Android Антивирусы

«Android-қа арналған вирусқа қарсы бағдарлама» қызметі Android операциялық жүйесі бар абоненттік мобильді құрылғыны вирустар мен зиянкес бағдарламалардан қорғауға, сондай-ақ Интернеттегі жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қызметті алу үшін вирусқа қарсы өнімді таңдап, Қызметті *456#OK USSD-мәзірі арқылы қосу қажет. Қызмет қосылғаннан кейін және жүктеме бетіне сілтемесі бар SMS алғаннан кейін, құрылғыға қосымшаны орнатып, іске қосу қажет.

Жазылымды бір ғана құрылғыда пайдалануға болады. Құрылғыны ауыстырған жағдайда, қызметті сөндіру қажет, одан кейін, жаңа құрылғыда қосымшаны орнатып және іске қосып, қызметті іске қосу қажет. Әйтпесе Қызмет жаңа құрылғыда іске қосылмайды, ал абоненттік төлем алына береді.

Жаңа вирусқа қарсы қосымшаны орнату алдында бұрын орнатылған вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығын жоюға кеңес береміз.

ESET NOD32 қосу (40 ₸/күн сайын)

Қызметті басқару *456#OK USSD-мәзірі арқылы қолжетімді.

Қызмет туралы ақпарат алу *456*2*1#OK
Қызметті қосу *456*2*2#OK
Қызмет мәртебесін тексеру 
(қосылған немесе қосылмаған)
*456*2*3#OK
Қызметті сөндіру *456*2*4#OK

Android үшін ESET NOD32 Mobile Security вирусқа қарсы бағдарламасы вирустар, зиянды қолданбалар және алаяқтық операциялар туралы алаңдамастан, сөйлесу, жұмыс істеу, сатып алулар және ойын-сауық үшін интернетті еркін пайдалануға мүмкіндік береді.

Егжей-тегжейлі:

  • Абоненттік төлем ҚҚС-ны қоса күніне 40 теңге.
  • Қызметке жазылымды басқару *456#ОК USSD — мәзхірі арқылы қолжетімді.
  • Қызметті қосқаннан кейін вирусқа қарсы қолданбаны жүктеу парағына сілтеме, оны орнатқаннан кейін іске қосу үшін логин мен құпиясөз көрсетілген SMS жіберіледі. Бірінші қосқанда пайдаланушы лицензиясының талаптарын қабылдау керек. Пайдаланушы лицензиясының талаптарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады. Қолданбаны іске қосу үшін алынған SMS-ке пайдаланушының атын және «Қолданбаны іске қосу» бөліміне құпиясөзді енгізу қажет.
  • Қолданбаны орнатқанда және ол жұмыс істеп тұрғанда жүктелетін трафик (жаңартулар және тағы басқа) абонентте қолданыстағы тарифтік жоспарға сәйкес тарифтеледі.

Артықшылықтары:

  • Вирусқа қарсы бағдарлама — барлық зиянды қолданбалардан қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Мобильді Антиспам — қажетсіз шақырулар мен SMS-спамды бұғаттайды.
  • Ұрлауға қарсы бағдарлама — абоненттік құрылғы (мобильді телефон, планшет және т.б.) ұрланған жағдайда оны автоматты түрде бұғаттайды және жоғалған құрылғының орнына мониторинг жүргізеді.
  • Антифишинг — алаяқтық сайттарға өтуге кедергі болады, бұл Сіздің жеке деректеріңізді қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді.
  • Қауіпсіздікті тексеру — қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді болдырмау үшін құрылғының маңызды параметрлерін және орнатылған қолданбалардың рұқсаттарын бақылауға және өзгертуге көмектеседі.
  • ESET NOD32 MobileSecurity туралы толық ақпаратты өндірушінің www.esetnod32.ru сайтынан табуға болады.

Жүйелік талаптар:

  • Операциялық жүйе: Android 2.3 және одан жоғары;
  • Бос жад: 12+ MB;
  • Экраны: сенсорлық, ең аз шешілімі 240×320px;
  • Процессор: 500 MHz ARM7+;
  • Оперативті жад: 256+ MB;
  • Ішкі жад: 20 MB+;
  • Интернет-қосылыс;