Науқанға қатысу талаптары

Келісімге сәйкес, Компания абонентке абоненттік құрылғыны абоненттік құрылғының алғытөлем сомасы енгізілгеннен кейін және бірінші ай сайынғы төлем төленгеннен кейін табыстайды.

Абонент Науқанға скоринг – абоненттің оператор белгілеген төлем қабілеттілігі өлшемдеріне сәйкестігін тексеру - нәтижелері бойынша қосылады. Бұл ретте бір абонент (жеке тұлға) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша тек қана бір телефон сатып алуды рәсімдей алады, ол екінші телефонды толық құнына сатып ала алады.

Науқанға қосылған кезде Компания абонент нөмірінде «Базалық+» тарифтік жоспарын және қызмет топтамаларының бірін қосады. Тарифтік жоспарды басқа қолжетімді тарифтік жоспарға өзгерту Абоненттің Операторға тиісінше жазбаша өтініш беруі арқылы жүзеге асады.

Қызметтер топтамасы науқанның талаптарында көзделген ай сайынғы төлемдерді төлеген жағдайда, науқанға қосылған күннен бастап әр 30 күнтізбелік күн сайын берілетін дауыстық қоңыраулар минуттарының, SMS-хабарламалар мен интернет трафиктің белгілі бір көлемін қамтиды. Қызметтің науқандық топтамасын пайдаланғаннан кейінгі Оператордың байланыс қызметтерінің тарифтелуі, сондай-ақ Қызметтің Науқандық топтамасына кірмеген басқа да қызметтердің тарифтелуі «Базалық+» тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі, Тарифтік жоспарға кірмеген қосымша қызметтердің тарифтелуі Оператордың осындай қызметтерді пайдалану барысында әрекет ететін тарифтері бойынша жүргізіледі.

Қызметтің науқандық топтамасын дербес шоттың кез келген теңгерімінде, бірақ Ай сайынғы төлем толық көлемде алынған жағдайда, қолжетімді болады. Қызметтің науқандық топтамасының әрекет ету мерзімі: есептік мерзім, яғни абоненттің дербес шотынан Ай сайынғы төлемнің алынуы тиіс күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде. Әрекет ету мерзімінде пайдаланылмаған Қызметтің науқандық топтамасының көлемі келесі есептік кезеңге ауыстырылмайды. Тиісті есептік мерзімдегі қызметтің науқандық көлемі абонентке егер осы есептік кезеңде Ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынбаған болса, берілмейді.

Келісімшарттық кезеңнің ішінде Топтамалар мен Компанияның қосымша интернет-қызметтерін бір уақытта қосу мүмкін емес. Науқандық топтама бойынша бонустық трафикті тексеру *123*3*2#OK және/немесе *111*3#OK пәрменін теру арқылы жүргізіледі. Абонент өз бонустық трафигінің жұмсалуын өздігінен қадағалап, оның берілуін өздігінен тексереді. Бонустық трафик таусылғанда немесе бонустық трафик берілгенге дейін қаражат жұмсалғанда, тарифтік жоспар бойынша бонустық көлемнің таусылғандығы туралы уақтылы хабардар етпеген жағдайлардан басқасында, Компания абоненттің негізгі теңгерімінен жұмсалған шығындарын өтемейді.

Кепілдемелік қызмет


Абоненттік құрылғының кепілдемелік мерзімі — Абоненттік құрылғының Қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан былай — Акт) қол қойған сәттен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай. Кепілдемелік қызмет көрсету шарттары өндірушінің Интернет-ресурсында орналастырылған.

Осы актіге қол қойғаннан кейін Абоненттік құрылғы ақаулығы анықталған жағдайда Абонент Оператор ұсынған авторизацияланған сервис орталыққа хабарласуы қажет (авторизацияланған сервис орталықтарының мекенжайлары Оператордың Интернет-ресурсында келтірілген).


