Клуб 7.0.1

Сіз ғана пайдалана алатын артықшылықтар әлеміне қош келдіңіз. Біз сіздің бізбен бірге қала бергеніңіз үшін алғыс айтамыз және сізге "7.0.1 клубы" қызметін ұсынуға қуаныштымыз!

Клубымыз беретін барлық артықшылықтардың рахатын көріңіз! Клуб қатысушысы болып, Кселлдің бонустық MMS топтамаларын, сондай-ақ серіктестеріміздің бірегей ұсыныстарын алып, әрдайым серіктестердің жаңа ұсыныстыры мен қызметтерінен біздің қоңырауымыз немесе SMS арқылы хабардар болып жүріңіз.

Клубқа кіргеннен кейін сізге автоматты түрде ай сайын мобильді байланысқа кететін ай сайынғы шығындарға байланысты Клуб дәрежесі беріледі.

Қызметке төмендегі тәсілдердің бірімен қосылу арқылы Сіз клуб мүшесі бола аласыз:


   • *701*1#OK USSD-комбинациясын немесе *701#OK USSD-мәзірін теру;
   • 701 нөміріне "No/Net/Нет" мәтіні бар SMS жолдау;
   • Компанияның қызмет көрсету сәйкес жазбаша өтініш ұсыну.


Клубтың әр мүшесі бірегей 5-таңбалы коды бар SMS-хабарлама алады. Серіктесіміздің бірегей ұсынысын пайдалану үшін осы кодты көрсету қажет. Қажет болған жағдайда Абонент *701*5#OK USSD-комбинациясы немесе USSD-мәзірі *701#OK арқылы бірегей кодты қайта ала алады.


Сіз кез келген сәтте Қызметті өшіру арқылы Клубтан шыға аласыз:


   • Компанияның қызмет көрсету орындарында сәйкес жазбаша өтініш ұсыну арқылы;
   • *701*2#OK USSD-комбинациясын теру немесе *701#OK USSD мәзірі арқылы;
   • 701 нөміріне "No/Net/Нет" мәтіні бар SMS жолдау арқылы.


Қызметке қосылған және Клубтың мүшесі болған Абонент Бонус берілген сәттен бастап, ең жақын демалыс күндеріне Activ/Kcell желісіне сөйлесуге 48 сағат мөлшерінде бір жолғы Бонустық топтаманы алады. Бонус сенбі сағат 00:00-де бір рет беріледі, жексенбі сағат 23:59-ға дейін жарамды.


Бонустық топтаманы, абонент пайдаланатын қосымша қызметтер немесе Компания өткізетін науқандар аясында Абонент өз бетімен іске қосатын басқа науқандық топтамалар, пайдаланылатын тарифтік жоспарлар аясында Абонентке қолжетімді қызметтер аяқталғаннан кейін және де жарамдылық мерзімі Бонустық топтаманың мерзімінен аз болатын, Компанияның адалдық бағдарламасының аясында Абоненттерге берілетін бонустық топтамалардан кейін, пайдалануға болады. Ең алдымен жарамдылық мерзімі аз трафик жұмсалады.

Қосымша ақпарат және Клуб шарттары:

  1. Серіктестердің ұсыныстары туралы ақпарат абоненттерге оларға қоңырау шалу және/немесе SMS хабарламалар арқылы беріледі.
  2. Қызмет шеңберінде Абонентке жолданатын Серіктестердің қызметтері мен тауарлары туралы хабарламалардың (қоңыраулар және/немесе SMS) барынша көп саны – айына 10 хабарламадан аспайды.
  3. Абонент Компания қызметкерін *701*3#OK USSD комбинациясын теру немесе Қызмет бойынша *701#OK USSD мәзірін пайдалану арқылы серіктестердің ұсыныстары мен қызметтері туралы ақпараттық хабарламалары бар қоңырау алудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Клубтағы мүшелік және Абонентті серістестердің ұсыныстары мен қызметтері туралы СМС арқылы хабардар ету сақталады. Қызмет шеңберінде қоңырау қабылдау мүмкіндігін қалпына келтіру үшін *701*4#OK USSD-комбинациясын теріңіз немесе Қызмет бойынша *701#OK USSD мәзірін пайдаланыңыз.

