Қосымша топтамалар

Интернет-трафик жетпей қалды ма? Қосымша топтамалар құтқарады!

Топтама түрі

Қосу құны,
теңге ҚҚС-пен

Қосуға арналған
USSD-пәрмендері

1 ГБ

450 

*888*3*1*1#

2 ГБ

650 

*888*3*1*2#

Келесі тарифтік жоспарлардың абоненттері үшін қолжетімді болады:

«Комфорт+», «Комфорт», «Сұхбат+», «Сұхбат», «Апта+», «Апта», «Активті+», «Активті»,  «Алло, Қазақстан», «Хит+», «Барлығы бәрі үшін Start», «Максимум», «Барлығы бірге L».

Қосымша интернет топтамалардың талаптары:

  1. Топтама тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда ғана қосуға қолжетімді болады.
  2. Қосымша топтама бойынша трафик таусылса, мегабайт құны сіздің тарифтік жоспарыңыз және/немесе қосылған қосымша интернет-қызметтер бойынша болады.
  3. Топтамалардың әрекет ету мерзімі — қосылған мезеттен бастап 30 күн (қосылған күнді қоса, 30-шы күнгі Астана қ. уақыты бойынша сағ. 23:59-ға дейін).
  4. Бір уақытта топтамалардың кез келген санын қосуға болады. Бұл ретте ең алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.
  5. Қосу құны қосымша топтама қосқан кезде толық мөлшерде алынады. Теңгерімде қосу құнын алу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, топтама қосылмайды.
  6. Топтама бойынша берілген, бірақ пайдаланылмаған интернет-трафик мына жағдайларда жойылады:
    • топтаманың әрекет ету мерзімі өткенде;
    • байланыс қызметтерін көрсету шарты бұзылғанда.

Тарифтік жоспарды ауыстырғанда, қосымша топтама бойынша жұмсалмаған трафик оның әрекет ету мерзімі өткенге дейін автивті болады. Тарифтік жоспарды жоғарыда көрсетілмеген басқа тарифтік жоспарға ауыстырғаннан кейін жаңа қосымша топтамаларды қосуға қолжетімді болмайды.

Үйлесімділік талаптары

Қосымша топтамалармен бір уақытта мынадай қызметтерді қосуға болады:

  • «Жылдық интернет+»
  • «Онлайн»
  • «Мобильді интернет плюс»
  • «Интернет+»
  • «Бонустық интернет»

Қосымша топтама бойынша интернет-трафик және/немесе аталған қызметтердің бірі таусылғанда, мобильді интернетті тарифтеу қолданыстағы тарифтік жоспарға сәйкес қосымша интернет-қызметтермен үйлесімділік талаптары бойынша жүзеге асады.

Үйлесімділік талаптарына сәйкес ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Бұл талап сіз интернет-трафик көлемі бар бір тарифтік жоспардан интернет мегабайттары да кіретін басқа тарифтік жоспарға өтетін жағдайларда да өзекті.

Үйлесімділік талаптарын Оператор бір жақты тәртіпте өзгерте немесе толықтыра алады.