Сұхбаттасушы есебінен қоңырау шалу

Егер шотыңызда жеткілікті қаржы болмаса және Сізге дереу қоңырау шалу қажет болса, «Сұхбаттасушы есебінен қоңырау шалу» қызметін пайдаланыңыз. Бұл жағдайда сұхбат құны Сіздің сұхбаттасушыңыз үшін оның тарифтік жоспарына қатыссыз минутына 15 теңге құрайды. Қызмет барлық activ, Kcell абоненттеріне көрсетіледі.

 

1. Шақырылып отырған абонентті төмендегі форматта теріңіз:

  • 00077ХХХХХХХХХ
  • 00087ХХХХХХХХХ

Сұхбаттасушыңыз Сізді тану үшін атыңызды айтыңыз. Сұхбаттасушыңыз қоңырауды оның есебінен қабылдауды растаған жағдайда қосылыс жүргізіледі.


2. Төмендегі форматтардың бірінде шақырылып отырған абонент нөмірі бар USSD пәрменін теріңіз:

  • *133*77XXXXXXXXX#
  • *133*87ХХХХХХХХХ#

Бұл жағдайда Сіз +000 нөмірінен жауап қоңырауын аласыз. Ары қарай нұсқаулыққа жүгініңіз.

Қоңырау шалушы абонент нөмірінен қоңырау келіп түседі. Кіріс қоңырау туралы мәлімдемені толық тыңдап, сұхбатты төлеуге келіссеңіз - 1 басыңыз, келіспесеңіз – 2 басыңыз. Мәлімдемеден Сіз сондай-ақ қоңырау шалушы абоненттің атын ести аласыз (егер ол атын жазатын болса).

Егер Сіз осы қызмет ақылы кейбір абоненттерден қоңырау қабылдағыңыз келмесе немесе оларды тек таныстарыңыздан ғана қабылдағыңыз келсе, Сізде қоңырау шалушы абоненттердің тізімін Ақ тізімге немесе Қара тізімге енгізу мүмкіндігі бар.


Егер қоңырау шалушы нөмірі Қара тізіміңізге енгізілсе, Сіз осы абоненттен қоңырау қабылдамайтын боласыз. Нөмірді Қара тізімге енгізу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 11(бос орын)77XXXXXXXXX немесе 11(бос орын)87XXXXXXXXX (мысалы: 11 8701xxxxxxx). Нөмірді Қара тізімнен жою үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 12(бос орын)77XXXXXXXXX немесе 12(бос орын)87XXXXXXXXX (мысалы: 12 8701xxxxxxx). Енгізілген нөмірлер тізімін көру үшін 1331 нөміріне 13 деген мәтіні бар SMS жолдаңыз.


Егер қоңырау шалушы абонент нөмірі Ақ тізіміңізге енгізілген болса, Сіз осы қызмет арқылы қоңырауларды тек осы абоненттен ғана алатын боласыз. Нөмірді Ақ тізімге енгізу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 21(бос орын)77XXXXXXXXX немесе 21(бос орын)87XXXXXXXXX (мысалы: 21 8701xxxxxxx). Нөмірді Ақ тізімнен жою үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 22(бос орын)77XXXXXXXXX немесе 22(бос орын)87XXXXXXXXX (мысалы: 22 8701xxxxxxx). Енгізілген нөмірлер тізімін көру үшін 1331 нөміріне 23 деген мәтіні бар SMS жолдаңыз.


Бір уақытта тек Ақ тізімді не Қара тізімді іске қосуға болады. Егер Ақ тізім іске қосылып, ол бос болса, Сіз қызмет арқылы қоңырауларды қабылдамайтын боласыз. Қызмет арқылы қоңырауларды қайта қабылдау үшін Қара тізімді іске қосып, қажет жағдайда одан нөмірлерді жою қажет.


Қара немесе Ақ тізімді іске қосу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз:

«1» – Қара тізімді іске қосу үшін;

«2» – Ақ тізімді іске қосу үшін.


"Достар" опциясы*

Қызмет шеңберінде Сіз сондай-ақ арнайы «Достар» опциясын пайдалана аласыз. Бұл опция Сізге қоңырауларын қандай да бір мәлімдемесіз алуға мүмкіндік беретін нөмірлерді таңдауға мүмкіндік береді. Осы опцияны төмендегідей ретте пайдаланыңыз:

Нөмірді енгізу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 31(бос орын)77XXXXXXXXX немесе 31(бос орын)87XXXXXXXXX (мысалы: 31 8701xxxxxxx);

Нөмірді Достар тізімнен жою үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 32 77XXXXXXXXX немесе 32 87XXXXXXXXX (мысалы: 32 8701xxxxxxx);

Енгізілген нөмірлер тізімін көру үшін 1331 нөміріне 33 деген мәтіні бар SMS жолдаңыз.

«Достар» тобының ішінде сұхбат минутының орнықты бағасы өзгереді

Қоңырау шалушы абонент нөмірі «Достар» тізімінде болса, сұхбат минутының құны орнықты болып ескі бағасы 15 теңге орнына ҚҚС есебімен 7 теңге көлемінде орнатылады.

 

«Достар» тізімі бір уақытта Қара немесе Ақ тізіммен жұмыс істейді. Осы опция арқылы қосылған нөмірлер Ақ немесе Қара тізімге қарағанда басым болып, бірінші кезекте өңделеді.

Қоңырау шалушы абонент үшінТегін
Шақырылатын абонент үшін 15 тг/мин (секундтық тарифтік есептеу)*
Тізімдерді басқару Тегін

 

* Баға ҚҚС есебімен көрсетілген.

Шақырылатын абонент ақыны кез келген уақытта, оның ішінде егер абонентте дауыстық қоңыраулардың ескерілген көлемі бар қандай да бір қызмет қосылған жағдайда да төлейді.

Қызмет activ, Kcell абоненттері арасындағы қоңырауларға жарамды. Егер қоңырау шалушы абонент қызмет ақылы басқа ұялы операторлардың желілеріне қоңырау шалатын болса, шақырылатын абонент жауапсыз қалған қоңырау туралы мәлімдеме алады.

Қоңырау шалушы абоненттерге қызметті пайдалануға уақытша тыйым салынуы мүмкін. Бір сағат ішінде қоңырауынан 10 реттен астам немесе бір күн ішінде 30 реттен астам бас тартылған Абоненттерге осы сағатта/күнде қызметті пайдалануға уақытша тыйым салынады.

Сервис роумингте пайдалану үшін жарамсыз.

Қоңыру шалушы абонент қызметті нөмірінің толық бұғатталған жағдайларды қоспағанда оң не теріс қалпындағы теңгерімде пайдалана алады.

Төлем шақырылып отырған абоненттің негізгі дербес шотынан алынады, солай боал тұра дауыстық қоңыраулардың бонустық трафигі (бонустық минуттар, науқандық топтамалар, қызметтер топтамасы) жарамсыз болады.