Автоматты қоңырау шалу

Қызмет абоненттерге шақырылатын абонент нөміріне оператор желісі арқылы автоматты түрде қоңырау шалу функциясын пайдалану мүмкіндігін береді. Қызметті үнсіз келісім бойынша барлық activ/Kcell абоненттері пайдалана алады және Компанияның абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалмақ болған кезде, егер шақырылатын абонент нөмірі бос емес немесе желінің әрекет ету аясынан тыс жерде болса, жұмыс істейді.

 

Қызмет қоңырау шалушы абоненттің қалыпты шығыс қоңырау шалған кезінде іске қосылады. Егер шақырылатын абонент бос болмаса немесе қызмет көрсету аясынан тыс болса, қоңырау шалушы абонент шақырылатын абоненттің қызмет көрсету аясына оралғанынан кейін автоматты қосылысқа IVR ұсыныс немесе Push USSD сұраным* алады. Егер қоңырау шалушы абонент осы ұсыныстарға келісім берсе, шақырылатын абонент 2 сағат ішінде қызмет аясына енсе**, қызмет автоматты түрде екі абонентті де қосады.

Егер шақыратын абонент қызметті пайдалану ұсынысына келіспесе, шақырылатын Абонентке оның шақырушы Абонент қоңырауы шалынғаннан кейінгі 30 минут ішінде қызмет аясына оралған жағдайында ол кіріс қоңырауларды қабылдау үшін қолжетімді бола салысымен қызмет платформасынан ұзақтығы 0,5 секундтық шығыс дауыстық қоңырау жолданады. Бұл жағдайда қызмет платформасынан жолданған шығыс дауыстық қоңырау шақырылатын Абоненттің абоненттік құрылғысында шақырушы Абоненттің абоненттік нөмірінен жауапсыз қалған қоңырау ретінде белгіленеді.

Қызметке табысты қосылыс шақырушы Абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі.

Егер шақырылатын абонент 30 минут және одан көп уақыт ішінде қызмет аясына оралса, онда бұл жағдайда ол жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS мәлімдеме алады.

* Егер шақырылатын абонентте «Дауыстық пошта» немесе «Әрдайым байланыста» қызметі қосылған болса, қоңырау шалушы абонент шақырылатын абоненттің қызмет аясына оралған кезінде автоматты қосылу ұсынысы бар Push USSD мәлімдеме алады.

** Егер шақырылатын абонент қызмет аясына 2 сағат өткеннен кейін оралатын болса, бұл жағдайда ол жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS мәлімдеме алады.

  • Қоңырау шалушы Абоненттің дербес шотында шығыс дауыстық қоңырау шалуы үшін жеткілікті ақша қаражатының болуы шарт;
  • Қоңырау шалушы Абоненттің Абоненттік нөмірі шақырылып отырған Абоненттің «Қоңыраулар сүзгісі» қызметінің «қара тізіміне» енгізілмеген;
  • Шақырылып отырған абонент нөмірінде қоңырауды күту қызметі іске қосылмаған;
  • Қоңырау шалушы Абонент нөмірінде «бос емес», «қолжетімсіз» жағдайларында бағыттау немесе басқа абоненттік нөмірге бағыттау орнатылмаған;
  • Қоңырау шалушы Абоненттің нөмірі роумингте емес;
  • Қызметті роумингтегі абонент пайдалана алмайды.

Құны: қызмет бойынша табысты қосылыс қоңырау шалушы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі.