Әрдайым байланыста

"Әрдайым байланыста" қызметімен бірге Сіз бір де бір қоңырауды жіберіп алмайсыз. Егер телефоныңыз өшірулі немесе желінің қамту аймағынан тыс болса, сізге қоңырау шалушы әр адам сізге дауыстық хабарлама қалдыра алады. Дауыстық хабарламаны алғаныңыз туралы сізге қоңырау шалған абонент нөмірі, күні және уақыты көрсетілген SMS хабарлама мәлімдейді. Сондай-ақ егер сізге қоңырау шалған абонент дауыстық хабарлама қалдырмайтын болса, сіз жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS арқылы хабардар етілесіз.

2015 жылдың 4 қазанынан бастап егер сіз қоңырауға жауап бермеген болсаңыз, кез келген activ/Kcell абоненті сізге дауыстық хабарлама қалдыра алады. Дауыстық хабарламаның алынғаны туралы сізге хабарласқан абонент нөмірі, күні және уақыты көрсетілген SMS хабарлама келеді.

Кіріс дауыстық хабарламаның барынша ұзақтығы 30 секунд.

Сіздің жәшігіңізге 10 дауыстық хабарламаға дейін сыяды.

Хабарламалар дауыстық жәшікте 3 күн бойы сақталады, одан кейін - автоматты түрде жойылады.

Қызметті әрекеттегі тарифтік жоспар шарттарына сәйкес "Телефон өшірулі немесе байланыс аясынан тыс қалпындағы" бағыттау түрі орнатылмаған барлық абоненттер пайдалана алады. Егер сізде осы шарт бойынша бағыттау орнатылған болса, осындай бағыттаудың алып тасталғанынша "Әрдайым байланыста" қызметінің әрекеті тоқтатылады.

Шақырылатын абонент үшін қызметті пайдалану - 0 теңге.

Хабарламаларды тыңдау (2002 немесе +7 701 200 2000 нөміріне қоңырау шалу) – 0 теңге.*

Хабаралманы жазу – қоңырау шалушы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес.**

"Әрдайым байланыста" қызметі сіздің роумингте болып, телефоныңыз өшірулі немесе байланыс аясынан тыс жерде болған жағдайда және жауап жоқ жағдайға бағыттау қосылған жағдайда көрсетілмейді. Бұл ретте сіз +7 701 200 2000 нөміріне қоңырау шалу арқылы өзіңізге бұрын қалдырылған дауыстық хабарламаларды тыңдай аласыз.

* Хабарламаларды роумингте тыңдау барысында қоңыраудың тарификациясы абоненттің барған еліндегі роуминг тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

** Kcell, activ абоненттеріне дауыстық хабарлама қалдыру абонент қалауы бойынша қызмет туралы автоматты мәлімдемеден кейін жүргізіледі. Егер абонент қосылысты үзбесе, сигналдан кейін ол дауыстық хабарлама қалдыра алады, солай бола тұра қосылыс қоңырау шалушы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес тарифтеледі. Егер қоңырау шалушы абонент қосылысты сигналға дейін үзсе, тарификация жүргізілмейді.

Егер шақырушы абонент басқа оператор желісінің абоненті болса, оны тарифтеу шарттарын қызметке қосылу барысында сәйкес байланыс операторы анықтайды. Тарификацияны қызметке қосылу барысында шақырушы абонент желісінің операторы жүргізеді.

Қызметтерді SMS және USSD пәрмендері ақылы қосуға болады:

  • 162 нөміріне кез келген бос емес SMS хабарлама жолдаңыз.
  • *162*1# USSD пәрмені арқылы.

Қызметті келесі тәсілдердің бірімен өшіруге болады:

Осы қызмет шеңберінде сіз сондай-ақ бұрын қоңырау шалған абоненттерге сіздің желіге қосылғандығыңыз туралы SMS арқылы білуге мүмкіндік беретін "Мен байланыстамын!" қызметін пайдалана аласыз.

Қызметті басқару пәрмендері:

Қосу:

  • *202*1# пәрменін теріңіз немесе 202 нөміріне Старт немесе Start мәтіні бар SMS жолдаңыз;

Өшіру:

  • *202*2# пәрменін теріңіз немесе 202 нөміріне Стоп немесе Stop мәтіні бар SMS жолдаңыз;

Ақпарат:

  • *202*3# пәрменін теріңіз немесе 202 нөміріне Инфо немесе Info мәтіні бар SMS жолдаңыз.