Қосымшалар

Нөмірді басқару ма? My activ мобильді көмекшісі арқылы мұны жасау оңай!

My activ - бұл мобильді құрылғыларға арналған жеке кабинет баламасы. Мұның не екенін білмесеңіз, пайдаланып көріңіз. Жеке кабинетпен таныс болсаңыз, пікір қалдырыңыз.

Осы қосымшаны жүктеу арқылы Сізге:

  • Нөміріңізге қатысты ақпаратты алуға (теңгерімдер, бонустар, тарифтік жоспар, қосылған ақылы қызметтер).
  • Қызметтерді қосуға/өшіруге, тарифтік жоспарды өзгертуге.
  • Байланыс қызметтерін өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады: Онлайн төлем, төлем карталарын жүктеу, Автотөлем.
  • Ағымдағы мерзімді қосқанда өткен 90 күнге нөмр бойынша шығындардың детализациясын алуға болады.


 

Қосымша ағымдағы интернет–қосылыстың ағымдағы жылдамдығын өлшеуге мүмкіндік береді. Жылдамдықтың өзгеруі GPRS, EDGE, 3G және Wi-Fi желілерінде орын алуы мүмкін. Жылдамдықты өлшеу нәтижелері картадан көрсету мүмкіндігімен қосымша тарихында сақталады. Нәтижелерде Kcell компаниясы серверлерінің орташа жылдамдығы көрсетіледі.

activ абоненттері үшін Қазақстан Республикасының аумағында болғанда жылдамдық өзгергендегі жұмсалған трафик тарифтелмейді. Абоненттің халықаралық роумингте болған жағдайында, жұмсалған трафик роумингтегі деректерді беру тарифтеріне сәйкес тарифтеледі.

Интернетке қосылысыңынды Қазақстан Республикасының түрлі нүктелерінде өлше - бұл бізге қызметтерімізді көрсету сапасын уақтылы жақсартуға мүмкіндік береді.


 

Kcell Фильтр қосымшасы Қоңыраулар фильтрі қызметін ыңғайлы басқару үшін жасап шығарылған. Ол арқылы қызметтің барлық қолжетімді функционалын оңай және жеңіл пайдалана аласын. Қосымша жұмысы үшін интернет қосылыстың болуы қажет.


 

QR Kcell қосымшасы суретке түсірілген QR кодтарын оқып, ақпаратты, мәтінді, сілтемелерді және тағы басқаларды алуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы жеке дара QR кодтарын түзіп, оларды SMS, email арқылы жолдауға, сондай-ақ түзілген және сканерден өткізілегн кодтар тарихын көруге болады.


 

Қосымша арқылы өзіңе қалдырылған хабаралмаларды көріп, олардың тыңдап, сәлеміңізді жазып Дауыстық пошта қызметін оңай және ыңғайлы ретте пайдалана аласын.


 

Инфосейф телефон кітапшанды оңай және сенімді түрде сақтап, жазбаларынды жаңа телефонға бірден көшіреді. Инфосейф қосымшасы аctiv абоненттеріне резервті көшірмелерді түзіп, Кітапшаны, Күнтізбені, SMS хабарламаларды, Сілтемелерді басқаруға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктер:

  • Кітапшаны, күнтізбелерді, SMS хабарламаларды, сілтемелерді сақтау
  • Кітапшаны, күнтізбелерді, SMS хабарламаларды, сілтемелерді қалпына келтіру
  • Кітапшаны, күнтізбелерді, SMS хабарламаларды, сілтемелерді өзгерту
  • Резервті көшірмелерді түзу
  • Резервті көшірмелерден қалпына келтіру

 

Заманауи смартфон баға жетпес көмекші, жадыратушы және әлемдегі барлық ақпараттың бір жерде шоғырлануы болып келеді. Алайда ең пайдалы қосымшалар туралы біліп, оларды пайдалануды қалай үйренуге және жаңа қымбат иелікті қалай барынша тиімді пайдалануға болады?

Біз Kcell Launcher атты арнайы қосымшаны жасап шығардық. Мұнда біз ең қажетті қосымшаларды жинадық, олар санаттарға бөлнген және смартфон пайдаланушысына өз өмірін ұйымдастырып, соңғы жаңалықтарды біліп, әлеуметтік желілерде тіркеліп, денсаулықты бақылауға және көптеген жаңа нәрселерді білуге көмектеседі.

Kcell Launcher қосымшасымен жұмыс жасаған өте оңай. Смартфон дисплейінде қосымшалар витринасы ашылады. Ұнаған қосымшаны саусақ ұшымен-ақ жүктеп алуға болады. Еш қиындық жоқ.

Біздің үздік мамандар әлемде ұсынылған жүздеген қосымшаны сынақтан өткізіп, сіздер үшін тек ең пайдалыларды таңдады. Ұсынылған қосымшалар тізімі ұдайы жаңартылып тұрады. Kcell Launcher-ді қарап, біздің сізге арналған жаңа ұсыныстарымызбен танысыңыз.