 

Ерекше шарттар:

  1. Абонент Қызметке қосылмас бұрын осы Шарттармен танысуға міндетті. Қызметке қосыла отырып, Абонент осы Қызметті көрсету Шарттарымен танысқандығын және олармен келісетіндігін растайды.
  2. Қызметке қосылған кезде Абонент Компания серіктестерінен Қызмет шеңберіндегі қоңыраулар немесе SMS хабарламалар арқылы жарнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламаларды алуға келіседі.
  3. Қызметке қосыла отырып, Абонент Клубқа қатысу және Қызметті пайдалану мақсатында оның дербес деректерінің өңделуіне келісімін береді.
  4. Абонент жоғарыда көрсетілген келісімдердің Клубқа енген сәтінен бастап оның Клубтан шыққан сәтіне дейін барлық мерзімде күшінде болатындығымен келіседі және растайды.

 

Оператор Оператордың ресми сайттарында осы ақпаратты жаңарту арқылы осы Шарттарды өзгертуге немесе толықтыруға құқылы. Осындай өзгерістерді және толықтыруларды Абонент олардың енгізілген сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде Абоненттің Қызметтен бас тарту өтінішін ұсынбаған жағдайында қабылдаған болып саналады.


«Казком-Полис»-пен әрдайым байланыста болыңыз!

Казком-Полис7.0.1 Клубқа мүше болып, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (МАҚЖ) полисін рәсімдеп, «1 000 000-ға КАСКО» сақтандыру полисінің ай сайынғы ұтыс ойынының қатысушысы боласыз*. Жеңімпазды кездейсоқ сан генераторы анықтайды. Нәтижелер Казком-Полис ресми бетінде әр айдың басында жарияланады.

* ұтыс ойынға шығарылған күні 16 жылдан астам автокөліктер қатыспайды. Полисті жеткізу тегін (қала ішінде).

Қосымша ақпарат алу үшін 8-8000-8000-09 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін), 2250 (ұялы тел-нан тегін) 32-000-32 (Алматы үшін) телефондарына хабарласыңыз.

«1 000 000-ға КАСКО» Науқанына қатысу ережелері мен шарттары http://kkp.kz/-те

 


Жылдық 1% несие!

экспресс кредит5 000 000 теңгеге дейін + карта бойынша пайызсыз кезеңмен 1 000 000 теңге сомаға жаңа тиімді шарттармен кепілсіз несие алу мүмкіндігі.

Qazkom-да несие рәсімдеп, «1% несие» науқанының жеңімпазы болыңыз. 

Сондай-ақ, тек қана 7.0.1 Клубының қатысушылары үшін банктің серіктестерінің желісінде жұмсауыңызға болатын 100 000 Гоу бонустың ұтыс ойыны ай сайын өткізіледі.

 

Несие беру шарттары:

Несие сомасы: 100 000-нан 5 000 000 теңгеге дейін
Несие мерзімі: 3-тен 60 айға дейін
Несиені ұйымдастыру үшін комиссия: 0% бастап

Қамсыздандыру: қажет емес

 

Толық ақпаратты алу үшін:  

  • 7000 нөміріне 100 мәтінімен SMS жіберіңіз. Құны - 7 теңге
  • Кодты термей-ақ, 585-496 телефон желісіне қоңырау шалыңыз (Алматы қ. үшін 258-54-96) 
  • Ұялы телефоннан 7111 тегін желісіне қоңырау шалыңыз
  • Call орталыққа - (727) 2585-444 қоңырау шалыңыз (Алматы қ. ішінде қоңырау тегін)

Артық төлемсіз несиеге ақша

кредитная карта

Му!Card – бүкіл әлем бойынша 25% дейін үнемдеуге болатын тиімді саяхаттарға арналған жаңа несие картасы!

  • QAZKOM клиенттері үшін бірінші жылы қызмет көрсету – 0 теңге
  • 45 күнге дейін пайызсыз кезең
  • Кез келген әуе билетінің құнынан 3% бонус
  • com бонусы 7%
  • Автоматты түрде жаңартылатын несие желісі
  • homebank.kz артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігі

Артық төлемсіз несиеге ақша

Артық төлемсіз несиеге ақша алғыңыз келе ме?

Артық төлемей, Qazkom-нан көп бонус алуға мүмкіндік беретін тиімді несие картасы – Сіз үшін оңтайлы жылдам шешім.

Qazkom-нан GoCard! Бонустық несие картасы – Сіздің ақшаңыздың жұмысының эксклюзивті және ерекше тиімді түрі.

