үшін оған 7701ХХХХХХХ@sms.kcell.kz немесе +7701ХХХХХХХ@sms.kcell.kz мекенжайы бойынша хат жолдау қажет, мұндағы ХХХХХХХ – абоненттің 7-таңбалы ұялы нөмірі.

Спамның болдырмауы:

NET мәтінін 400 нөміріне жолдау - email-ге sms қызметі өшірілді.

BLOCK мәтінін 400 нөміріне жолдау - Ақ тізім режімі қосылды – ұялы телефонға тек абонент таңдаған пошта ғана келетін болады.

ALL мәтінін 400 нөміріне жолдау - Ашық режім қосылды – Абоненттің ұялы телефонына барлық пошта келетін болады.

ADD аты@домен мәтінін 400 нөміріне жолдау - Мекенжай ақ тізімге енгізілді.

DEL аты@домен мәтінін 400 нөміріне жолдау - Мекенжай ақ тізімнен алып тасталды.

CLEAR мәтінін 400 нөміріне жолдау - Ақ тізім тазартылды.

400 нөміріне SMS жолдау құны - 7 теңге, ҚҚС есебімен.

400 нөмірінен SMS алу құны - 7 теңге, ҚҚС есебімен.