SMS-топтамалар

SMS-топтамалар қызметі – бұл желі ішінде сенгісіз төмен бағаларға SMS жолдау мүмкіндігі.

 

Қосылу үшін Сізге:

1) Қосылу үшін Сізге *888*2# теріп, қажет СМС топтамасын таңдау керек.

2) 888 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдау:

50SMS немесе 50СМС - "50 SMS" топтамасы үшін,

100SMS немесе 100СМС - "100 SMS" топтамасы үшін,

300SMS немесе 300СМС - "300 SMS" топтамасы үшін,

2000SMS немесе 2000СМС - "2000 SMS" топтамасы үшін,

SMS70 немесе СМС70 - "Түнгі шектеусіз SMS" топтамасы үшін,

25SMS или 25СМС- "7 күнге 60тг 25 SMS" топтамасы үшін.


Топтамадағы пайдаланылған SMS қалдығын тексеру үшін:

Телефоныңыздан *888*2*6# теріңіз немесе 888 нөміріне "Bal" немесе "Бал" мәтіні бар хабарлама жолдаңыз. Көрсетілген хабарламалар тегін жолданады.

1. Бір SMS-хабарламада – 0 - 160 таңба (латын әріптерімен) және/немесе 0 - 70 таңба (кириллица әріптерімен) болуы тиіс.

2. Қызметті барлық тарифтік жоспарлардағы Activ абоненттері пайдалана алады, ол желі ішінде пайдалану үшін жарамды және роумингте әрекет етпейді.

3. Қызметтің абоненттік ақысы Қызметтің сәтті іске қосылған жағдайында абоненттің дербес шотынан таңдалған топтамаға байланысты бір уақытта алынады. «Түнгі шектеусіз SMS» топтамасының түнде (00.00 - 08.00 аралығында) іске қосылған жағдайында топтама әрекеті қосылған сәтте басталады, күндізгі уақытта қосылған жағдайда топтама келесі күні сағат 00.00-де іске қосылады. Қалған топтамалар іске қосылған сәттерінде қосылады.

4. «Түнгі шектеусіз SMS» топтамасының іске қосылғанынан кейін қызмет абоненттің одан бас тартқанынша автоматты түрде топтаманың келесі әрекет ету мерзіміне көрсетіледі. Бұл жағдайда қызметтен бас тарту *888*2*5*3# (тегін) пәрменін теру арқылы жүргізіледі.

5. Топтамадағы SMS саны тек топтаманың әрекет ету мерзімінде ғана жарамды, пайдаланылмаған SMS ауыстырылмайды және олардың ақысы қайтарылмайды.

6. Бір топтаманы қосқан жағдайда, оның әрекет ету мерзімінде басқа топтаманы сатып алуға болады. Бұл жағдайда, егер жаңа қосылатын топтаманың бұрын қосылған топтамамен номиналы сәйкес келсе, бұрын қосылған топтаманың пайдаланылмаған SMS-тері жаңа қосылған топтаманың SMS-теріне қосылады. Топтамалардың әрекет етуінің аяқталу күні соңғы қосылған SMS топтаманың әрекет етуінің аяқталу күні болады. Түрлі номиналдағы топтамаларды сатып алған жағдайда, әрбір қосылған топтама өзінің әрекет ету мерзімімен өздігінен әрекет етеді. Кез келген номиналдағы қосылған топтамамен "Түнгі лимитсіз SMS" топтамасын іске қосқан жағдайда, әрбір қосылған топтама бұл жағдайда өздігінен әрекет етеді (түнгі уақытта 00.00 бастап 08.00 дейін SMS жолдау "Түнгі лимитсіз SMS" топтамасының есебінен жүзеге асырылады, басқа қосылған топтамалар шығындалмайды).

7. Қызметтің аяқталу күні соңғы іске қосылған SMS топтама әрекетінің аяқталу күні болып саналады.

8. Іске қосылған топтамалардың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ топтамаға кіретін SMS-тер пайдаланылғаннан кейін SMS қызметінің тарификациясы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі.

9. Егер абонентте «Барлығы бірге S»«Барлығы бірге M»«Барлығы бірге L», «Барлығы бірге XL», «Барлығы бірге 49» тарифтері қосылған болса, алдымен тарифтік жоспармен жүктелген SMS, олар аяқталғаннан кейін Қызметтің SMS-топтамасымен ескерілген SMS жұмсалады.

10. «7 күнге 60 теңгеге 25 SMS» топтамасы бойынша абоненттік төлем алғаш рет ҚҚС есебімен 60 теңге көлемінде алынып, 25 SMS топтамасы қызметке қосылған кезде жүктеледі. Абоненттік төлем келесі рет әр 7 күн сайын Астана қ. уақытымен сағат 00:00 бастап 01:00 дейінгі аралықта алынып тұрады. Егер абоненттік төлем теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен 00:00 бастап 01:00 дейінгі аралықта алынбаса, теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда абоненттік төлем толықтай алынып, 7 күн бойы жарамды SMS-топтама жүктеледі. Теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен абоненттік төлем алынбаған жағдайда (теңгерім толтырылған кезде де) абоненттік төлемді алу талпыныстары абоненттің осы топтаманы өшіргенше жалғасады. Топтаманы *888*2*4*3# USSD комбинациясын теру арқылы өшіруге болады (тегін).

ТоптамаТоптаманың әрекет ету мерзіміне төлем, құны бірлікпен*1 SMS құны, топтамадаТоптаманың әрекет ету мерзімі
7 күнге 60 теңгеге 25 SMS 60 2,4 7 күн, топтама 60 теңге көлеміндегі апталық абоненттік төлемнің табысты алынған жағдайында әр 7 күн сайын жүктеледі
50 SMS 200 4 30 күн, бір реттік топтама
100 SMS 300 3 30 күн, бір реттік топтама
300 SMS 600 2 30 күн, бір реттік топтама
2000 SMS 3000 1,5 30 күн, бір реттік топтама
Түнгі лимитсіз SMS 70 - Түнгі уақыт – 00.00 бастап келесі немесе ағымдағы тәуліктің 08.00 дейін

* 1 бірлік = 1 теңге, ҚҚС есебімен