Қолма-қол төлеу тәсілдері

Теңгерімді қолма-қол төлеу тәсілдерге лезде төлеу карталары және төлем терминалдары жатады.

Шотты осы әдістермен толтыру олардың қарапайым болуы себебімен қолайлы болып табылады. Солай, лезде төлеу карталары теңгеріміңізді екі минуттан да аз уақыттың ішінде толтырады.

Лезде төлеу карталары 500, 1 000, 2 000 және 5 000 теңге номиналымен шығарылады.

Картаны пайдалану ережесі:

  • Қартаның 13-таңбалы кодын білу үшін қорғаныс қабатын өшіріңіз;
  • Теңгерімді толтыру үшін картаның коды бар SMS-хабарламаны 7070 нөміріне жолаңыз;
  • Содан кейін * белгісін енгізіңіз.

Немесе ұялы телефоныңыздан *110* 13-таңбалы карта коды # OK теріңіз. Карта кодын енгізгеннен кейін шотыңызға сатып алынған карта номиналына тең сома түседі.

Мультикасса/Мультикиоск немесе Төлем терминалы - бұл ақшалай қаражатты абонент шотына аударуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жабдықпен қамтамасыз етілген жабдық. Яғни төлем терминалдары дегеніміз - абоненттердің түрлі қызметтерін, оның ішінде ұялы байланыс қызметтерін төлеуге мүмкіндік беретін толығымен автоматтандырылған жабдық.

Төлем жүргізу амалы:

  • Автомат экран бетіндегі сәйкес пернені басу арқылы теңгерімді 200 теңгеден басталатын кез келген сомаға тікелей толтыруға мүмкіндік беретін сенсорлық экранмен жабдықталған.

Назар аударыңыз: Төлем чегін төлем түскенге дейін сақтап алу қажет! Егер Сіз нөмірді немесе брендіні (Kcell/activ) қате көрсетсеңіз, Сізге алдымен Төлем терминалының мульти-киоскіден немесе төлем чегінде көрсетілген телефон арқылы анықтама қызметіне хабарласу қажет.


АгрегаторБайланыс
деректері
QIWI
("QIWI Kazakhstan" ЖШС)
Әр терминалдың техникалық қызмет көрсету желісі бар.
Жалпы техникалық қызмет:
8 (727) 356 12 12
support@qiwi.kz
"Киберплат
Қазақстан" ЖШС
+7 (727) 250 85 63
+7 (727) 250 85 64
Төлемдерден бас тарту:
otmena_kz@cyberplat.com
kovalenko@cyberplat.com
y.ivanov@cyberplat.com
"ASTANA-PLAT"
ЖШС (Kassa24)
Жалпы техникалық қолдау қызметі
+7 (778) 667 29 19
support@kassa24.kz
Аймақтар бойынша
техникалық қолдау
қызметінің телефондары
"Платежные экспресс
системы" ЖШС
+7 777 6666 555, plat_exp_sist@mail.ru
"Сбербанк России"
АҚ ЕБ
+7 (727) 250 30 20 - Алматы қ. үшін
8 8000 808 808 - Қазақстанның барлық
аймақтары үшін (тегін желі);
5030 - Қазақстанның барлық
мобильді операторлары
үшін (тегін желі)