  • 30 күнге дейін жеңілдікті кезең
  • Лимит сомасы – жаңартылады, револьверлік
  • Қамсыздандыру – қажет емес
  • Ақшаға қолжеткізу – Банктің АТМ желісінде 24/7
  • Көп Go!бонустар
  • Өтеу мен төлеудің ыңғайлы жүйесі

American Express® несие карталары – тиімді қаржы шарттарына, саяхатта артықшылықтарға, ыңғай мен сапалы сервиске қолжеткізу мүмкіндігі.

  • 60 күнге дейін пайызсыз кезең
  • CASHBACK қызметі
  • Икемді қаржы шарттары
  • Кең сақтандыру бағдарламасы

Тек қана 7.0.1. Клубының қатысушылары үшін банк серіктестерінің желісінде жұмсауға болатын, ай сайынғы 100 000 Гоу бонус ұтыс ойыны өткізіледі.

Несие картасын келесі амалдармен шығаруға болады:

  • 7000 нөміріне «7000» мәтінімен SMS жолдау. Құны – 7 теңге.
  • Ұялы телефоннан 7111 тегін желісіне қоңырау шалу. 24/7
  • 33-000-33* телефон желісіне қоңырау шалу (Алматы қ. қоңырау тегін)
  • Call орталыққа - (727) 2585-444 қоңырау шалу (Алматы қ. қоңырау тегін)

Саяхаттаушыларға арналған сигнализация


ОТИС күзет жүйелерінің жетекшісі сізге «Саяхаттаушыларға арналған сигнализация» атты бірегей қызметті пайдалануды ұсынады, ОТИС сіздің демалыста болған кезіңізде үйіңіздің және мүлкіңіздің амандығын қамтамасыз етеді. Сигнализацияны орнатқанда сіз КУЗЕТ қызметінің тегін шығуымен пультті күзеттің 1 айын аласыз.

Қызмет құны:

Пәтер үшін–айына 5900 теңге,

Жер үй үшін –айына 7000 теңге

ОТИС клиенттерінің тәулік бойғы қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, үйіңізді онлайн режимде бақылау үшін жеке кабинетті тегін пайдалану мүмкіндігін береді.

Ұсынысты пайдалану үшін компания өкілдеріне Клубтың бірегей қатысушысы кодын атау қажет.

Анықтама телефондары:
Алматы - +77272588393;
Астана - +77172588393.
http://www.otis.kz.


Автомобиліңізді Инфинити ауыстырыңыз


Қалыптылықты талғамға сай қуатқа ауыстырыңыз! 7.0.1 Клубының қатысушылары үшін ғана біз автомобиліңізді жаңа Инфинити ауыстыруды ұсынамыз! Ауыстырғындағы артықшылық 1 800 000 теңгеге дейін!

TERRA MOTORS Infiniti Астанадағы ресми Infiniti дилері болып табылады.

Дилерлік орталық Infiniti автомобильдерінің модельдік қатарын сатады, сервистік қызмет көрсетеді, түпнұсқа қосалқы бөлшектерді және Infiniti сувенирлік өнімін сатады, сондай-ақ жүрісі бар автомобильдерді жаңаларына ауыстырады.

Ұсыныс туралы толығырақ ақпаратты сіз төменде көрсетілген байланыс деректері арқылы ала аласыз.

Байланыс телефондары, мекенжайлары – Астана қ., Орынбор к-сі 19.
Тел.: +7 7172 76 94 94.


Mercedes-Benz жеңілдікпен сервистік қызмет көрсету

 

Біздің Серіктесіміз «Gold Star Motors» ЖШС Daimler AG ресми дилері Астана қаласындағы Mercedes-benz маркасының бірінші авто орталығы Клуб қатысушыларына үш жылдан жоғары автокөліктерге сервистік қызмет көрсетуге арнайы ұсынысты пайдалануды ұсынады. 701 Клубының қатысушылары үшін ғана сервистік қызмет көрсетуге 10 % және қосалқы бөлшектерге 5 % бірегей жеңілдік. Өндіруші зауыттың кепілдігінің шарттары, сатып алу көзіне қарамастан, барлық Mercedes-Benz автокөліктеріне тарайды.

Ұсынысты пайдалану үшін компания өкілдеріне Клуб қатысушысының бірегей кодын атауыңыз қажет.

Мекен-жайы: Астана қ., Тұран даңғылы, 53
Тел.: +77011999888, +77172276888