«Сұхбат+» бастапқы топтамасы

Алдын ала орнатылған «Сұхбат+» тарифтік жоспары бар науқандық бастапқы топтаманы іске қосқан күннен кейін, 30 күн ішінде 590 теңге мөлшерінде тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлем абоненттің теңгерімінде қаражаттың болуына қарамастан, алынбайды. Тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлемді алуға ұмтылыс БТ іске қосқаннан кейін, 31-күні басталады.   

Бастапқы топтаманы (БТ) іске қосқан күннен кейін, 30 күн ішінде БТ құрамында 200 бастапқы бірлікті қоса, теңгерімде 200 теңгеден кем емес сома болса ғана, абонентке бір рет қызметтердің бонустық көлемі ұсынылады: аctiv/Kcell желісі ішінде дауыстық/бейне қоңыраулар 0 теңгеден. Абоненттің теңгерімінде сома 200 теңгеден кем болса, қызметтердің бонустық көлемі ұсынылмайды, аctiv/Kcell желісі ішінде дауыстық/бейне қоңыраулар тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлем алынбағандағы тарифтік жоспардың шарттарына сәйкес тарифтеледі.

Бонустық көлемнің жарамдылық мерзімі – 30 күн, абонент БТ іске қосқан күннен кейін, 30 күн ішінде тарифтік жоспарды ауыстырған жағдайда, қызметтердің бонустық көлемі жойылады.

Науқан 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.