«Youtube+ WhatsApp+ Instagram Facebook ВКонтакте+Одноклассники+ Telegram+IMO тарифтеусіз пайдалану» науқаны

Назар аударыңыз! 28.02.2020 бастап науқанға қосылу мүмкіндігі жабық.

Бұрын қосылған Абоненттер Youtube+ WhatsApp+ Instagram тарифтеусіз пайдалану науқанын келісімшарттық кезең аяқталғанға дейін пайдалана алады! Youtube+ WhatsApp+Facebook+ ВКонтакте+Одноклассники+Telegram+IMO+Instagram тарифтеусіз пайдалану науқаны (бұдан әрі - «Науқан») қосылған «Contract_2», «Contract_3», «Contract_4», «Contract_5», «Contract_6», "Bundle_airpods_6s", "Bundle_airpods", "Bundle_airpods_wireless_6s", "Bundle_airpods_wireless", "S10_lite_bundle_cover", "S10_s10_plus_bundle_cover", "S10_bundle_watch" науқандық топтамалары бар activ абоненттері үшін «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлемнің алынған жағдайында әрекет етеді.
Науқанды өшіру *201# USSD тіркесі арқылы жүзеге асырылады.
Нөміріңізде науқанның қосылғанын тексеру үшін *201*3# теріңіз.

Науқанға қатысатын және қосылған абоненттерге төменде аталған барлық талаптар орындалған жағдайда, YouTube бейнесервисіне, WhatsApp мессенжеріне және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Одноклассники, Telegram+IMO қолданбасына/әлеуметтік желісіне тарифтелмейтін қолжетімділік беріледі:

1. «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынған жағдайда;

2. Абонент теңгерімінде Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик көлемінің қалдығы болған жағдайда (0-ден көп), бұл ретте activ.kz сайтында орналастырылған резервтеу ережелеріне сәйкес резервтелген интернет-трафик көлемі Науқан бойынша интернет-трафиктің қолжетімділігін анықтау мақсатында есепке алынбайды;

3. iOS пен Android-қа арналған «WhatsApp», «YouTube», «Instagram», Facebook, ВКонтакте, Одноклассники, Telegram, IMO ресми қолданбаларының өзекті нұсқалары арқылы интернетке шыққан жағдайда.

Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу (соның ішінде әлеуметтік желілердегі оқиғалар туралы хабарламаларды алу), бағдарламалық қамтамасыздандырудың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың фондық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді, InstagramStories, тікелей эфирлерді көру, сондай-ақ Whatsapp, Telegram, IMO арқылы қоңырау шалу кезінде интернет-трафик қызметтердің науқандық топтамасынан, бар болған жағдайда, қосымша интернет-қызметтерден (интернет-топтамалардан) жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік бонустық интернет-трафик көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі.

Интернет-трафикке тарифтелмейтін қолжетімділік Науқанға қосқан мезеттен бастап (Абонент осы Науқанның талаптарын сақтаған жағдайда) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша келесі белгіленген ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынатын күнге дейін қолданылады. «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем алынбаған кезде, Науқан бойынша интернет-трафик қолжетімді болмайды, оған қолжетімділік «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынғаннан кейін қалпына келеді. Науқан мен Науқан бойынша интернет-трафик әрекет ететін соңғы күн – 27/02/2020ж. Науқан бойынша интернет-трафикке қолжетімділік «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша келісімшарттық кезең аяқталған/тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.

Науқан бойынша интернет-трафик роумингте қолданылмайды.

Науқан бойынша қолжетімділік жылдамдығы 1,5 мбит/сек аспайды.

Науқан бойынша интернет-трафикті пайдалану кезінде activ.kz сайтында орналастырылған резервтеу ережелеріне сәйкес, интернет-трафикті жеке резервтеу жүргізіледі. Интернет-трафикті жұмсау басымдылығы: ең алдымен Науқан бойынша интернет-трафик, содан кейін қосымша топтамалар (абонент оларды қосқан жағдайда), ең соңында қызметтердің науқандық топтамасының трафигі жұмсалады.