Қоңырауларды басқа нөмірге бағыттау
Сен телефоныңа кіретін қоңырауларды:
- activ/Kcell желісіндегі кез-келген телефонға;
- ҚР бойы барлық желілерге;
- Дауыс поштасына (2000); Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімет беру қызметіне (2050);
- Кез-келген қала нөміріне (ЖПТЖ) бағыттай аласын.
- Кодтары
- Қосылу
- Құны
Бағыттау кодтары және түрлері:
- 21 - «біріңғай» – кіріс қоңыраулардың барлығын бағыттау (мұнда бағыттау түрлерінің барлығы күшін жояды);
- 61 - «жауап жоқ» – сен қоңырауға жауап бермеген кезде қосылатын бағыттау түрі;
- 62 - «байланыс аясынан тыс жерде» - сен байланыс аясынан тыс жерде болғанда немесе телефонын сөндірулі болғандағы бағыттау;
- 67 — «бос емес» — ұялы телефонмен сөйлескен кездегі қоңырау бағытын өзгерту.
Қысқа пәрмендер арқылы бағыттауды қою үшін:
- ** бас;
- қоңырауларды бағыттаудың сәйкес кодын енгізіп, * бас;
- қоңырауларынды бағыттағын келетін нөмірді енгіз;
- # басып, «қоңырауды жолдау» пернесін бас.
Мысалы: +7(DEF код)ХХХХХХХ нөміріне «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттау түрін қою үшін: *62*+7701ХХХХХХХ#. +77272ХХХХХХ қала нөміріне «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттау түрін қою үшін: **62*+77272ХХХХХХ# тер.
Қоңырауларды бағыттау жағдайын тексеру үшін:
- * басып, содан кейін # бас;
- тексергін келетін бағыттау кодын енгіз;
- # теріп, «қоңырауды жолдау».
Мысалы, «байланыс аясынан тыс жерде» жағдайын тексеру үшін: *#62#.
Қоңырауларды бағыттауды алып тастау үшін:
- # басып, алып тастағын келетін бағыттау түрінің кодын енгіз;
- # теріп, «қоңырауды жолдау» пернесін бас.
Мысалы: #62#.
Қоңыраулардын барлық бағыттау түрлерін алып тастау үшін:
- # теріп;
- 002 енгізгеннен кейін # теріп, «қоңырауды жолдау» пернесін бас.
Мысалы: #002#.
DEF код түрлері - 701, 702, 775, 778.
Қосылу/өшіру – 0 теңге. Абоненттік төлем – 0 теңге.
Абонент өзінің Kcell/activ нөмірінен қоңырауларды ҚР бойы барлық желілерге бағыттау қызметін орнатқан жағдайда Оператордың қамту аймағында қоңырау төмендегідей ретте тарифтеледі:
- Қоңырау шалушы абонентке қосылыс оның тарифтік жоспарына сәйкес бағыттауды орнатқан абонент нөміріне шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі.
- Қоңырауды бағыттау қызметі орнатылған, қоңырауды қабылдайтын нөмірге қабылдайтын абонент үшін бұл қосылыс кіріс қоңырау ретінде бағаланып, тарифтелмейді.
- Бағыттау қызметін орнатқан Абонентке бұл қоңырау оның тарифтік жоспарына сәйкес қоңырауды бағыттайтын нөмірден қоңырауды қабылдайтын нөмірге қоңырау шалу құны бойынша тарифтеледі.
- Қоңырауды бағыттау қызметін роумингте де пайдалануға болады. Солай бола тұра қоңыраулардың тарификациясы роуминг-серіктестің тарифтеріне сәйкес роумингтегі қоңырауларды тарифтеу ережесі бойынша кіріс қоңыраулар үшін де, шығыс қоңыраулар үшін де жүргізіледі.