Көшпелі сервис

Сізге енді ешқайда шығудың қажеті жоқ, біз сізге өзіміз келемі! «Жолығушы сервис» сіздің уақытыңызды ойлап, сізге өзіңізге ыңғайлы жерде қызмет көрсетуге дайын:

  • activ нөмірін сатып алу
  • SIM-картаны қалпына келтіру/ауыстыру
  • Өз нөміріңізді басқа мобильді операторлардан activ/Kcell желісіне ауыстыру

+7 727 258 8300, +7 727 258 8000 нөміріне қоңырау шалған жеткілікті, тәулік бойы, демалыссыз.

Қоңырау құны «Қазақтелеком» тарифтеріне сәйкес келеді.

  • 3030 - тәулік бойы, activ нөмірінен демалыссыз.
  • 9090 - тәулік бойы, Kcell нөмірінен демалыссыз.

Төмендегілер хабарлануы тиіс:

  • Жеткізілуі тиіс өнім/сервис атауы;
  • Қай қалада тұратыныңыз;
  • Байланыс телефоныңыз (сондай-ақ қандай да бір себеппен оператор сізге хабарласа алмаса, қосымша байланыс нөмірі).

Қызмет құны:

 

Астана

800 теңге

Алматы

800 теңге

Ақтөбе        

800 теңге

Түркістан

300 теңге

Төлем қызметті көрсету орнында Оператор дилеріне/курьеріне жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Қызмет келесі қалаларда қолжетімді:

  • Астана
  • Алматы
  • Ақтөбе
  • Түркістан

Біз қалалар тізімін әрі қарай кеңейту үшін жұмыс істеп жатырмыз. 

Өнім қала шеңберінде жеткізіледі (жеткізу ауданы қаланың әкімшілік шектерінен ерекшеленуі мүмкін).

Егер өтінім сағат 14.00 дейін берілсе, жеткізім сол күні жүргізіледі.

Егер өтінім сағат 14.00 кейін жасалса, жеткізім ағымдағы күні немесе келесі жұмыс күні жүргізіледі.

Ерекше жағдайлар орын алған болса, Абонент Өтінім түзілгеннен кейінгі 5 жұмыс күнінен аспайтын кез келген басқа мерзімге келісе алады.

Жеткізу барысында сізге өзіңіз таңдаған қызметке (тауарға) байланысты құжаттардың қажет тізімін қамтамасыз ету қажет.

Ескерту. Өтінім алынғаннан кейін сізге мекенжайды, уақытты және қажет құжаттар тізімін нақтылау үшін хабарласамыз.