Bookmate
Bookmate от activ — кітаптарды оқу мен тыңдаудың ыңғайлы тәсілі «Әмбебап» жаңа жазылымы қолжетімді!
Толығырақ
Бүкіл әлем сенің қалтаңда
Әрқашан сізбен бірге болатын кітапханада шамамен 1 миллион электрондық кітап және 45 000-нан астам аудиокітап бар, олар: жаңа кітаптар, бестселлерлер, классика, бизнес оқулықтары және дамуға арналған кітаптар.

Бір шыныаяқ кофеден де арзан
Сервисті пайдалану құны — жазылымға байланысты күніне 59, 35 және 50 теңге. Алғаш қосқанда, 7 күн тегін пайдалану алыңыз.

Тіпті оффлайнда
Метрода немесе ұшақта оқыңыз, тыңдаңыз. Кітапты құрылғыда сақтаңыз, сонда интернетсіз-ақ оқуға немесе тыңдауға қолжетімді болады.
Қызмет туралы толығырақ
Bookmate by activ — аудиокітаптарды телефоннан тыңдаудың, планшеттен, компьютерден және смартфоннан оқудың ыңғайлы тәсілі. Bookmate кітапханасында — шамамен 1 миллион электрондық кітап және 45 000-нан астам аудиокітап бар.
Bookmate by activ просто кітапханасын пайдаланыңыз — iOS/Android үшін мобильді қолданба орнатыңыз немесе сайтқа кіріңіз және «Әмбебап» жазылымын қосыңыз.
Кез келген жерде — метрода, ұшақта немесе жағажайда интернетсіз мобильді қолданбада тыңдау және оқу үшін кітаптарды мобильді құрылғыңыздың жадына сақтаңыз.
Bookmate by activ сервисіне алғаш қосылғанда, абоненттер кітаптарды 7 күн тегін (Байқау кезеңі) оқып, тыңдай алады. Байқау кезеңі біржолғы және бірмезгілдік болып табылады, Bookmate by activ сервисіне қайта қосылған жағдайда, Байқау кезеңі (соның ішінде Сервисті алғаш қосқанда берілген Байқау кезеңінің қалған пайдаланылмаған күндері) берілмейді.
Байқау кезеңі өткен соң, таңдаған жазылымға байланысты абоненттік төлем алынады. Сервис аясында келесі жазылымдардың түрлері қолжетімді:
- «Әмбебап» — абоненттік төлем күніне 59 теңге;
- «Аудиокітаптар» — абоненттік төлем күніне 50 теңге;
- «Электрондық кітаптар» — абоненттік төлем күніне 35 теңге.
- Қосу
- Өшіру
- Құны
Bookmate by activ жазылымын келесі тәсілдердің бірі арқылы қосуға болады:
1
*909# USSD-пәрменін теріп, ары қарай пайда болған мәзірден жазылым цифрын таңдаңыз:
- «1» — «Әмбебап», күніне 59 теңге және қосуды растаңыз.
- «2» — «Электрондық кітаптар», күніне 35 теңге және қосуды растаңыз.
- «3» — «Әмбебап», күніне 50 теңге және қосуды растаңыз.
Немесе тікелей теруді пайдаланыңыз:
- «Әмбебап» жазылымы: 909*1*1#OK
- «Электрондық кітаптар» жазылымы: *909*2*1#OK
- «Аудиокітаптар» жазылымы: *909*3*1#OK
activ немесе Kcell телефон нөмірін арнайы жолаққа енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз. Сіз «Bookmate» нөмірінен SMS-хабарламамен біржолғы 4-таңбалы растау кодын аласыз. Алынған кодты қолданбадағы арнайы жолаққа енгізіңіз.
2
909 қысқа SMS-нөміріне цифрмен SMS жіберіңіз:
- 1 — «Әмбебап» жазылымын қосу үшін;
- 2 — «Электрондық кітаптар» жазылымын қосу үшін;
- 3 — «Аудиокітаптар» жазылымын қосу үшін.
activ немесе Kcell телефон нөмірін арнайы жолаққа енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз. Сіз «Bookmate» нөмірінен SMS-хабарламамен біржолғы 4-таңбалы растау кодын аласыз. Алынған кодты қолданбадағы арнайы жолаққа енгізіңіз.
