Маған қоңырау шал
«Маған қоңырау шал» қызметі Kcell немесе Activ абонентіне Сізге шоттағы қаржы таусылған жағдайда қоңырау шалу сұранымы бар тегін хабарлама жолдауға мүмкіндік береді.
- Қосылу
- Шарттар
- Құны
Абоненттен оның қоңырау шалуын сұрау үшін телефоннан төмендегідей пәрменді теріңіз: *130* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі#OK.
Телефон нөмірін келесі форматта тере аласыз: *130*87XXYYYZZZZ# немесе *130*77XXYYYZZZZ#
Сіз байланысқыңыз келетін Абонентке Сіздің атыңыздан өзіңізге қоңырау шалу өтініші бар SMS-хабарлама жолданады.
Спамның алдын алу үшін қызметте жолданатын сұранымдар санына қатысты шектеу қойылған: тәулігіне 5-тен аспайтын қайта қоңырау шалу сұранымы және күнтізбелік айда — 30 сұранымнан көп емес.
Сіз өзіңізге қоңырау шалуды сұраған Абонент Сіздің атыңыздан төмендегідей мәтіні бар SMS-хабарлама алады: «Абонент ХХХХХХХХХХХ Сізге қоңырау шалуды сұрауда».
*130* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі# пәрмені терілгеннен кейін Сіз сұранымның жолданғанын растайтын «Сұранымыңыз қабылданды» деген USSD жауабын аласыз.
«Маған қоңырау шал» қызметі тегін көрсетіледі.