Авто Экстра Баланс

Қызмет абоненттің дербес шотының теңгерімі 100 теңге және одан кем шектік мәнге жеткенде әр кезде автоматты түрде Экстра Баланс алуға мүмкіндік береді. Енді «Мобилді көмек» қызметі арқылы «Экстра Баланс» және «Авто Экстра Баланс» қызметтерінің қарыздарын өтей аласыз.

Сіз қызметті келесідей қоса аласыз:

  • *911*4# USSD-нөміріне қоңырау шалу арқылы.

Сіз қызметті келесідей өшіре аласыз:

  • *911*4*5# USSD-нөміріне қоңырау шалу арқылы.

Авто Экстра баланс — бұл абонентке байланыс қызметтерінің ақысын төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі және Авто экстра баланс сомасына байланыс қызметтерін пайдалану құқығы берілетін қызмет.

Қызметтің әрекет ету мерзімінде Сіздің нөміріңіздің балансында Авто Экстра баланс сомасының қалдығы көрсетіледі. Авто экстра баланс сомасы — бұл ақша қаражатын енгізусіз уақытша көрсетіліп тұратын виртуалды сома, ол Сіздің Авто Экстра баланстың әрекет ету мерзімінің ішінде пайдалана алатын қызметтердің құнына тең. Қызметтерді көрсету туралы шартты бұзу кезінде, Авто Экстра баланс бойынша берешек толық көлемде төленуі тиіс.

«Авто Экстра баланс» қызметін қоса отырып, Сіз алған Авто Экстра баланс сомасының және қызметтердің құнының Сіз балансты келесі толтырған кезіңізде толтырылған сомадан немесе қызметті қосудың 6-шы күніне қараған түні, Авто Экстра баланстың пайдаланылуы не пайдаланылмауына қарамастан автоматты түрде ұсталып қалатынына келісесіз.

Сіз қызметті келесідей жағдайларда қоса аласыз:

  • Сіздің нөміріңіз кемінде 3 ай бұрын алғаш іске қосылған;
  • Сіздің нөміріңіздің ағымдағы балансы 0 теңге және одан көп;
  • Сіздің балансыңыз соңғы 30 күн ішінде кемінде 1 рет толтырылған;
  • Сізде бұрындары алынған «Экстра мегабайттар» қызметі бойынша берешек жоқ;
  • Сізде бұрындары алған «Экстра баланс» / «Авто Экстра баланс» қызметі бойынша берешек жоқ;

«Автотөлеу» қызметін қосқан кезде, «Авто Экстра баланс» қызметі автоматты түрде өшеді.

Егер Сіз «Экстра баланс» немесе «Авто Экстра Баланс» қызметтерін пайдаланған болсаңыз, «Мобильдік көмек» қызметі «Экстра Баланс» және «Авто Экстра Баланс» қызметтері бойынша берешекті толық жапқанға дейін өзіңіздің дербес шотыңыздан балансты жіберу бөлігінде қолжетімді болмайды.

«Авто Экстра Баланс» қызметін қосқаннан кейін, 5 күн ішінде Сіз «Экстра мегабайттар» қызметін бір рет қоса аласыз (қызметтердің бірін бұғаттағанға дейін ғана).

«Авто Экстра баланс» қызметтерінің құны «Мобильдік көмек» қызметі бойынша Сіздің балансыңызға есептелген қаражаттан жабыла алады.

Қызмет «Келісімшарттық телефон» науқанының аясында қолжетімсіз.

«Авто Экстра баланс» қызметіне қосылуға өтінім Роуминг режимінде қолжетімсіз.

Қызметті қосу және өшіру тегін.

Абоненттің абоненттік нөмірін іске қосу мерзімі1 3 айдан бастап 9 айдан бастап2 12 айдан бастап2 24 айдан бастап және одан астам2
(1 санат) (2 санат) (3 санат) (4 санат)
Қызметтің пайдалануға болатын сомасы(лары), теңге, ҚҚС есебімен 250 250 350 250 350 500 250 350 500 750 1000
Бір сұраным құны, теңге, ҚҚС есебімен 25 25 35 25 35 50 25 35 50 75 100

1 Іске қосу күні абоненттік нөмірді іске қосылған нөмірдің мүмкін болатын кейінгі қайта ресімделуіне қатыссыз абоненттік нөмірдің бастапқы іске қосылуы болып табылады.

2 Абоненттердің осы санаты үшін Қызметті 1 кестеге сәйкес пайдалануға болады. Қажет соманы Абонент сәйкес USSD-пәрмені арқылы таңдайды.

Қызмет аясында алынған Авто Экстра баланс сомасы және қызметтердің құны Сіздің нөміріңіздің балансын келесі толтыру сомасынан немесе қызметті қосудың 6-шы күніне қараған түні автоматты түрде ұсталып қалады. Сізге берешектің жабылуы жайында автоматты түрде хабар берілетін болады.

Әрекет ету мерзімі: Авто Экстра баланс сомасы берілген сәттен бастап 5 күн ішінде жарамды және барлық қолжетімді activ сервистеріне пайдаланыла алады.

Егер 5 күн ішінде Авто Экстра баланс сомасы толықтай жабылмаса, кіріс қоңыраулары мен шұғыл қызметтерінің нөмірлерінен басқа, байланыс қызметтерін ұсыну қызмет бойынша берешек толықтай жабылғанға дейін уақытша тоқтатылады.