Қосудың басқа тәсілдері
Сайт арқылы:
- «Әмбебап» жазылымын қосу үшін
- «Электрондық кітаптар» жазылымын қосу үшін
- «Аудиокітаптар» жазылымын қосу үшін
- Өзіңіздің acitv / Kcell телефон нөмірін енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз. Көрсетілген мобильді телефон нөміріне Сіз «Bookmate» нөмірінен SMS-хабарламамен 4-таңбалы растау кодын аласыз.
- Алынған кодты парақтағы арнайы жолаққа енгізіңіз. Сізге сервисті сайтта пайдалануды бастау немесе Bookmate қолданбасын жүктеу ұсынылады.
Қосымша:
Егер сізде Bookmate by activ сервисінде «Электрондық кітаптар» және/немесе «Аудиокітаптар» жазылымы қосылған болса және сіз «Әмбебап» жазылымын қосатын болсаңыз, жүйе алдыңғы жазылымды автоматты түрде ажыратады. Қосылған «Әмбебап» жазылымы болғанда Абонент Сервистің қосымша басқа түрін қосатын болса, онда жүйе «Әмбебап» жазылымын автоматты түрде ажыратады.
Сіз Bookmate сервисін пайдаланатын болсаңыз және activ / Kcell абоненттері үшін тиімді бағамен Bookmate by activ сервисін пайдаланатын болсаңыз, Сізге:
- Сервисте ағымдағы есептік жазбаңызға Kcell немесе activ телефон нөміріңізді бекіту керек.
- Сервисте ағымдағы есептік жазбадан шығу керек.
- Bookmate by activ үшін жоғарыда сипатталған әдістердің бірі арқылы өзіңізге қызықты жазылымды қосу керек.
- Телефон нөмірі арқылы сервисте авторлану керек.
Bookmate by activ сервисіне жазылымды келесі тәсілдердің бірі арқылы өшіруге болады:
USSD-пәрменін теру:
- *909*1*2# - «Әмбебап» жазылымын өшіру үшін;
- *909*2*2# - «Электрондық кітаптар» жазылымын өшіру үшін;
- *909*3*2# - «Аудиокітаптар» жазылымын өшіру үшін.
Сервисті толық өшіруді Абонент 909 нөміріне «STOP», «stop», «stoP», «SToP», «STop», «sTOp», «sTOP», «стоп», «СТОП», «стоП», «СтоП», «СТоп», «сТОп», «стОП» мәтінімен тегін SMS жолдау арқылы жүзеге асыра алады.
Сіз Bookmate by activ сервисіне жазылымды өшіретін болсаңыз, бұрын сервиске жүктелген кітаптарды оқу немесе тыңдау қолжетімсіз болады. Сервисті келесі қосқанда, Сізге кітаптарды немесе аудиокітаптарды қайта жүктеу қажет.
Bookmate by activ сервисіне алғаш қосылған кезде, Сіз абоненттік төлем төлеусіз 7 күнге Байқау қолжетімділігін аласыз, ары қарайғы құны таңдаған жазылымға байланысты болады:
- «Әмбебап» — ҚҚС-ны қоса есептегенде, күніне 59 теңге;
- «Электрондық кітаптар» — ҚҚС-ны қоса есептегенде, күніне 35 теңге;
- «Аудиокітаптар» — ҚҚС-ны қоса есептегенде, күніне 50 теңге;
activ / Kcell желісінде қосылған Bookmate by activ сервисімен мобильді интернет трафик тарифтелмейді.
Сервисті халықаралық роумингте пайдалану кезінде мобильді интернет-трафик белгіленген роуминг тарифтеріне сәйкес тарифтеледі.
Осы қызметті Провайдер «Центр» ЖШС ұсынады. Провайдер Kcell және activ абоненттеріне түрлі жадыратушы және анықтамалық-ақпараттық қызметтерді көрсететін дербес компания болып табылады. Қызметтердің мазмұнына, көрсетілу сапасы мен жылдамдығына Провайдер жауапты. Провайдер Оператор, ұшінші тұлғалар, абоненттер алдында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде лицензиялау, инттелектуалдық жекеменшік, авторлық және салалас құқықтарды қорғау туралы патенттік заңнаманы орындауға толық жауапты.