Экстра баланс

Егер Сізде шотыңызды толтыру мүмкіндігі болмаса, Сіз activ ұсынған "Экстра баланс" қызметі бойынша нөмірдің іске қосылған мерзіміне байланысты 250, 350, 500, 750 немесе 1000 теңге көлеміндегі соманы ала тұра аласыз! Енді «Мобилді көмек» қызметі арқылы «Экстра Баланс» және «Авто Экстра Баланс» қызметтерінің қарыздарын өтей аласыз.

Толығырақ ақпаратты *911*1# нөмірінен алуға болады.

Қызмет бойынша Экстра Теңгерім алу үшін *911*1*3# теріңіз.

Егер Сіз бұл бетке activ мобильді интернетінен кірсеңіз, онда осы жерді басып, Сізге қолжетімді Экстра баланс сомаларын біліңіз

Экстра Баланс – бұл абонентке байланыс қызметтерін төлеу мерзімі ұзартылатын және Экстра Баланс сомасына байланыс қызметтерін пайдалану құқығын беретін қызмет. Қызметтің әрекет ету мерзімінде абоненттің дербес шотында Экстра Баланс сомасының қалдығы көрінеді. Экстра Баланс сомасы – Абоненттің ақшалай қаражатты енгізбестен Экстра Баланстың әрекет ету мерзімінде абонент пайдалана алатын байланыс қызметтерінің құнына тең Абоненттің дербес шотында уақытша көрсетілетін виртуалды сома. Байланыс қызметтерін көрсету шартын бұзған кезде Экстра баланс қарызын толық көлемде өтеу қажет.

"Экстра баланс" қызметін қостыра отырып абонент алынған Экстра теңгерім сомасы мен көлеміндегі қызмет құнының Экстра баланстың пайдаланылғанына не пайдаланылмағанына қатыссыз абонент нөмірін келесі толтырғаннан алынатындығымен келіседі.

"Экстра баланс" қызметін оны сұратқан сәтте төмендегі межелерге жауап беретін абонент пайдалана алады:

  • activ абонентінің нөмірі кем дегенде 3 ай бұрын іске қосылған;
  • Абонент теңгерімі соңғы 30 күнде кем дегенде 1 рет толтырылған;
  • Абоненттің ағымдағы теңгерімі минус 150 теңгеден басталып және одан жоғарыны құрайды;
  • Бұрын алынған "Экстра баланс" бойынша қарыз жоқ.

Қызметке қосылу сұранымын роуминг барысында пайдалану мүмкін емес.

Абоненттің абоненттік нөмірін іске қосу мерзімі1 3 айдан бастап 9 айдан бастап2 12 айдан бастап2 24 айдан бастап және одан астам2
(1 санат) (2 санат) (3 санат) (4 санат)
Қызметтің пайдалануға болатын сомасы(лары), теңге, ҚҚС есебімен 250 250 350 250 350 500 250 350 500 750 1000
Бір сұраным құны, теңге, ҚҚС есебімен 25 25 35 25 35 50 25 35 50 75 100

1 Іске қосу күні абоненттік нөмірді іске қосылған нөмірдің мүмкін болатын кейінгі қайта ресімделуіне қатыссыз абоненттік нөмірдің бастапқы іске қосылуы болып табылады.

2 Абоненттердің осы санаты үшін Қызметті 1 кестеге сәйкес пайдалануға болады. Қажет соманы Абонент сәйкес USSD-пәрмені арқылы таңдайды.

Қызмет шеңберінде алынған Экстра баланс сомасы және көлеміндегі қызмет құны абонент нөмірін келесі толтырғандағы сомадан алынады. Сіз шотты толтыру барысында қарыздың толықтай/жартылай өтелгені туралы автоматты ақпарат аласыз.

Әрекет мерзімі: Экстра баланс жүктелген сәттен бастап 5 күн бойы жарамды және оны activ абоненттеріне арналған барлық сервистерге жұмсауға болады.

Егер 5 күн ішінде Экстра Теңгерім сомасы және Қызмет құны толықтай өтелмейтін болса, шығыс байланыс қарыз толық өтелгенше жабылады.