Алушы есебінен SMS

Шотыңызда қаражат жеткіліксіз болып, сізге дереу SMS-хабарлама жолдау қажет болса, «Алушы есебінен SMS» қызметін пайдаланыңыз. Бұл жағдайда SMS-хабарламаны алуы алдын ала келісімнен кейін ғана оның тарифтік жоспарына қатыссыз бір SMS-хабарламаға 7 теңгеден төлейді. Қызметті барлық activ®, Kcell абоненттері пайдалана алады.

Алушы нөмірінің алдында SMS-хабарламада келесі форматта 000 теріңіз:

  • 00077ХХХХХХХХХ
  • 00087ХХХХХХХХХ

Сіз шотыңызға SMS-хабарлама алуға Push USSD-сұраным аласыз, бұл ретте егер Push USSD сессиясы аяқталған болса және сіз алуды растамасаңыз, сізге келесідей мәтіні бар SMS-хабарлама келеді: «77ХХХХХХХХХ SMS – 7 теңге құнын төлеуді сұрауда. SMS-хабарлама ақысын төлеуге келіссеңіз, 1 деп жауап беріңіз, келіспесеңіз, 2 деп жауап беріңіз.

Егер Қызмет арқылы кейбір абоненттерден SMS-хабарлама алғыңыз келмесе немесе оны достарыңыздан ғана алғыңыз келсе, сізде SMS-хабарлама жолдаушы абоненттердің нөмірлерін «Қара тізімге» немесе «Достар» тізіміне енгізу мүмкіндігі бар.

Егер жолдаушы нөмірі сіздің «Достар» тізіміңізге енгізілген болса, сіз осы абоненттен қандай да бір мәлімдемесіз Қызмет арқылы SMS-хабарлама алатын боласыз.

  • Нөмірді «Достар» тізіміне енгізу үшін 2363 қысқа нөміріне «A(бос орын)F(бос орын)77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS-хабарлама жолдаңыз (мысалы: A F 7701xxxxxxx).
  • Нөмірді «Достар» тізімінен алып тастау үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)F(бос орын) 77ххxxxxxxx» мәтінін жолдаңыз (мысалы: D F 7701xxxxxxx).
  • «Достар» тізімін жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)F(бос орын)0» SMS хабарламасын жолдаңыз (мысалы: D F 0).
  • Енгізілген нөмірлердің тізімін қарау үшін 2363 қысқа нөміріне «L(бос орын)F» SMS хабарламасын жолдаңыз (мысалы: L F).

Егер жолдаушы нөмірі «Қара тізімге» енгізілген болса, сіз Қызмет шеңберінде осы абоненттен SMS-хабарлама алмайтын боласыз.

  • Нөмірді «Қара тізімге» енгізу үшін 2363 нөміріне «A(бос орын)B(бос орын) 77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: A B 7701xxxxxxx).
  • Нөмірді «Қара тізімнен» алып тастау үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)B(бос орын)77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: D B 7701xxxxxxx).
  • «Қара тізімді» жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)B(бос орын)0» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: D B 0).
  • Енгізілген нөмірлердің тізімін қарау үшін 2363 қысқа нөміріне «L(бос орын)B» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: L B).

Жолдаушы үшін – тегін.

Алушы үшін – бір SMS-хабарламаға 7 теңге*.

Тізімдерді басқару – тегін.

* Баға ҚҚС есебімен көрсетілген.

Құны алушының тарифтік жоспарына, бонустық трафиктің болуына, қосылған SMS-топтамасы бар қосымша қызметке, сондай-ақ жолданған хабаралма ұзындығына қатыссыз орнықты болады.

Қызмет басқа операторлардың абоненттеріне SMS-хабарлама жолдау үшін жарамсыз. Қызмет бір ғана абоненттік нөмірге және activ® және Kcell абоненттеріне ғана SMS хабарлама жолдау үшін жарамды.

Қызмет роумингте пайдалану үшін ұсынылмайды.

Қызметті жолдаушы теңгерімінде қаражаттың жеткіліксіз болған жағдайында/қаражаттың болған жағдайында және алушы теңгерімінде қаражаттың болған жағдайында пайдалануға болады.

Жолдау лимиті күніне 70 SMS-хабарлама.

Жолдаушы абоненттің Қызметті пайдалануына уақытша тыйым қолданылады. Алушы SMS хабарламаларды өз есебінен алудан бас тартқан, яғни SMS-хабарламаны өз есебіне алуды бір сағат ішінде 5 рет немесе бір күнде 20 рет растамаған жолдаушы абоненттер осы қызметті аталған лимиттердің асырылуы тіркелген сәттен бастап уақытша бір сағат/күн пайдалана алмайды.

Төлем алушы абоненттің дербес шотынан алынады. Аванстық есеп айырысу тәртібінде Қызмет ақысы алушы абонент шотынан дербес шотта жеткілікті ақша қаражатының болған жағдайында алынады. Несиелік есеп айырысу тәртібінде Қызмет құны алушы абоненттің дербес шотынан несиелік лимит шеңберінде алынады.