Интернетпен бөліс

«Интернетпен бөліс» қызметі Сізге интернет-топтаманы басқа абонентке беруге мүмкіндік береді.

Трафикті жіберу үшін телефоныңыздан *454# теріп, берілетін трафик көлемін таңдаңыз және трафикті бергіңіз келетін абоненттің нөмірін енгізіңіз.

Трафикті екі activ абоненті арасында жіберуге болады. Трафикті өз нөміріңізге бере алмайсыз.

Трафикті беру үшін жөнелтушіден мынадай комиссия алынады («Келісімшарттық телефон» қызметі бар абоненттер үшін науқан - комиссия 0 теңге 30.06.2020 дейін қоса алғанда):

Берілетін интернет-трафиктің көлемі

Қызмет комиссиясы, теңге (ҚҚС-пен)

Интернет-трафикті жіберуге арналған USSD пәрмені

3ГБ

500

*454*1*4#

1ГБ

250

*454*1*3#

500МБ

150

*454*1*2#

100МБ

50

*454*1*1#

 

Трафикті беруге сұраным саны шектелмеген.

Берілген трафиктің әрекет ету мерзімі – алу сәтінен бастап 15 күн. Алушының басқа интернет-қызметтері болған жағдайда бірінші кезекте қолданылу мерзімі аз трафик жұмсалады.

Келесі трафикті беруге болады: тарифтік жоспардың құрамына кіретін трафик (егер тарифтік жоспарда күндізгі және түнгі трафикке бөлу көзделсе, онда күндізгі трафикті ғана беруге болады), «Келісімшарттық телефон» қызметі бойынша топтама құрамына кіретін трафик, сондай-ақ бір жолғы қосымша интернет-топтамалар бойынша трафик.

Келесі трафикті жіберуге болмайды: «Жылдық интернет», «Жартыжылдық интернет», «Тоқсандық интернет», «Жылдық интернет +», «Лимитсіз интернет», «Интернет +» қызметі шеңберіндегі welcome-бонус, сыйлық трафигі, түнгі интернет-трафик (ол көзделген тарифтерде), сондай-ақ жылдамдығы шектелген лимитсіз интернет ескерілген қызметтер бойынша, содай-ақ абонентке сыйлық науқандары, төтенше жағдайлардың т.б. шеңберінде берілген басқа да трафик.