Экстра мегабайттар

Ең қолайсыз сәтте интернет-трафик аяқталды ма? Теңгерімді толтыру мүмкін емес пе? «Экстра мегабайт» қызметімен сіз төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып 100, 250 немесе 500MB интернет-трафик ала аласыз және Online қалуға болады!

«Экстра мегабайттар» қызметінің басты мәзірі — *912#OK нөмірі бойынша қолжетімді.

Қызмет бойынша Экстра мегабайт алу үшін — *912*3#OK теріңіз.

Экстра мегабайттар — бұл сізге төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып қосымша интернет-топтаманы алуға мүмкіндік беретін қызмет. 199 теңгеге 100MB, 399 теңгеге 250MB және за 499 теңгеге 500MB алуға болады. Қызмет бойынша ұсынылған интернет-топтама қабылданған сәттен бастап 5 күн ішінде жарамды. Қызметтің құны сіз таңдаған интернет-топтамаға байланысты сіздің теңгеріміңізді келесі толтырғаннан кейінгі немесе қызметті қосудың 6-шы күніне қараған түні автоматы түрде шегеріледі. Қызметтің әрекет ету кезеңіндегі берешек және интернет-трафик қалдығын сіз *111*3#OK команда беру арқылы тексере аласыз. Көрсету үлгісі: Экстра мегабайттар қызметі бойынша ХХ.YY.ZZZZ дейін + 100MB. Экстра мегабайттар қызметі бойынша берешек — 199 теңгені құрайды.

«Экстра мегабайттар» қызметін қоса отырып, сіз Экстра мегабайттар пайдаланылмағанына немесе пайдаланылмауына қарамастан, қызмет құны сіздің теңгеріміздің келесі толықтырылу сомасынан немесе қызметті қосудың 6-ші күніне түнге автоматы түрде алынатындығына келісіміңізді білдіресіз.

Егер, сіз:

  • нөміріңіз 30 күн бұрын іске қосылған болса;
  • сізде бұрын алынған «Экстра мегабайттар» қызметі бойынша берешек жоқ болса;
  • сізде бұрын алынған «Экстра теңгерім» немесе «Авто Экстра теңгерім» қызметтері бойынша берешек жоқ болса қызметті қоса аласыз.

Егер «Экстра мегабайттар» қызметі сізде басқа интернет-қызметтермен немесе Интернет-трафик ұсыну шартымен тарифтік жоспармен бір мезгілде қосылған болса, бірінші кезекте әрекет ету мерзімі аз интернет-трафик жұмсалады.

«Экстра мегабайттар» қызметін қосқаннан кейін 5 күн ішінде сіз «Экстра теңгерім» немесе «Авто Экстра теңгерім» (бір қызметті бұғаттағанға дейін ғана) қызметін бір рет қоса аласыз.

«Эксатра мегабайттар» қызметінің құны «Мобильді көмек», «Экстра теңгерім» немесе «Авто Экстра теңгерім» қызметтері бойынша Сіздің теңгеріміңізге есептелген қаражаттан өтелуі мүмкін..

«Келісімшарттық телефон» акциясы аясында қызмет қосылуға қолжетімсіз.

«Экстра мегабайттар» қызметіне қосылуға сұраныс Роуминг режимінде қолжетімсіз.

Абоненттің абоненттік нөмірін активтеу мерзімі

30 күннен*

Интернет — трафиктің қолжетімді көлемі

100MB

250MB

500MB

ҚҚС есебімен қызмет құны

199 теңге

399 теңге

499 теңге

* Активтендірілген нөмірді қайта ресімдеу мүмкіндігіне қарамастан абоненттік нөмірді бастапқы активтендіру күні активтендіру күні болып табылады.

«Экстра мегабайттар» қызметінің құны сіздің нөміріңіздің келесі толықтырылу сомасынан немесе қызметті қосудың 6-шы күніне түнде автоматы түрде алынады. Сіз берешекті өтеу туралы хабарлама арқылы автоматы түрде хабардар боласыз.

Қолданылу мерзімі: «Экстра мегабайттар» алынған сәттен бастап 5 күн ішінде жарамды және шектеусіз кез келген WEB — ресурстарға пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін қызмет шеңберінде пайдаланылмаған интернет-трафик жойылады.

Егер 5 күн ішінде «Экстра мегабайттар» қызметінің құны толық өтелмесе, кіріс байланысы мен шұғыл қызметтердің нөмірлерін қоспағанда, байланыс қызметтерін ұсыну қызмет бойынша берешек толық өтелгенге дейін тоқтатылады.